«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


§2. Микрокредит бойынша төлем жасау тәртібі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10644
1   2   3   4
§2. Микрокредит бойынша төлем жасау тәртібі 

 

115.  Қарыз  алушыға  өтеу  кестесімен  сәйкес  микрокредит  бойынша  төлемдерді 



жүзеге асыру үшін белгілі бір күн тағайындалады.  

116.  Қарыз   алушы негізгі  қарызды,  есептелген  сыйақы  мен тұрақсыздық айыбын 

белгіленген мерзімде толық көлемде төлеу керек. 

117.  Қарыз  алушы  Микрокредитті    өтеу  бойынша  төлемдерді  ақшалай  немесе 

ақшасыз жолмен жүзеге асыруға құқылы.  

118.  Қарыз  алушы  Шарт  бойынша  төлеген  сома  Шарт  бойынша  Қарыз  алушының 

міндеттемелерін  орындау  үшін  жеткілікті  болмаса,  келесі  кезектілікте  Қарыз  алушының 

берешегін өтейді: 

1)      негізгі борыш бойынша берешек

2)      Сыйақы бойынша берешек; 

3)      Микрокредит бойынша кезекті төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелерін Қарыз 

алушының бұзғаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбы

4)      ағымдағы төлемдер кезеңі үшін негізгі борыш сомасы; 

5)      ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген Сыйақы; 

6)      орындауды алу бойынша МҚҰ шығыстары. 

Кешіктірілген 180 (жүз сексен) кезекті күнтізбелік күн өткеннен кейін Қарыз алушы 

Шарт бойынша төлеген сома Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау 

үшін жеткілікті болмаса, Қарыз алушының берешегі келесі кезектілікте өтеледі: 

1)      негізгі борш бойынша берешек; 

2)      Сыйақы бойынша берешек; 

3)      төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы; 

4)      ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы; 

5)    Қарыз    алушы  Микрокредит  бойынша  кезекті  төлемді  төлеу  бойынша 

міндеттемелерін бұзғаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбы; 

6)      орындауды алу бойынша МҚҰ шығыстары. 

Қарыз  алушы  заңды  тұлғамен/жеке  кәсіпкермен  жеке  кәсіпкерлік  мақсаттарындағы  

жасалған  шарт  бойынша  төлеген  төлем  сомасы  Қарыз  алушының  Шарт  бойынша 

міндеттемелерін  орындауы  үшін  жеткілікті  болмаса,  Қарыз  алушының  берешегі  келесі 

кезектілікте өтеледі: 

1)

 



орындауды алу бойынша МҚҰ шығыстары; 

2)

 



Шартпен анықталған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы; 

3)

 



сыйақы бойынша берешек; 

4)

 



негізгі борыш бойынша берешек; 

5)

 



төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы; 

6)

 



төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы. 

119.  Қарыз  алушы  Шарт  бойынша  кез  келген  соманы  төлеуді  кешіктірсе  (толық 

немесе бір бөлігін), МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес сыйақы мен тұрақсыздық 

айыбын есептеуді тоқтатуға құқылы. Бұл орайда, Қарыз алушы қандай да бір сомаларды 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

21 


төлеу  жөніндегі  міндеттемелерін  (бір  бөлігін)  орындағанда  МҚҰ  басқаша  анықтамаса, 

Қарыз  алушының  міндеттемелері  тоқтатуды  есепке  алмағанда  Шарттың  талаптарына 

сәйкес анықталады. 

120.  МҚҰ  шотына  төлем  есепке  қосылған  немесе  МҚҰ  кассасына  қолма-қол  ақша 

енгізілген күні МҚҰ айлық төлемді алған, ал Қарыз алушының міндеттемесі орындалған 

деп саналады. 

121.  Микрокредит  бойынша  соңғы  төлем  кезінде  Қарыз  алушының  Шарт  бойынша 

ағымдағы және мерзімі кешіктірілген берешегі болмаса, МҚҰ Қарыз алушының жазбаша 

өтінішінің негізінде алдын ала төлем сомасын Қарыз алушыға қайтаруға міндетті. Қайтару 

Қарыз  алушының    банктік  шотына/картасына  ақша  аудару  немесе  Қарыз  алушыға  ақша 

алуға арналған кодты хабарлаумен банкоматқа ақша аудару арқылы жүргізіледі. 

 

§3. Берілген микрокредит бойынша сыйақы төлеу тәртібі 



 

122.    Микрокредит  берумен  байланысты  кез  келген  төлемдерді  МҚҰ  Микрокредит 

ұсынудан кейін және ұсыну кезінде алады. 

123.  Сыйақы  өтеу  кестесіне  сәйкес  Қарыз  алушымен  ақшалай  немесе  ақшасыз 

жолмен төленеді. 

124.  Микрокредитлендіру  бағдарламасы  шегінде  сыйақыны  бөлек  микрокредит 

бойынша  немесе  барлық  қарыздар  бойынша  өтеу  мерзімділігі  МҚҰ  өкілетті  органымен 

орнатылады, оның өкілетіне МҚҰ ішкі нормативті құжаттарымен сәйкес аталған мәселені 

қарастыру кіреді. 

 

§4. Микрокредит бойынша жоспардан тыс төлем енгізу тәртібі 



 

125.  Кредиттік процесс шегінде рұқсат етіледі: 

1)     толық мерзімінен бұрын өтеу; 

2)     ішінара мерзімінен бұрын өтеу. 

126.    Несие  берешегін  мерзімінен  бұрын  толық  өтеу  есебіне  Қарыз  алушы  енгізген 

ақша  қаражаты  жеткілікті  болғанда  МҚҰ  Шартты  жабады.  Мұндай  жағдайда  Шарттың 

жабуға Қарыз алушының өтініші талап етілмейді. 

127. Төлемнің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу есебіне жоспардан тыс төлемдерді 

жасау  үшін  Қарыз  алушы  МҚҰ  ұйымына  белгілі  мерзімде  белгілі  соманы  Кредиттік 

берешектің  қалдығының  бір  бөлігін  мерзімінен  бұрын  өтеудің  есебіне  төлеу  туралы 

жазбаша  өтінішті  ұсынады.  Берешектің  бір  бөлігін  мерзімінен  бұрын  өтеу  туралы 

өтінішке  МҚҰ  басшылығының  визасы  болуы  қажет,  сондай-ақ  төлемнің  бір  бөлігін 

мерзімінен бұрын өтеу бойынша өкілетті органмен және/немесе МҚҰ өкілетті органымен 

шешім қабылдау міндетті емес. 

128.    Берешекті  ішінара  мерзімінен  бұрын  өтеу  жағдайында  келесі  шаралар  жүзеге 

асырылады: 

1)        өтеу      кестесі      қайта      қарастырылады:      төлемнің      сомасының    сақталуымен 

несиелеу мерзімі қысқарады немесе төлемнің сомасын азаю жағына қайта есептеу кезінде 

несиелеу мерзімі сақталады

2)     МҚҰ Қарыз алушымен бірге Шарттың қосымша келісіміне және өтеудің жаңа 

кестесіне қол қояды, сонымен қатар жаңа кестенің төлем мөлшері алдағы кестенің төлем 

мөлшерінен артық болмауы тиіс. 

129.   Төлемді аудару өтеу кестесі бойынша жоспарлық сомасынан артық мөлшерде 

жүзеге  асырылса  ішінара  мезгілден  бұрын  микрокредитті  өтеу  туралы  жазбаша  өтініш 

болмаса, жоспарлық төлемнен асатын сома келесі төлем периодта  Микрокредитті өтеуге 

есептелінеді.  

130. Мезгілден бұрын толық өтеуден кейін Шарттың  қызметі аяқталады және МҚҰ 

осы тараудың §6 ескерілген тәртібімен оны жабады. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

22 


 

§5. Микрокредит беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі 

 

131.  Қарыз  алушы  тауар  берілген  күннен  бастап  14  (он  төрт)  күн  ішінде  тиісті 



сападағы азықтық  емес тауарды қайтарса  (бірақ тауар тұтынылмаған болуы керек, тауар 

күйі,  тұтыну  қасиеттері,  пломбалары,  ярлыктары,  сондай-ақ  сауда  ұйымында  тауардың 

сатып  алыну  фактісін  растайтын  құжат  сақталған  болуы  керек)  (бұған  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сәйкес  айырбасталмайтын  немесе  қайтарылмайтын 

азықтық  емес  тауар  жатпайды)/тауарға  белгіленген  кепілдікті  мерзім  (тауардың 

жарамдылық  мерзімі)  ішінде  тиісті  сападағы  тауарды  қайтарса/сауда  ұйымының  шарт 

талаптарын  бұзуына  байланысты  жұмыстарды  орындау  (қызметтер  ұсыну)  туралы 

шарттан бас тартса, Шартты мерзімінен бұрын бұзудың келесі тәртібі қарастырылған: 

1)

 

Қарыз  алушы  сауда  ұйымына  тауарды  қайтару  туралы  өтінішті  және  тауарды 



береді; 

2)

 



сауда ұйымы Қарыз алушыдан тауарды қабылдайды және тауардың қайтарылу 

фактісін,  сауда  ұйымы  тарапынан  Қарыз  алушыға  қойылатын  талаптардың  жоқтығын 

растайтын хатты МҚҰ жібереді; 

3)

 



сауда  ұйымы  тауар  үшін  төленген  алғашқы  жарнаны  (болса)  Қарыз  алушыға 

қайтарады; 

4)

 

сауда ұйымы МҚҰ тауар үшін төлеген ақша сомасын МҚҰ шотына қайтарады; 



5)

 

Қарыз  алушы  МҚҰ  тарифтерімен  қарастырылған  есептелген  сыйақы  мен 



комиссиялар бойынша берешекті толық өтейді; 

6)

 



Қарыз  алушы  Шартты  мерзімінен  бұрын  бұзу  туралы  МҚҰ  жазбаша  өтініш 

береді,  Шарт  бойынша  есептелген  сыйақы  мен  комиссиялардың  толық  төленуін 

растайтын құжаттарды береді. Қарыз алушының Шарт бойынша алдын ала төлемі болса, 

МҚҰ  Қарыз  алушының  жазбаша  өтінішінің  негізінде  алдын  ала  төлем  сомасын  Қарыз 

алушыға  қайтаруға  міндетті.  Қарыз  алушының  банктік  шотына  ақша  аудару  арқылы 

қайтарылады; 

7)

 

бірақ  осы  тармақтың  4)-6)  тармақшалары  орындалса,  Шарт  бұзылды  деп 



есептеледі. 

 

§6. Микрокредит беру туралы шартты жабу тәртібі 



 

132.  Берешекті    толық  мөлшерде  өтеу  шартында  кепілге  меншіктік    құқығын 

орнататын  құжаттардың  түпнұсқалары  Кредиттік  әкімшісімен  сақтау  жерінен  алынады 

және  Кредиттік  маманға  беріледі.  Кредиттік  маман  құжаттардың  түпнұсқаларын  Қарыз 

алушыға  /  Кепіл  берушіге  береді,  сондай-ақ  Қарыз  алушы  /    Кепіл  беруші  Кредиттік 

маманға қабылданған құжаттарының тізімі туралы қолхатты береді. 

133.  Қарыз  алушыға  /  Кепіл  берушіге  кепілге  меншіктік  құқығын  орнататын 

құжаттардың  түпнұсқаларын  қайтарумен  бірге  Кредиттік  маман  Қарыз  алушыға  /  Кепіл 

берушіге кепілді тіркеуі жүргізілген кепілге алынған мүліктен ауыртпалықты жою туралы 

тіркеуші органдарға бағытталған хатты береді. 

134.  Қарыз  алушы  /  Кепіл  беруші  кепілді  тіркеуі  жүргізілген  кепілге  алынған 

мүліктен  ауыртпалықты  жою  туралы  тіркеуші  органдарға  бағытталған  хатты  береді. 

Ауыртпалықты жоюдың осы процедурасы Қарыз алушы / Кепіл беруші қаражаттарының 

есебінен жүзеге асырылады. 

135.  Қарыз алушы Шарт  бойынша барлық міндеттемелерді  орындау, соның ішінде 

Шарт  бойынша  берешекті  толық  көлемде  өтеу  шартында  МҚҰ  Шартты  жабуын  жүзеге 

асырады. 

136.  Шарт  жабылғаннан  кейін  өтелген  микрокредитге  сәйкес  келетін  Кредиттік 

құжаттама  МҚҰ  мұрағатына  тапсырылады.  Кредиттік  құжаттаны  сақтау  мерзімі  10  (он) 

жылды құрайды. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

23 


 

8-тарау. Микрокредит қатысушыларының құқықтары мен міндеттері  

 

§1. МҚҰ құқықтары мен міндеттері 

 

137.  МҚҰ міндетті: 

1)

 

орналасқан    жері  өзгерген  не  атауы  өзгерген  жағдайда  бұл  туралы  уәкілетті 



органды,  сондай-ақ  Арыз  берушілерді  /  Қарыз  алушыларды  МҚҰ  орналасқан  жері 

бойынша,  сондай-ақ  жеке  тұлға  –  Арыз берушінің  /  Қарыз  алушының  заңды  мекенжайы 

және  заңды  тұлға  –  Арыз  берушінің  /  Қарыз  алушының  орналасқан  жері  бойынша  екі 

ресми баспа басылымында, қазақ және орыс тiлдерiнде тиiстi ақпарат жариялау жолымен 

немесе  өзгерістер болған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей, әрбір 

Арыз  берушіні  /  Қарыз  алушыны  жазбаша  хабарландыру  жолымен  жазбаша  хабардар 

етуге; 

2)

 



Микрокредитті    беру  ережелерiнiң  көшiрмесiн  Арыз  беруші  /  Қарыз  алушы 

көріп, таныса алатын жерлерде, соның ішінде, болған жағдайда, МҚҰ  интернет-қорында 

орналастыруға; 

3)

 



Арыз берушіге / Қарыз алушыға Микрокредит алумен байланысты құқықтары 

мен міндеттері, Шарттың талаптары, оның талаптарын өзгерту мүмкіндіктері мен тәртібі, 

микрокредитті  алумен,  қызмет  көрсетумен,  қайтарумен,  Шарт  талаптарын  бұзумен 

байланысты барлық төлемдердің тізімі және мөлшері туралы ақпаратты беруге;  

4)

 

Арыз берушіге / Қарыз алушыға Шарт жасалғанға дейін келесі өтеу әдістерімен 



есептелген  микрокредитті  өтеу  кестелерінің  жобаларын  беруге:  әртараптандырылған 

төлемдер әдісімен және аннуитетті төлемдер әдісімен; 

5)

 

уәкілетті  органның  нормативтік  құқықтық  актісімен  белгіленген  тәртіпке 



сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептегенде есепке 

алынған  комиссиялар  мен  басқа  төлемдер  қарастырылмаған,  микрокредит  беру 

талаптарын  таңдау  үшін  Шарт  жасағанға  дейін  кәсіпкерлік  қызметпен  байланысты  емес 

жеке тұлғаға – Арыз берушіге беру, сыйақы мөлшерлемесінен басқа микрокредит берумен 

және қызмет  көрсетумен байланысты, Шартпен қарастырылған комиссияларды, басқа да 

төлемдерді өндіріп алу; 

6)

 

микрокредитті  өтеу  әдісімен  танысу  және  таңдау  үшін  Шарт  жасағанға  дейін 



түрлі  әдістермен  есептелген  өтеу  кестелерінің  жобаларын  Арыз  берушіге  беру.  Міндетті 

түрде  МҚҰ  Қарыз  алушыға  келесі  өтеу  әдістерімен  есептелген  микрокредитті  өтеу 

кестелерінің жобаларын ұсынуға міндетті: 

-

 



сараланған төлемдер әдісімен. 

-

 



аннуитетті төлемдер әдісімен; 

7)

 



қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған 

кірістерді  заңдастыруға  (жылыстатуға)  және  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-

қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға; 

8)

 



Шарт  талаптарында  және  сома  шегінде  Қарыз  алушыға  микрокредит  беру 

арқылы оны қаржыландыруға

9)

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микрокредит беру  құпиясын 



сақтауға; 

10)


 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  МҚҰ  микрокредит  беру 

ережелерімен,  жасалған  Шарттың  талаптарымен  белгіленген  басқа  талаптарды 

сақтауғаҚазақстан  Республикасы  заңнамасымен  сәйкес  Микрокредит  беру  құпиясын 

сақтауға. 

138.   МҚҰ құқылы: 

1)          Қазақстан    Республикасының      азаматтық      заңнамасына    сәйкес    қамтамасыз  

етілген не қамтамасыз етілмеген Микрокредитті  беруге; 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

24 


2)      SMS-ескертудің,  электронды  поштаға  хаттардың,  телефон  қоңырауларының 

көмегімен  Қарыз  алушыға  кредит  берешегін  алдағы  өтеу  туралы,  сондай-ақ  Қарыз 

алушыға  берілген  микрокредитпен  байланысты  басқа  шараларды  атқару  қажеттілігі 

туралы Қарыз алушыға ескертуге; 

3)     Қарыз алушының жазбаша келісімі болғанда кредиттік бюролар және кредиттік 

тарихты  құрастыру  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген 

тәртіпте  және  талаптарда  кредиттік  бюро  қызметін  атқару  құқығына  лицензиясы  бар 

кредиттік  бюроларда  кредиттік  тарихты  құрастыру  үшін  қажетті  Қарыз  алушы  туралы 

ақпаратты беруге; 

4)      Қарыз алушының жазбаша келісімі болса, кредиттік бюролардан, «Азаматтарға 

арналған үкімет» МК» КЕАҚ, басқа ұйымдардан ақпарат сұрауға /алуға;   

5)  мемлекеттік  органдардың  және  осындай  ақпарат  алуға  нотариуспен 

куәландырылған сенімхаты бар Қарыз алушы өкілдерінің сұраулары бойынша Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  тәртіпте  және  талаптарда  Қарыз  алушы, 

микрокредиттердің мөлшерлері, Қарыз алушыға қатысты Шарттың басқа талаптары, МҚҰ 

жүргізетін  операциялар  туралы  ақпаратты  беруге.  Қарыз  алушының  жазбаша  келісімі 

болғанда үшінші тұлғаға микрокредит беру құпиясын ашуға; 

6)        Қарыз  алушының  жазбаша  келісімі  болғанда  оның  жеке  деректерін  тексеруге 

және өңдеуге; 

7)     қалауы бойынша МҚҰ микрокредит беру ережелерімен қарастырылған тәртіпте 

жойып, Қарыз алушының жеке деректерін өңдеуді тоқтатуға; 

8)     кредиттік бюроларға теріс ақпарат беруге, берешек 180 (жүз сексен) күнтізбелік 

күннен  көп  уақытқа  кешіктірілген  бөлігінде  кредиттік  тарихтың  субъектісі  туралы 

кредиттік бюролар берген теріс ақпаратты алуға; 

9)      Қарыз  алушыдан  жасалған  Шартқа  сәйкес  қабылданған  барлық  міндеттерді 

тиісті түрде орындаудан талап етуге; 

10)    микрокредит  бойынша  мерзімі  кешіктірілген  төлемдер  болғанда  берешекті 

қайтару бойынша жұмыс атқаруға, соның ішінде келесі жолдармен: 

-  

SMS-ескерту. 



электронды пошта арқылы хабарлау. 

ақпараттық телефон қоңыраулары. 



Қарыз алушымен сөйлесу және кәсіби әңгіме құру. 

кредит берешегін қайта құрылымдау. 



кепіл мүлкін соттан тыс тарату. 

сот тәртібінде микрокредит бойынша берешекті өндіріп алу. 



микрокредит бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беру. 

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа әдістер;  



11)      келесі  жағдайларда  Қарыз  алушының  микрокредитті  мерзімінен  бұрын  өтеуі 

және  сыйақыны  төлеуі  және  Шарт  бойынша  есептелген  тұрақсыздық  айыбын  Қарыз 

алушының төлеуі бойынша шаралар қабылдауға: 

- микрокредитті мақсатсыз қолдану; 

-    Қарыз  алушының  МҚҰ-на  сыртқы  кредитордан  қарыз  берешегінің  жоқ  екендігі 

туралы  анықтаманы  беру  міндеттемесін  20  (жиырма)  жұмыс  күнінен  артық  мерзімге 

бұзуы,  МҚҰ  Қарыз  алушыға  мақсатты  арналуымен  микрокредит  берген  кезде  –  Қарыз 

алушының қарызды сыртқы кредиторда қайта қаржыландыруы; 

-  Қарыз  алушының  микрокредит  бойынша  кезекті  төлемді  төлеу  бойынша 

міндеттемесін 40 (қырық) күнтізбелік күннен аса бұзуы. 

12)    SMS-ескертудің,  электронды  поштаға  хаттардың,  телефон  қоңырауларының 

көмегімен  Қарыз  алушыға  акциялар,  жаңа  ұсыныстар,  МҚҰ  маркетингтік  қызметінің 

шеңберінде басқа ақпарат туралы хабарлауға


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

25 


13)      МҚҰ  қолданыстағы  тарифтерімен  қарастырылған  және  Шартта  көрсетілген 

микрокредитті  берумен  және  қызмет  көрсетумен  байланысты  комиссияларды  өндіріп 

алуға; 

14)   Арыз берушінің / Қарыз алушының / Кепіл берушінің (болса) бейнесін түсіруге, 



сонымен  қатар  микрокредит  беру  процессін  бақылау  мақсатында  сұхбат  жүргізу  кезінде 

аудио  және  бейне  жазу  жүргізуге,  аталған  әрекеттер  туралы  Арыз  берушіге  /  Қарыз 

алушыға / Кепіл берушіге (болса) ескетілуі керек; 

15)      Микрокредит  беруге  Өтінішті  қарастыру  кезеңінде  Микрокредит  беруден  бас 

тартуға; 

16)    Шартты жасаудан бас тартуға; 

17)    Қарыз  алушы  туралы  және  ол  жасасқан  Шарт  туралы  ақпараттан  тұратын 

Кредиттік дерекнаманы қалыптастыруға; 

18)      Қарыз    алушының    және    МҚҰ    алдындағы  міндеттемелердің  мониторингін 

жүзеге асыруға, соның ішінде Шартты орындауды бақылауға; 

19)    Мониторингтің        нәтижесі    бойынша    қорытынды    жасауға    және      оны 

мониторингтің  нәтижесінде  алынған  барлық  құжаттарымен  қоса  Кредиттік  дерекнамаға 

орналастыруға; 

20)    Микрокредит  бойынша  мерзімі  өткен  төлемдері  болса,  берешекті  қайтару 

бойынша  жұмыстарды,  соның  ішінде  осы  Ережелердің  98-тармағында  көрсетілген 

шараларды жүзеге асыруға; 

21)        Арыз      берушінің    /  Қарыз  алушының    /  Кепіл    берушінің    (болса)    бейнесін 

түсіруге, сонымен қатар микрокредит беру процессін бақылау мақсатында сұхбат жүргізу 

кезінде  аудио  және  бейне  жазу  жүргізуге,  аталған  әрекеттер  туралы  Арыз  берушіге  / 

Қарыз алушыға / Кепіл берушіге (болса) ескетілуі керек; 

22)  Қарыз  алушы  микрокредитті  пайдаланған  кезеңде  МҚҰ  қолданыстағы 

талаптарына  Қарыз  алушының  сәйкестігіне  жүргізілген  тексеру  нәтижелері  бойынша 

МҚҰ анықтаған сомаға микрокредитті Қарыз алушыға жаңғыртуға; 

23)        Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен  орнатылған 

шектеулері  есебімен  микро  қаржыландыру  қызметімен  қатар  басқа  да  қызметті  жүзеге 

асыруға; 

24)  Қазақстан    Республикасының    заңнамасына  және  жасалған  Шарт  талаптарына 

сәйкес басқа құқықтар. 

139.  МҚҰ құқықсыз: 

1) 


сыйақы мөлшерлемесін (төмендеу жағдайларын есептемегенде) және  (немесе) 

микрокредитті өтеу әдісі мен тәсілін, сондай-ақ Шартқа қол қойылған күні қолданылатын 

микрокредиттерді  берумен  және  қызмет  көрсетумен  байланысты  тарифтер  мен 

комиссиялардың  мөлшерлерін  (төмендеу  жағдайларын  есептемегенде)  бір  тарапты 

тәртіпте өзгертуге

2) 


Қарыз  алушыға  толығымен  немесе  бір  бөлігі  МҚҰ  мерзімінен  бұрын 

қайтарылған  микрокредит  сомасына  микрокредитті  мерзімінен  бұрын  қайтару  үшін 

айыппұл санкцияларын қолдануға. 

 

§2. Арыз берушінің құқықтары мен мiндеттерi 



 

140.  Арыз беруші міндетті: 

1)      микрокредит беру туралы шешім қабылдау үшін МҚҰ сұрайтын құжаттар мен 

деректерді ұсынуға; 

2)      Қазақстан  Республикасы  заңнамасымен,  Үлгі  талаптармен  және  жасалған 

Шарттың талаптарын сәйкес басқа міндеттемелерді жүргізуге. 

