§6. Берiлетiн микрокредиттер бойынша жылдық тиiмдi сыйақы мөлшерлемесiн
есептеу ережелері
68. МҚҰ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді:
1) Шартты жасау күніне;
2) Қарыз алушының ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;
3) Қарыз алушының ақшалай міндеттемелердің сомасының және (немесе) оларды
төлеу мерзімдерінің өзгеруіне әкелетін Шартқа қосымша келісімді жасау жолымен шартқа
өзгерістер мен қосымшаларды енгізу жағдайында жүргізеді.
69. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және
(немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы
Шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған
мәнін есептеу Микрокредит беру туралы Шарттың қолданылу мерзімі басталғанда Қарыз
алушы жүргізген микрокредит бойынша төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін
күнгі Микрокредитті өтеудің қалған мерзіміндегі берешек қалдығына қарай жүргізіледі.
70. МҚҰ берiлетiн микрокредиттер бойынша жылдық тиiмдi сыйақы
мөлшерлемесiн келесі формуламен есептейді:
ЖЖТСМ =
(С(СЖС + ТЖС) / (ЖБ / М)
12
100
М
мұндағы:
ЖТСМ – микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
СЖС – Микрокредит пайдаланудың мерзімі ішіндегі сыйақының жалпы сомасы;
ТЖС – Микрокредит пайдаланудың мерзімі ішінде Микрокредит беру, қызмет
көрсету және өтеу (қайтару) үшін комиссиялық және басқа төлемдердің жалпы сомасы;
ЖБ – Микрокредит пайдаланудың мерзімі ішіндегі микрокредит бойынша ай
сайынғы берешектер қалдықтарының жалпы сомасы;
М – ай сайынғы Микрокредитті өтеу мерзімі.
71. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз
алушының сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ микрокредитті беруге және қызмет
көрсетуге
байланысты,
осы
Еержелердің 72 және 73-тармақтарында көрсетілген
комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.
72. Заңды тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы
мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредитті беруге
және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз алушының мынадай комиссиялары мен
өзге де төлемдері:
1) микрокредитті ұйымдастыру /беру үшін;
2) Қарыз алушының Шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы
міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде
сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдерін қоспағанда, егер
сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша микроқаржы
ұйымы пайда алушы болса, қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына
төлемдері;
3) қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге),
кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
4) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген
құжаттардың микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру,
қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының
қарыз алушыларынан микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
15
қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына қарыз
алушының төлемдері кіргізіледі.
Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің
микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса,
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау
күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер
кіргізіледі.
Микрокредит беру туралы шартта көзделген және микрокредит беру туралы
шарттың жасалу күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер
нақты төлем жасалғаннан кейін Қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді
сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.
73. Жеке тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы
мөлшерлемесінің есебіне Шартты жасау күніне микрокредитті беруге және оған қызмет
көрсетуге байланысты қарыз алушының мынадай комиссиялары мен өзге де төлемдері:
1) микрокредитті ұйымдастыру /беру үшін;
2) Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша және кепіл берушінің
пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін
сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдерін
қоспағанда қоспағанда, егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты
бойынша микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, қарыз алушының сақтандыру
ұйымының пайдасына төлемдері;
3) қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге),
кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
4) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген
құжаттардың микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру,
қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының
қарыз алушыларынан микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды
қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына қарыз
алушының төлемдері кіргізіледі.
Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің
микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса,
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау
күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер
кіргізіледі.
Нақты төлемнен кейін немесе оларды микрокредитке қызмет көрсету кезеңіне
енгізгеннен кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеу жағдайында МҚҰ
есепке алатын комиссиялар мен төлемдер:
1) микрокредит беру талаптарын өзгерту үшін комиссия – жаңа редакциядағы
микрокредит өтеу кестесіне қол қойып, микрокредит беру туралы шарттың мерзімін
ұзарту (созу);
2) Шарт күшінде болатын мерзімді өзгертпей жаңа редакциядағы Микрокредит өтеу
кестесіне қол қойып, Шарт бойынша микрокредит беру талаптарын өзгерту үшін
комиссия;
3) микрокредит сомасын растау туралы анықтаманы Қарыз алушыға беру үшін
комиссия;
4) Қарыз алушының Шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы
міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде
сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдерін қоспағанда, егер
сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша МҚҰ пайда алушы
болса, қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
16
5) Қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге),
кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
6) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген
құжаттардың микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру,
қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының
қарыз алушыларынан микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды
қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына Қарыз
алушының төлемдері.
74. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде:
1) осы Ережелердің 72-тармағында және осы Ережелердің 73-тармағының 2), 3) және
4) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына
қарыз алушының төлемдері;
2) тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда,
Қарыз алушының Шарттың талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;
3) Қарыз алушының Шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы
міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде
сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізілмейді.
§7. Микрокредит беру
75. Микрокредит беру Қарыз алушымен шарт жасалғаннан кейін және Қарыз
алушының меншікті банктік шотына қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы ғана жүзеге
асырылады.
76. Егер микрокредит сомасы 500 000 (бес жүз) теңгеден аспаса, Қарыз алушының
келісімімен Қарыз алушыға алуға арналған кодты хабарлаумен банкоматтан аудару
арқылы микрокредит берілуі мүмкін.
§8. Кредиттік құжаттаманы қалыптастыру
77. МҚҰ әрбір берілген Микрокредит жүргізілуі электрондық түрде жүзеге
асырылатын Қарыз алушылардың тіркеу журналында тiркейдi.
78. Кредиттік құжаттама Қарыз алушымен МҚҰ бірінші Шартқа қол қою күнінен
жасалады. Кредиттік құжаттама МҚҰ бөлімдерінің жұмысын оңтайландыру үшін
электронды түрде жасалуы мүмкін.
79. Кредиттік құжаттамада келесі құжаттар болуы қажет:
1) Микрокредит беруге Өтініш/микрокредитті пайдалану мақсаттары (мақсатты
микрокредит берілгенде) туралы, құны көрсетілген Қарыз алушының микрокредитті өтеу
және сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге
берілген мүлік туралы немесе қамсыздандырудың жоқтығы туралы мәліметтер бар өтініш;
2) заңды тұлға - Қарыз алушының өкілетті органының микрокредит алу шешімі;
3) заңды тұлға – кепіл берушінің өкілетті органының Қарыз алушы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл нысанасын беру шешімі;
4) Қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшін);
5) Қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi
(жеке тұлғалар үшін);
6) Қарыз алушы өкiлiнiң микрокредит беру туралы шартқа қол қою өкiлеттiгiн
растайтын құжаттар;
7) Микрокредит беру туралы шарт;
8) егер берілген микрокредит мүлік кепiлiмен қамтамасыз етілген жағдайда –
Кепіл туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал
мүлік кепілін міндетті түрде тіркеген жағдайда – мүлік кепілінің тіркелу фактісін
растайтын құжаттар;
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
17
9) кредит тарихы субъектісінің кредиттік бюрода ол туралы мәліметтерді алуға
келісімі;
10) кредит тарихы субъектісінің кредиттік бюролардың кредит тарихы субъектісі
туралы есепті беруіне келісімі;
11) Қарыз алушының ол туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ
ақпаратты алуға келісім (жеке тұлғаларды кредит берген жағдайда).
80. Міндеттеменің орындалуы кепілдікпен немесе кепілдемемен қамтамасыз
етілген шағы несие бойынша Кредиттік құжаттамаға мынадай қосымша құжаттар қоса
берiледi:
1) кепiлдiк немесе кепілдеме шарты;
2) кепіл атынан кепiлдiк беру туралы шартына немесе кепілдеме беруші атынан
кепілдеме шартына қол қоятын өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
3) кепілгер немесе кепіл беруші – заңды тұлғаның Қарыз алушының
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде кепілді беру туралы шешімі.
81. Микрокредит бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелгенін
растайтын құжаттар (немесе олардың көшірмелері) Кредиттік құжаттамаға қоса берілуі
және Микрокредитті өтеу көзі (Қарыз алушы аударған не кепілге салынған мүлікті
сатудан түскен ақша) көрсетілуі тиіс.
82. Кредиттік құжаттама Қарыз алушының санатына және/немесе микрокредиттің
мақсатты арналуына тәуелді осы Ережелерде, сонымен қатар МҚҰ ішкі нормативтік
құжаттарында көрсетілген басқа құжаттардан да тұруы мүмкін.
83. Қарыз алушылардың кредиттік құжаттаманың сақтау мерзімі Қарыз алушының
Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаудан кейін және МҚҰ соңғы ақпаратты
кредиттік бюроларға берген күннен кейін 10 (он) жылды құрайды.
4-тарау. Мониторинг. Шарт талаптарының орындалуын бақылау
84. Микрокредит беруден кейін және Шартының шегінде Қарыз алушының
міндеттемелерін толық орындау кезіне дейін жылдам шешімді қабылдау жолымен және
ықтимал шығындарды жою бойынша қажетті шараларды ұйымдастыру жолымен
микрокредиттендіру тәуекелдерін анықтау және азайту мақсатымен МҚҰ жүйелі түрде
шарт талаптарының орындалуын бақылауын қосатын мониторингті өткізеді.
85. Мониторингті өткізу процессі келесі бағыттарда жүргізілуі мүмкін:
1) Қарыз алушының қаржылық күйінің мониторингі;
2) Микрокредит мақсатты түрде пайдаланудың мониторингі;
3) микрокредит бойынша қамсыздандыруды (бар болса) қамтамасыз ету;
4) мерзімі өткен төлемдерді өтеудің мониторингі.
86. Микрокредит мониторингі Кредиттік маманның келесі әрекеттерінен тұруы
мүмкін:
1) Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін микро-және
макроэкономикалық жағдай, құқықтық өріс, нарық конъюнктурасының және басқа да
факторларының дамуы есебімен Қарыз алушының әрекетін бақылау;
2) Қарыз алушымен байланысты үзбеу;
3) Қарыз алушының қаржылық күйін бақылау;
4) қаржыландырылатын жобаны, Кредиттік қаражаттарын мақсатты түрде
пайдалануды жүзеге асыруды талдау;
5) өте маңызды қаржы ақпаратты және құжаттарды жинақтау;
6) Қарыз алушыда пайда болған есептен жаңылысты, қателерді және
проблемаларды анықтау;
7) проблемаларды шешу жолдарын іздеу.
87. Қарыз алушының қаржылық күйінің мониторингі оның ағымдағы төлем
қабілеттілігі мен несие қабілеттілігінің талдауы негізінде микрокредит бойынша жүйелі
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
18
түрде, өз уақытында және толық көлемде төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігін бағалау
болып табылады.
88. Микрокредит мақсатты түрде пайдаланудың мониторингі жүргізіледі:
1) Несиені ресімдеуге ұсынылған құжаттарды, қаражаттарды пайдалану туралы
есептерді және Шарамен қарастырылған басқа да құжаттарды бақылау;
2) Сатып алу жерлерде және Микрокредит мақсатын орындау шегінде қарызға
алынған ақша сатып алуға бағытталған объектілердің орналасуын бақылау.
89. Микрокредит бойынша Кепілдік қамтамасыз ету бар болғанда оның
мониторингі кепіл затының бар болуын және ағымдағы күйін тұрақты бақылайды.
90. Кепілдік қамтамасыз етудың мониторингі кепілге алынған мүліктің бар болуын
орнату мақсатымен, сондай-ақ кепілдік затының құнын өзгеретін факторларды орнату
мақсатымен жүзеге асырылады, мысалы, кепіл затының жайының нашарлауы және
өтімділігінің төмендеуі.
91. Кепілдік қамтамасыз етудің мониторингі микрокредит бойынша кепілдік
затты
қамсыздандыруға
қабылдау
сәтінен
берілген
микрокредит
бойынша
міндеттемелерді тоқтату сәтіне дейін жүргізіледі.
92. Мерзімі өткен берешектердің мониторингі осы Ережелердің 6-тарауында
регламенттелген мерзімі өткен берешектерді қайтару бойынша шараларды орындайды.
5-тарау. Микрокредит берудің қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу
тәртібі
93. Микрокредит беру туралы Шарты бойынша қолданыстағы талаптарға
өзгерістерді енгізу Қарыз алушының жазбаша сұранысы негізінде ерікті пішінде
сұралатын өзгерістерді және олардың себептерін міндетті түрде белгілеумен жүргізіледі.
94. Қарыз алушы МҚҰ ұйымына несиелендіру шарттарын өзгерту туралы
сұранысымен жүктелген кезінде осы мәселені шешу МҚҰ өкілетті органымен
қабылданады, оның өкілетіне МҚҰ ішкі құжаттарымен сәйкес жоғары көрсетілген
сұрақты қарастыру кіреді.
95. Қаржыландырудың қолданыстағы шарттарға өзгерістерді енгізу туралы
шешімді қабылдау процедурасы осы Ережелердің 3-тарауында регламенттелген
Микрокредит беру туралы шешімді қабылдау процесіне сәйкес келеді.
6-тарау. Мерзімі өткен берешектермен жұмыс істеу, Микрокредиттің жіктелуі
және ықтимал шығындарды анықтау
96. Қарыз алушы Микрокредитті өтеу кестесін сақтамаған кезде оған Шарт
талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбы есептеледі, ол микрокредитті өтеу кестесіне
сәйкес микрокредитті өтеу күнінен кейінгі күннен бастап әрбір мерзімі өткен күнге
есептеледі.
97. МҚҰ кешіктірудің 31 (отыз бірінші) күнтізбелік күнінен бастап Қарыз
алушының кешіктірілген микрокредиті бойынша тұрақсыздық айыбын есептемейді.
98. Қарыз алушыда микрокредит бойынша мерзімі өткен төлемдері болса, МҚҰ
берешекті қайтару бойынша келесі жұмыстарды жүргізеді:
1) SMS-ескертулер;
2) электронды пошта арқылы хабарлау;
3) телефон соғу арқылы ақпараттандыру;
4) Қарыз алушымен байланысу және Қарыз алушымен кәсіби сұхбат
жүргізу;
5) несие берешектерін қайта қарау;
6) кепілге алынған мүлікті соттан тыс сату;
7) микрокредит бойынша қарыздықты сот тәртібінде төлету;
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
19
8) микрокредит бойынша талап ету құқығын үшінші тарапқа беру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа әдістерді
қолдану.
99. Мерзімі өткен микрокредит бойынша талаптар құқығын үшінші тұлғаға беру
МҚҰ Қарыз алушының келісімсіз жүзеге асыруға құқылы.
100. МҚҰ берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер
сыныптамасын жүзеге асырады.
101. Қорлардың мөлшерін анықтау кезінде МҚҰ Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының қаржылық нарықты және
қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау және қадағалау бойынша өкілетті органының
нормативтіқ-құқықтық актілерін, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының
(ХҚЕС) талаптарын, сондай-ақ өз есептік саясатын және «ХҚЕС стандарттарына сәйкес
микрокредиттерді жіктеу және резервтер құру туралы» ережені басшылыққа алады.
102. Қорлардың мөлшерін анықтау мақсаттары үшін микрокредиттер жеке және
ұйымдық негізінде бағаланады.
103. Жеке-жеке маңызды микрокредиттерді бағалау жеке негізде жүзеге
асырылады.
Жеке негізде микрокредиттерді бағалау негізінде жүргізілетін шарттар мен белгілер
«ХҚЕС стандарттарына сәйкес микрокредиттерді жіктеу және резервтер құру туралы»
ХҚЕС ережесіне сәйкес анықталады.
104. Жеке тәртіпте бағаланған және құнсызданудың объективті дәлелдері алынбаған
микрокредиттер несие тәуекелінің ұқсас сипаттамалары бар топқа қосылады, осыдан кейін
осы микрокредиттердің құнсыздануына ұжымдық негізде бағалау жүргізіледі.
105. Құнсыздануы жеке тәртіпте бағаланған және құнсызданудан болған шығын
мойындалған (немесе жойындалуы жалғасатын) микрокредиттер ұжымдық негізде
құнсыздану мәніне бағаланбауы керек.
106. Жеке құнсыздану бағасы жүргізілмеген барлық басқа микрокредиттер ұжымдық
негізде құнсыздану мәніне бағаланбауы керек.
107. Ұжымдық негіздегі қорлардың көлемін анықтау үшін микрокредиттер
Кредиттік тәуекелдерінің (біртекті Микрокредиттің қоржыны) сипаттамаларымен ұқсас
топқа бірігеді, олар Қарыз алушының Шарттың талаптарымен сәйкес тиісті соманы төлеу
қабілеттілігін көрсетеді.
108. Микрокредитті ң біртекті топқа бірігуінің негізі болатын шарттар мен белгілер
«ХҚЕС стандарттарына сәйкес микрокредиттерді жіктеу және резервтер құру туралы»
ХҚЕС ережесіне сәйкес анықталады.
109. Микрокредиттер қоржынға тек алдын ала ұсыну туралы Шартымен
бекітілген біртекті белгілері бойынша бірігеді. Микрокредитлендіру процесінде пайда
болатын Микрокредитті ң ерекшеліктері біртектіліктің белгісі болмайды.
110. Микрокредиттердің құнсыздануын бағалау, провизияларды құру жөніндегі
барлық басқа процедуралар есептік саясатта және «ХҚЕС стандарттарына сәйкес
микрокредиттерді жіктеу және резервтер құру туралы» ХҚЕС ережесінде сипатталған.
7-тарау. Микрокредитті өтеу тәртібі, микрокредит беру туралы шартты
мерзімінен бұрын бұзк және жабу тәртібі
§1. Микрокредитті өтеу әдістері
111. Өтеу кестетерін есептеу кезінде МҚҰ қарыздарды өтеудің келесі әдістерін
пайдаланады: сараланған төлемдер әдісі, аннуитетті төлемдер әдісі, Шарт күшінде
болатын мерзім соңында негізгі борышты өтеу әдісі, Қарыз алушы қызметінің
маусымдылығына қарай негізгі борышты өтеу бойынша каникулдары бар әдіс, берілген
«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Микрокредит беру ережелері
http://www.mfo.kz
20
сомаға пайызбен белгіленген төлем әдісі, Шарт бойынша төлем мен аннуитеттік
төлемдерді жылжыту әдісі.
112. Микрокредитлендіру бағдарламасы шегінде негізгі қарызды бөлек
микрокредит бойынша немесе барлық қарыздар бойынша өтеу мерзімділігі МҚҰ өкілетті
органымен орнатылады, оның өкілетіне МҚҰ ішкі нормативті құжаттарымен сәйкес
аталған мәселені қарастыру кіреді.
113. Бірінші және соңғы төлемдердің мөлшері басқалардан ерекше болуы мүмкін.
114. Микрокредит беру кезінен бірінші жоспарлық төлем арасындағы мерзімі 45
(қырық бес) күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Соңғы жоспарлық төлемнің күні Шартымен
келісілген Микрокредит толық өтеу күнінен ерте орнатылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |