Казахская головная архитектурно-строительная академия


МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#14784
1   2   3   4   5   6

3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Адамның жігерлі мүмкіндіктері шексіз. Әлемге әмірін жүргізетін адамның шексіз жігерлі мүмкіндіктерін мойындаудан Фичино «адам дегеніміз – ерік бостандығына ие болған Құдай, оған бүкіл әлем бағынышты» деген ойға келеді. «Жанды және жансыздардың... барлығының үстінен әмірін жүргізетін адам, кейбір жағдайда Құдай болады. Ол – өзі ие болған... басқаратын... тәрбиелейтін парасатсыз жануарлардың құдайы, ол – өзі қоныстанған, пайдаланатын ортаның құдайы, ол – өлмейтін, түрін өзгертетін, түрлендіретін барлық материалдық заттардың құдайы. Табиғатымен соншама затқа үстемдік жүргізетін бұл адам мәңгі-бақи өлмейтін Құдайдың орнын алады, өзінің де мәңгі-бақи болатыны ешбір күмәнсіз» (Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения).
  • Сонымен, Фичино ілімдерінде адамның шексіз қуаты (күші) идеясы тұжырымдалады,
  • ол Абсолюттің қуатына теңестіріледі.

4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б. Телезионың еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н. Коперниктің астрономия идеялары үлкен әсерін тигізеді.
  • Бруно табиғат философиясы мәселелерін шешуге бағыттайды. Философияның мақсаты табиғатты тану деп есептейді.
  • Бруно философиясының арқауы құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен идеалдық, денелік пен руханилық, ғарыштық пен жерлік, парасаттылық пен сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой.
  • Джордано Бруно (1548-1600 жж.) – дін қызметкері, философия докторы. Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 ж. 17 ақпанда баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді. Оның философиясы – материалистік пантеизм деп анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет