Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Цифрлік эквивалент
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Үздік
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
C
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Пән білімін бағалаудың жалпы талдауы
Бағаланатын позиция
|
1-7 апталардағы бағалау саны
|
8-15 апталардағы бағалау саны
|
Ең жоғары балл саны
|
Электрондық журналға балл қою мерзімі
|
Ағымдық бақылау
|
7
|
7
|
Бір АБ кезеңінде 7 * 100=700 ұпай
|
Апта сайын
|
СӨЖ
|
7
|
8
|
8*100=800 ұпай
|
2-15 апталар
|
Аралық бақылау (бақылау түрін көрсету (тест немесе жазбаша жұмыс)
|
1
|
1
|
Әрбір аралық бақылау үшін 100 балдан
|
8 және 15 апталар
|
АБ 1
|
700+700+100
|
А1=1500/ N (мұндағы N = бір АБ кезеңіндегі бақылау нүктелерінің саны, яғни 7+7+1)
|
8-ші апта
|
АБ 2
|
700+800+100
|
А2=1600/ N (мұндағы N = бір АБ кезеңіндегі бақылау нүктелерінің саны, яғни 7+8+1)
|
15-ші апта
|
Академиялық кезең бойынша аралық бақылауға жіберілуі
|
А = А1+А2)/2
АБ1-бірінші аралық бақылаудың пайыздық мазмұны
АБ2- екінші аралық бақылаудың пайыздық мазмұны
|
100
|
15-ші апта
|
Емтихан
|
E - емтихан бағасының пайыздық мазмұны
|
100
|
Сессия кезінде
|
Қорытынды баға
|
I = ОА*0,4+R*0.2+E*0.4
ОА1 және ОА2 - орташа аралық бағаның пайыздық мазмұны
|
100
|
|
Бағалау критерийлері
Пайыз
|
Критерийлер сипаттамасы
|
95%-100%
|
Студент сабақта белсенді, сұрақтар қояды, өз пікірін айтуға тырысады. Берілген тапсырмаларды сапалы орындайды. Жеке тапсырманы тыңғылықты орындайды, топтағы жұмыстарда да белсенділік көрсетеді. Тәртіпті, сабаққа үнемі қатысады, кешікпейді.
|
90%-94%
|
Студент белсенді, оқытушы берген тапсырмаларды орындауда елеусіз қателер жіберуі мүмкін. Материалды негізінен түсінеді, алайда, перспективада толық меңгеру мүмкінді бар. Тапсырманы біруден көшіріп өткізумен айналыспайды.
|
85%-89%
|
Студент берілген тапсырмаларды негізінен толық орындайды, бірақ, формалылыққа жол береді. Сабақта белсенділігі жетіспейді. Оқытушының үнемі қадағалап отыруын талап етеді. Тапсырманы орындау кезінде дәлсіздіктерге жол береді.
|
80%-84%
|
Студенттің білім негізі бар, бірақ белсенді емес, тапсырмаларды орындау кезінде шалағайлыққа орын береді. Оқытушының кеңесін, үнемі қадағалап отыруын құажет етеді.
|
75%-79%
|
Студенттің білім негізі бар, бірақ белсенділігі төмен. Берілген тапсырмаларды орындау кезінде қателіктерге жол береді, содан кейін түзетеді. Рухани потенциалын толық іске қоспайды.
|
70%-74%
|
Студент материалды негізінен меңгере алады. Бірақ рухани әлеуетін толық пайдаланбайды. Берілген тапсырмаларды орындайды, бірақ, немқұрайдылыққа жол береді.
|
65%-69%
|
Студент негізгі заңдылықтар мен қағидаларды толық түсіне алмайды, сабақта сылбырлық танытады. Тапсырманы орындайды, бірақ қателіктерге жол береді.
|
60%-64%
|
Студент өзінің интеллектілік мүмкіндігін сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыштамайды. Басты мәселелерге тұрақты назар аудара алмайды. Қателер жібереді, оларды ішінара түзетеді.
|
55%-59%
|
Студент сабаққа белсенді қатыспайды. Тапсырманы формалы орындайды, елеулі қателер жібереді, олардың бәрін бірдей түзете алмайды.
|
|
|
|
|
50%-54%
|
Студенттің сабаққа қатысуы нашар. Тапсырмаларды ішінара орындайды. Қайталанатын қателер жібереді. Үнемі қосымша тапсырмалармен жетектеп отыруды қажет етеді.
|
25%-49%
|
Студент сабаққа дайын емес. Қатысуы нашар. Рейтинг басталғаннан кейін келіп, көмек сұрайды. Берілген тапсырманы орындауға шамасы келмейді, көшіріп әкеп тапсырады. Дөрекі мінез көрсетеді.
|
|
|
|
|
0%-24%
|
Студент сабақтан себепсіз көп қалады, тапсырмаларды орындамайды.
|
«Ж»
|
Студент сабаққа келген жоқ
|
Ескерту: оқытушы студенттерге қауіпсіздік техникасы ережелерін, мінез-құлық және бағалау саясатын жеткізуі керек.
КУРСТЫ ЖҮРГІЗУ САЯСАТЫ
Студенттің жинаған баллдарын анықтау үшін керек:
1) тапсырмаларды уақтылы және толық орындау;
2) бағдарламаны игеру барысындағы белсенділік;
3) бағдарламадан тыс іс-шараларды (жарыстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу кезіндегі белсенділік.
Талаптар:
1. Әрбір апта сайын Платонус жүйесінде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
2. 7 және 15 аптада Платонус жүйесінде берілген рейтингтің тапсырмасын орындаңыз.
4. СӨЖ тапсырмаларын көшіріп алуға, бақылау жұмысы мен қорытынды емтихан барысында көшіруге жол берілмейді. Мұндай мінез-құлық көрсеткен, шпаргалкаларды пайдаланған жағдайда студентке «F» қанағаттанарлықсыз қорытынды баға қойылады.
Эссеге қойылатын талаптар:
1.Эссенің тақырыбын таңдағаннан кейін әдебиеттер іздеуге кірісіңіз.
2.Эссенің жоспарын құрыңыз. Жоспар әдетте тапқан мәліметтерге байланысты құрылады.
3.Жоспарға сәйкес Эссені жазуға кірісіңіз. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы тұрады, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы. Бұл шығарманың басты ұстанымы.
4.Эссені жазу барысында өз көзқарасыңызды дәлелді пікірмен білдіруге тиіссіз. Барлық дәлелдер (аргументтер), идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек.
5.Әдетте Эссе әртүрлі стильде (философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық стильде) жазылады.
6.Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді. Ол кез-келген стильде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой.
7.Эссенің соңында пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек.
8.Эссені жазу барысында қойылатын техникалық талаптар: А-4 форматты ақ парақтың бір жағына жазылады. Эссенің алғашқы бетіне тақырыбы, студенттің аты-жөні, курсы, тобы және эссе орындалған жыл көрсетілуі міндетті. Эссенің көлемі - компьютермен терілген 2-4 бет болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |