Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет220/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   423
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
166 
 
отырған жоқ дейміз. 
Кәсіби  қҧзыреттілік  маманның  дайындық  сапасының  сипаттамасы,  еңбек  қызметінің 
тиімділік  әлеуеті  ретінде  қарастырылады.  Педагогикада  бҧл  категория  «жалпы  мәдени 
қҧзыреттіліктен» туындаған ӛнімді компонент ретінде немесе «маманның білімділік деңгейі» 
ретінде  қарастырылады  [6].  Егер  кәсіби  шеберлік  деңгейлер  жҥйесінде  қҧзыреттілік  орнын 
анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. 
Кәсіби  қҧзыреттілік  маманның  кәсіби  білімдері,  білік-дағдыларының,  қарым–қатынас 
қабілеттерінің  жиынтығы  болғандықтан,  болашақ  шет  тілі  мҧғалімдерінің  жаһандану 
жағдайында  кәсіби  қҧзыреттіліктерін  кӛпбағытты  қҧрылым  ретінде  қарастыруды  жӛн  деп 
есептедік. 
Жаңа  дәуірдегі  шет  тілі  мҧғалімнің  қазіргі  уақытта  әмбебап  маман  болуының  жоғары 
орынға қойылып жатуы-мҧның басты себебі деуге болады. Осыған орай оның бойында:  
1) ӛзі оқытатын пәніне қатысты ғаламдық мәселелерге бағыттай алуға негіз болатын 
білімдері;  
2) оқушыларын кӛпмәдениетті ортада ӛмір сүруге дайындау біліктері;  
3)  оқушыларды  әлемдік  ақпараттарды,  әртүрлі  кӛзқарастарды  талдауға  үйрететін 
педагогикалық біліктері
4) жастардың бойында ӛзінің, отбасының, айналасының, жалпы қоғамның алдындағы 
жауапкершілікті қалыптастыруға қабілеттілігі қалыптасқан болуы керек деп санаймыз. 
Білім  беру  реформасын  жҥзеге  асырудағы  негізгі  тҧлға  педагог  болып  табылады. 
Мемлекеттің  педагог  мамандарға  бағдарланған  әлеуметтік  тапсырысы  ең алдымен,  жоғары  оқу 
орнын,  балабақша,  мектеп  таңдау  жағдайында  ӛз  бетімен  жауапты  шешім  қабылдай  алатын, 
ынтымақтастыққа  икемді,  ел  тағдырына  жанашырлықпен  қарайтын  жоғары  қҧзіретті 
мамандарды  қалыптастыруды  кӛздейді.  Кәсіби  қҧзіреттілікті  қалыптастырудың  негізгі 
бағыттары білім беру мазмҧнын жаңартудың және қазақстандық білім беру жҥйесін ӛзгертудің 
негізгі  бӛлігі болып  табылады.  Алайда  білім берудің  сапасы  мен  тиімділігін  арттыруды жҥзеге 
асыруда  қазіргі  педагог  мамандардың  қолынан  келер  мҥмкіндіктерінің  арасындағы  қарама-
қайшылықтың  сақталып  отырғанын  атап  айту  керек.  Осы  қайшылықтарды  жоюда  білім  беру 
саясатындағы басым бағыттардың бірі – білім беру ҥдерісін қҧзіретті тәсілге бағдарлай отырып, 
оны  жҥзеге  асырудың  жолдарын  қамтамасыз  ететін  тӛмендегідей  маңызды  міндеттерді  шешу 
қажет: 

 
педагогтарды  білім  берудің  жаңа  технологияларын  меңгеруден,  кәсіби  рӛлдерді 
(кеңесші,  топтық  талдауды  ҧйымдастырушы,  фасилитатор,  тьютор)  сәйкесінше  игеруден 
тҧратын қҧзіретті тәсілдері аясындағы жҧмыстарға даярлау; 

 
педагогтарды  баланың  және  ӛзінің  денсаулығын  сақтау  технологиясымен  қамтамасыз 
ету; 

 
білім  беру  ҥдерісін  барынша  дараландыру  жағдайындағы  іс-әрекетке  даярлығын 
қалыптастыру [7]. 
Болашақ мамандардың негізгі қҧзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген 
міндеттерді  іске  асыра  алуымен  тікелей  байланысты.  Педагогтардың  кәсіби  қҧзіреттілігін 
қалыптастыру жаңа білім беру стандартының тӛмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт: 
жаңа білім беру стандартының мазмҧны мен әдіснамасын қабылдауға
білім беру ҥдерісін бағдарламалық және әдістемелік тҧрғыдан ӛзгертуге; 

 
педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің ӛзгеруіне; 

 
білім  берудің  дәстҥрлі  және  тың  нәтижелерін  бағалауға  мҥмкіндік  беретін  бағалау 
әрекетінің  жаңа  тәсілдерін  қолдануға  даярлануы  керек.  Мҧнда  білім  беру  жҥйесін 
ақпараттандыру  мәселесіне  кӛңіл  бӛлу  де  болашақ  мамандардың  кәсіби  қҧзіреттілігін 
қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру ҥдерісінің 
ресурсына  айналуы  болашақ  мамандардың  ӛзіндік  жҧмысқа  арналған  тапсырмалар  жҥйесін 
пайдалануына  және  тҥрлі  педагогикалық  жағдаяттар  арқылы  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияның  (АКТ)  мҥмкіндіктерін  қолдануға  бағдарлау  қабілетіне  тікелей  байланысты.  Ол 
АКТ озық қолданыс деңгейінде игеруін және ақпараттық ортада болашақ мамандардың ӛзіндік 
жҧмысын ҧйымдастыру әдістері мен дидактикалық тәсілдерін меңгеруі маңызды [8]. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
167 
 