141.  Арыз беруші құқылы: 

1)    осы  Ережелермен,  Үлгі  талаптармен  және  МҚҰ  микрокредиттер  беру 

тарифтерімен танысуға; 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

26 


2)        Микрокредит  алуға,  оған  қызмет  көрсетуге  және  оны  қайтаруға  байланысты 

барлық төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда, микрокредит беру тәртібі мен шарттары 

туралы толық және анық ақпарат алуға;  

3)        Шартқа  қол  қойғанға  дейін  кез  келген  кезеңде  Микрокредит        беру      туралы   

шартқа  қол  қоюдан   бас  тартуға; 

4)        Қазақстан    Республикасының  заңнамасымен,  Үлгі  талаптармен  және  жасалған 

Шартының талаптарымен сәйкес басқа құқықтар. 

 

9-тарау. Құпиялылық 

 

§1. Дербес мәліметтер 

 

142.  Микрокредит  ұсынуға  Өтінішті  беру  кезінде  Арыз беруші  МҚҰ ұйымына 

өзінің  дербес  деректерін  (МҚҰ  қабылданған  ақпараттар  мен  құжаттар)  тексеруге  және 

өңдеуге,  нақтырақ  айтқанда  оларды  жинақтауды,  тексеруді,  жүйелендіруді,  сақтауды, 

айқындауды  (жаңартулар,  өзгертулер),  пайдалануды,  дара  биліктен  айыруды, 

оқшаулауды, жоюды жүзеге асыруға жазбаша рұқсатын береді. 

143.  Шартқа  қол  қою  кезінде  Қарыз  алушы  өзінің  дербес  деректерін  өңдеуге 

жазбаша түрінде рұқсат береді. 

144.    МҚҰ  қалауынша  және  белгіленген  мерзімінен  бұрын  дербес  деректерді  жою 

арқылы өңдеуді тоқтатуға құқылы. 

145.  МҚҰ келесі жағдайларда жеке деректерді жоюы тиіс: 

1)        жинау    және    өңдеу    мақсатына  жету  күнімен  анықталған  деректерді  сақтау 

мерзімі аяқталса; 

2)     Қарыз алушы мен МҚҰ арасындағы құқықтық қатынастар тоқтаса

3)     сот шешімі заңды күшіне енсе; 

4)     Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа жағдайларда. 

146.  Қарыз  алушы Микрокредит және ол бойынша есептелген сыйақыны өтеу күнді 

90  (тоқсан)  күнтізбелік  күннен  асатын  мерзімде  бұзған  кезінде  МҚҰ  берешекті  төлетуге 

үшінші  тарапты,  соның  ішінде  барлық  қажетті  құжаттар  мен  ақпаратты  ұсынумен 

коллекторлық агенттіктерді шақырады. 

 

§2. Микрокредит беру құпиялылығы 

 

147.  МҚҰ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  орнатылған  жағдайлардан 

басқа  Қарыз алушылардың операциялары туралы құпияны сақтауға кепіл береді. 

148.  Микрокредит  беру  құпиясы  Қарыз  алушылар,  Микрокредиттің  мөлшерлерi 

туралы,  Қарыз  алушыға  қатысты  микрокредит  беру  туралы  шарттың  өзге  де  талаптары 

туралы  және  МҚҰ  операциялары  туралы  (Микрокредит  беру  ережелерін  қоспағанда) 

мәлiметтердi қамтиды. 

149.  Микрокредит  беру  құпиясы  Қарыз  алушыға  ғана,  қарыз  алушы  МҚҰ  өзі 

келгенде  берген  жазбаша  келісімнің  негізінде  кез  келген  үшінші  тұлғаға,  берілген 

микрокредиттер  бойынша  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  кредиттік 

бюроға,  сондай-ақ  осы  Ережелердің  150-тармағында  көрсетiлген  тұлғаларға  ашылуы 

мүмкiн. 


150.  Қарыз  алушылар,  микрокредит  мөлшерi  туралы,  Микрокредит  беру  туралы 

шарттың Қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, МҚҰ жүргiзетiн операциялар 

туралы мәлiметтер: 

1)      анықтау    және    алдын    ала    тергеу    органдарына:    олар    жүргiзiп  жатқан 

қылмыстық  істер  бойынша  мөрмен  расталған  және  прокурор  санкция  берген  жазбаша 

сұрату негiзiнде; 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

27 


2)  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауіпсіздік  органдарына  және  мемлекеттік 

күзет  қызметіне  прокурор  санкциясымен  барлайтын  және  (немесе)  қастық  акциялардың 

алдын алу, ашу және бұлтартпау үшін қажет ақпараттарды ұсыну туралы  олардың талабы 

бойынша; 

3)    соттарға:  олар  жүргiзiп  жатқан  істер  бойынша  соттың  ұйғарымы,  қаулысы, 

шешiмi және үкiмi негiзiнде; 

4)        әділет  органдарына  және  жеке  сот  орындаушыларына:  өздері  жүргізіп  жатқан 

атқару  өндірісінің  істері  бойынша  әділет  органдарының  мөрімен  немесе  жеке  сот 

орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы 

негізінде; 

5)     прокурорға: оның құзыреті шегінде өзінің қарауында жатқан материал бойынша 

тексеру өндірісі туралы қаулы негiзiнде; 

6)          мемлекеттік  кіріс  органдарына  салықтық  әкімшілік  мақсаттарында  ғана:    

тексерiлетiн    тұлғаға    салық   салуға байланысты мәселелер бойынша ұйғарым негiзiнде; 

7)    Қарыз     алушының     өкiлдерiне:  жеке тұлға болып табылатын Қарыз алушы 

бойынша нотариалды   куәландырылған  сенімхат негiзiнде; 

8)  реабилитация  және  банкроттық  саласындағы  уәкілетті  органға,  банкроттық 

басқарушыға  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  тәртіпте  банкрот 

деп танылған тұлғаларға қатысты берiледi. 

151.  Қарыз  алушы,  Микрокредит  мөлшері  туралы,  Микрокредит  беру  туралы 

шарттың  Қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi  мәлiметтер  Қарыз алушы 

қайтыс  болған  жағдайда,  осы  Ережелердің  142-тармағында  көзделген  тұлғаларды 

қоспағанда, жазбаша сұрату негiзiнде: 

1)     Қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға; 

2)        нотариустарға:      нотариус      мөрімен      расталған      өздері          жүргiзiп  жатқан 

мұрагерлік  істер  бойынша  оның  жазбаша  сұратуы  негiзiнде  беріледі.  Нотариустың 

жазбаша сұратуына қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берілуі тиіс

3)        шетелдік    консулдық    мекемелерге:    олар    жүргiзiп    жатқан  мұрагерлік  істер 

бойынша берiледi. 

152.  Микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды: 

1)         МҚҰ      жағымсыз      ақпаратты      Кредиттік      бюроға      ұсыну    және    Кредиттік 

бюромен  ұсынылатын  Кредиттік  тарихы  субъектісінің  180  (жүз  сексен)  күнтізбелік 

күнінен артық мерзімі өткен берешектері туралы жағымсыз ақпаратты алу; 

2)          Микрокредитпен  байланысты  ақпаратты  күдікті  және  сенімсіз  деп  жіктелген 

және  жағымсыз  мәліметтері  бар  заңды  тұлғаға  МҚҰ  ұсыну  және  осы  тұлғаға  берілген 

микрокредит бойынша талаптар құқығынан қайту кезінде жағымсыз ақпаратты  ұсыну. 

 

10-тарау. Қорытынды ережелер 

 

153.  Осы     Ережелер      несие      қоржынының     құрылымындағы өзгерістердің, 



МҚҰ  қызметінің  қаржылық  нәтижелерінің,  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 

заңнаманың  өзгеруінің  есебінен,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  экономикалық 

жағдайындағы  және  қаржылық  нарықтарының  конъюнктурасындағы  өзгерістердің 

есебімен өзгертіледі және толықтырылады. 

154.    Ішкі      Кредиттік        саясат        және        МҚҰ        процедуралары  микроқаржылық 

ұйымдардың  әрекетін  реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнама  талаптарынан 

шығады. 

155.  Атқару    міндеттеріне  микрокредиттермен    жұмыс  істеу    кіретін    МҚҰ 

қызметкерлері  осы  Ережелермен,  сондай-ақ  микроқаржылық  ұйымдардың  әрекетін 

реттейтін Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен толық жете танысуы қажет. 

156.  Осы    Ережелермен    көзделмеген    өзге    жайттар    Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен реттеледі. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

28 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет