Казахская головная архитектурно-строительная академия



бет1/7
Дата25.11.2023
өлшемі296,35 Kb.
#125770
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№7. лекция

№7 .

ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫ

1. ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

  • Орта ғасыр философиясы V-XV ғғ. арасындағы кезеңді қамтыды. Діни көңіл-күйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы – орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі. Бұл уақытта пұтқа табынушы көп құдайлықтың (политеизм) орнына нақты бір құдайға (монотеизм) табынған дін – христиандық өмірге келді.
  • Христиан діні ортағасырлық Еуропада құдайдың өз мәнінде әлем орталығы болатынына назар аударған дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырды. Ол екі түрлі негізге: а) христиан философиясының болмыс (онтология) туралы ілімінің негізінде жатқан жарату идеясына; б) осы философияның негізін қалыптастыратын таным туралы ілім – ашылу идеясына сүйенді.
  • Теоцентристік (грекше theos – құдай деген сөз) барлық ғаламның бастауы мен себебі Құдайға таңылатын әлем түсінігі. Ол – ғаламның орталығы, оның белсенді, жасампаз негізі. Теоцентризм таным үдерісіне де әсерін тигізді, осыған байланысты ғылымның ең жоғарғы сатысына теология – Құдай туралы «ғылым» көтерілді; одан төмен теологияға қызметші болатын философия; одан да төменіректе әр түрлі жеке қолданбалы ғылымдар орналасты.

Бұл уақыттағы философияның барлық сұрақтары теоцентристік,
креационистік және провиденциалистік бағытта шешімдерін тапты.

2. ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

  • КРЕАЦИОНИСТІК (латынша сrеаtіо – жарату деген сөз) Құдай жоқтан өткінші, ауыспалы, шіріген өлі және тірі табиғатты жаратты дегенге сәйкес келетін діни ұстаным.
  • ПРОВИДЕНЦИАЛИЗМ (латынша рrоvіdentіа – құдірет, құдіретті күш деген сөз) барлық оқиға, құбылыстарды соның ішінде тарих пен жеке адамның мінез-құлқын құдіретті күш басқарады дегенге сәйкес келетін ой-пікірлер жиынтығы (құдірет, құдіретті күш –діни түсінік бойынша Құдай, ең жоғарғы Дараның іс-әрекеті).


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет