Орта ғасыр философиясының екі кезеңі болды: біріншісі – ПАТРИСТИКА, екіншісі – СХОЛАСТИКА. Бірінші кезең: ПАТРИСТИКА үш кезеңге бөлінеді: а) апостолдар кезеңі; б) апологеттер кезеңі; в) кемелденген патристика. Екінші кезең: СХОЛАСТИКА. Басты мәселесі: УНИВЕРСАЛИЛЕР МӘСЕЛЕСІ немесе НОМИНАЛИСТЕР МЕН РЕАЛИСТЕР КҮРЕСІ.
Апологетиканың көрнекті өкілдері Тертуллиан, Климент Александрийский мен Ориген болды. Олар өз алдына «христиан дінін оның жауларынан қорғауды ғана емес, сонымен қатар пұтқа табынушыларды жаңа діннің артықшылығымен таныстырып, осы дінге кірулеріне жағдайлар жасауды» міндет етіп қойды.
Осы майданда кең танымал болған христиан діні иесі Тертуллиан (160-230 жж.) құдайлық ақиқаттар ақыл-ойға барынша қайшы келген сайын, неғұрлым қол жеткізгісіз және фантастикалық болса, соғұрлым ақиқат болады деп есептеді. Осымен қатар ол: «Білім христиан дінімен сыйыспайды, ал философиялық ақыл-ой – әр түрлі дін бұзарлықтың бастамасы. Тек сенім құдайлық ақиқаттың ашылуына, шындыққа жеткізеді», – дейді.
Патристика (латынша pater – әке деген сөз) шіркеу әкелерінің, дін иелерінің философиялық көзқарастары жиынтығынан тұрды. Олар христиан дінін ертедегі
грек, әсіресе Платон философиясына сүйене отырып дәлелдеуге тырысты.
Патристикадан, әдетте, үш түрлі даму сатысы бөлектенеді: 1) апологетика грекше ароlogetikos – қорғау деген сөз), христиандық дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы мен қорғалуында маңызды роль атқарды; 2) классикалық патристика христиан дін ілімдерінің жүйеленуі; 3) христиан діні догмасын қалыптастырған
қорытынды кезең