Кәсіби  педагогикалық  білім  беру  жҥйесін  жетілдіруде:  жоғары  және  орта  кәсіби 
педагогикалық  білім  беру  жҥйесіндегі  жаңарту  бағыттарының  ортасынан  ең  алдымен, 
педагогикалық мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын талаптарды бӛліп алуға болады: 

 
қҧзіреттілік-бағдарлы білім беруге кӛшу негізгі кәсіби қҧзіреттіліктерді қалыптастыру; 

 
тар  мамандандырудан  тҥлектің  кәсіби  белсенділігінің  базасын  қҧратын  кең  профильді 
даярлыққа ӛту; 

 
кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты кҥшейту. 
Білім беру жҥйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін, педагогикалық 
ҥдеріске  қатысушылар арасындағы  жаңа қатынас қҧрылымын  игерген  маман  даярлануы  қажет. 
Кәсіби  қҧзіреттердің  білім  беруді  ақпараттандыруға  байланысты  талаптарға  сәйкестігі  – 
педагогикалық  оқу  орындарының  тҥлектері  соңғы  уақыттарда  бастапқы  қолдану  дағдыларын 
игергенін  кӛрсетіп  жҥр.  Біліктілікті  арттыру  жҥйесі  мен  тҥрлі  серіктестіктер  жобалары  жалпы 
алғанда  қызметкерлердің  компьютерлік  сауаттылығын  қамтамасыз  ету  міндеттерін  орындауға 
кӛңіл  бӛлгендігімен,  болашақ  мамандар  ақпараттық  ортадағы  ӛзіндік  жҧмысты  ҧйымдастыруға 
жеткілікті дәрежеде дайын болуы керек [9]. 
Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  сараптай  отырып,  «құзырет»  «кәсіби  құзіреттілік» 
жӛнінде келесі тұжырымдарға келуге болады: кәсіби қҧзіреттілік дегеніміз ең алдымен болашақ 
маманның  функционалдық  сауаттылығы  мен  кез-келген  мәселені  дҧрыс  шеше  білу  қасиеті. 
Болашақ  маман  қоғам  талабына  сай  ӛзін-ӛзі  ҥздіксіз жетілдіріп  отыратын,  кәсіби  білімді,  жаңа 
технологияларды 
меңгерген, 
ортамен 
қарым-қатынасқа 
тез 
бейімделе 
алатын, 
ҧйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби 
қҧзыретті  маман  бола  алады.  Болашақ  мамандардың  кәсіби  қҧзыреттілігі  кәсіби  және  жеке 
сапалардан  қҧралады.  Кәсіби  қҧзыретті  маман  деп  ӛзінің  педагогикалық  әрекетін  жоғары 
дәрежеде  жҥргізе  алатын,  қарым-қатынасқа  әрдайым  дайын,  педагогикалық  ҥдерісте  ҥнемі  оң 
нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. Ойымызды қорытындалай келе, шет 
тілі  мҧғалімдерінің  кәсіби  қҧзіреттілігін  қалыптатсырудың  барлық  қҧрылымдық-қҧрамдас 
бӛліктері  болашақ  мамандардың  білім  беру  ҧйымдарындағы  қызметіне,  атап  айтқанда,  нақты 
педагогикалық жағдайларды шеше алу шеберлігіне бағытталған. Шет тілі мҧғалімдерінің кәсіби 
даярлығы,  яғни  оның  білім  беру  қызметі  барысында  иеленген  білімі,  тәжірибесі,  жеке  және 
әлеуметтік  қасиеттері  мен  қҧндылықтарын  жҧмылдыру  қабілеті  оның  кәсіби  қҧзіреттілігін 
қалыптастырып,  біліктілігін  арттаруды  қҧрайды  және  оны  ӛз  тәжірибесінде  тиімді  пайдалана 
алуымен ӛлшенеді [10]. 
Ал, бiлiм беру парадигмаларының таңдалуында қоғамның тапсырысы ретiндегi жеке тҧлға 
мен кәсiби дайындыққа қойылатын талаптар маңызды рӛл ойнайды. Бiлiм беру парадигмаларын 
таңдауда  оның  тҥрлерi  жалаң  таза  кҥйiнде  қолданылмайды.  Онда  негiзгi  идея  басты  болуы 
мҥмкiн,  дегенмен  барлық  бiлiм  беру  ҥлгiлерiнiң  элементтерi  қоса  тҧтастықта  қарастырылады. 
Қорыта  айтқанда,  мҧғалімнің  қҧзыреттілігі  қызметінің  барысында  айқындалып,  оның  әр  тҥрлі 
қызметтік  орталарда  игерілген  қҧзыреттерді  іске  асыра  білу  қабілетін  кӛрсетеді.  Шетел  тілі 
мҧғалімінің  қҧзыреттілігі  —  кәсіби  шеберліктің  шыңына  жету  кепілі,  демек,  қҧзырет  пен 
қҧзыреттілік  ҧғымдары  оқу-тәрбие  ҥдерісінде  негізгі  акмеологиялық  категориялар  болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет