Слайд мазмұнындағы текст бір шрифтпен жазылуы керек (шрифт мөлшері 28-ден аспаған жөн);
Презентацияға видео файлдарды қосуға болады.
Презентация қорғауға берілетін уақыт – 5 минут.
Аңдатпа: Студенттің өзіндік жұмыстары немесе қатыспаған сабақтардың орнын толықтыру мақсатымен жасалға жұмыстар семинар сабақтарында немесе СОӨЖ сабақтарында тексеріледі.
Белгіленген уақыттан кешіктіріліп тапсырылған немесе жоғарыда көрсетілген талапарға сай келмеген жұмыстарды оқытушы қабылдамауға немесе бағасын төмендетуге ерікті. Тапсырмаларды тапсырудың бекітілген мерзімдері келесі жағдайларда кейінге шегерілуі мүмкін: (ауру, шұғыл жағдайлар, апаттар, Халықаралық жарыстарға немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарда оқу-жаттықтыру жиындарына қатысу). Студенттің пікірталастарға, сабақ барысындағы сұхбаттарға қатысу белсенділігі пән бойынша қорытынды баға қойылғанда ескеріледі. Орынды сұрақтар, сұхбат, кері байланыс сабақ барысында, баға қойылғанда ескеріледі.
Кейске қойылатын басты талаптар 1. анық, нақты, түсінікті мазмұндалуы керек;
2. мәселелігімен, оның ең басты “өзегін” мәнерлеп, айқын көрсету;
3. жағымды, жағымсыз жақтарында мысалмен көрсете білу керек;
4. керекті мазмұнын ақпараттарды жеткілікті беру;
5.проблемалық ситуацияның айқындылығы, оның біліктілігі. Кейс ситуацияның моделінжасауда ең маңызды орын алады. Сонымен қатар Кейс мәтінінде берілген мәселені шешуді ешқандайда жауабы берілмеуі керек.
Мультимедиялық оқу презентацияларға қойылатын талаптар: 1. Әлеуметтану пәнінен СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларында көрсетілген кез-келген тақырыпты таңдап, оған презентация жасаңыз. Тақырып таңдау барысында қиындықтар туындаса оқытушымен ақылдаса отырып, бір тақырыпты таңдаңыз.
2. Тақырып таңдалғаннан кейін материал жинауға кірісіңіз. Материал дегеніміз осы тақырыпқа қатысты деректер, мағлұматтар, қанатты сөздер және иллюстративті материал.
3. Тапқан материалыңызға сәйкес жоспарлы түрде бір жүйемен презентация жасауға кірісіңіз.
4. Жиналған материал бойынша презентацияны слайд-шоу түрінде жасаңыз. Слайдтар саны - 15-20-дан кем болмасын.
5. Презентацияны жасау барысында келесі техникалық талаптарды сақтаңыз: презентация жасау кезіндегі ең көп қолданылатын түс ақ және қара түс. Мәтіннің (текст) әріптерін Arial, Calibri, Tahoma әріптерін пайдалана отырып, 28 шрифтпен жасаңыз. Презентацияның тақырыбын және әрбір слайдтағы тақырыпшаларды 30-50 шрифті яғни барынша үлкен шрифті қолданыңыз.
Егер презентацияға кесте (таблица) салатын болсаңыз онда әріптерді кішірек шрифтпен жазған жөн. Презентацияның құрылымы: бастапқы бет, мазмұны, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың мақсаты мен міндеті міндетті түрде көрсетілуі керек. Соңғы слайдқа «Назарларыңызға рахмет!» деп жазуды ұмытпаңыз.