Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
165
мәдениетаралық қҧзыреттер — тҥрлі ҧлт, мәдениет, дін ӛкілдерінің ӛзара тҥсіністік,
сыйластық, қҧрмет негізде қарым-қатынас жасауы;
коммуникативтік қҧзырет дегеніміз — әр тҥрлі тілдерде ауызша және жазбаша қарым-
қатынас жасау технологияларын меңгеру (оның ішінде компьютерлік бағдарламалау, Интернет
желісі арқылы қарым-қатынас жасау);
жеке-бас қҧзыреті — ӛзінің білім беру деңгейін тҧрақты арттыруға дайын болу, жеке-
бас әлеуетін толыққанды іске асыру қажеттілігінің болуы, ӛз бетімен білім мен біліктерді игеру,
ӛзін-ӛзі дамыту қабілеттері.
Негізгі қҧзыреттер кез келген мҧғалімнің қызметін сипаттайды. Яғни барлық мҧғалімдер
оқушыларға білім беріп, педагогикалық мақсаттарға қол жеткізіп, оқу нәтижелерін бақылауға
міндетті. Қажетті ақпаратты іздестіру, ӛзінің теориялық және практикалық білімдерін дамытып,
кӛрсете білу, әр оқушының танымгерлік мҥмкіндіктерін ашу, кӛрнекі графикалық қҧралдар мен
компьютерлік технологияларды қолдану да маңызды. Негізгі қҧзыреттерге кӛрсету, тҥсіндіру,
машықтану, зерттеу, бағалау сияқты жалпы дидактикалық әдістерді сәтті қолдану жатады.
Оқушылар және олардың ата-аналарымен бірлесе жҧмыс жасай отыра, олардың жағдайын тҥсіне
отырып, қарым-қатынас барысында кӛшбасшы бола білу де мҧғалімнің кәсіби қызметінің сапалы
кӛрсеткіші.
Шетел тілі мҧғалімдерінің пәндік қҧзыреттерінің негізгі қҧзыреттерден айырмашылықтары
бар. Аталмыш қҧзыреттің аясында жаңа буын оқулықтарын қҧрастыру, оқу-әдістемелік
қҧралдарын сауатты тҥрде енгізу, жаңа оқу-әдістемелік кешендерді объективті бағалап,
уақытында оларға кӛшу, жетіспейтін әдістемелік материалдарды әзірлеп, оқушылардың жобалық
жҧмысын ҧйымдастыру талап етіледі. Мҧғалім оқу ҥдерісін білім беру тҧрғысынан қарастырып,
«лингвистикалық педагогика» саласының сарапшысы болуы маңызды. Бҧл ҥшін оқушылардың
тілдік қабілеттерін, когнитивтік стильдерін ескере отырып, оқу материалын меңгеруде орын
алған қиыншылықтардың себептерін, оқушының ӛз бетімен жҧмыс істей білу қабілетінің
деңгейін, тҧлғаның даму ерекшелігін анықтай білуі қажет.
Арнайы қҧзыреттердің санатына АКТ қҧзыреті де жатады. АКТ қҧзыреті деп шетел тілін
оқыту және оқытылатын тіл мәдениетімен таныстыру мақсатында Интернет-ресурстарын және
ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін айтамыз. Бҧл қҧзыреттің
қҧрылымына келер болсақ, ол бес тҥрлі ӛзара байланысты компоненттерден тҧрады:
1. Қҧндылықты-мотивациялық компонент шетел тілі мҧғалімінің білім беру барысында
АКТ меңгеру мен қолдануға деген қҧндылықты бағдары мен мотивациясының болуын
анықтайды.
2. Когнитивтік компонент шетел тілі мҧғалімінің бойында шетел тілін оқыту ҥдерісіне
АКТ енгізуге қажетті білімнің (теориялық және практикалық) болуын айқындайды.
3. Операциялық компонент шетел тілін оқыту барысында АКТ-ны тәжірибе жҥзінде
қолдану қабілетінің даму деңгейін кӛрсетеді.
4. Коммуникативтік компоненттің қҧрамына мҧғалімнің шетел тілін оқыту барысында
АКТ-ны қолдану қажеттілігі туралы пікірін айқын әрі дәйекті білдіріп, әріптестерін және басқа
да адамдарды сендіре білу қабілеті енеді.
5. Рефлексивтік компонент мҧғалімге АКТ қолдану арқылы шетел тілін оқытуды
ҧйымдастыру нәтижелерін бағалауға, ӛз кәсіби қызметін талдауға мҥмкіндік беред.
Маманның кәсіби қҧзыреттілігі – кҥрделі де кӛпқырлы категория. Бҧл – философияда,
психологияда, педагогикада, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесінде,
акмеологияда, андрагогикада, еңбек психологиясында т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан
қарастырылып зерттелуде. Біздің зерттеу жҧмысымыз жаһандану жағдайында еңбек ететін
болашақ мҧғалімнің кәсіби қҧзыреттіліктері болғандықтан, әрі қарай осы мәселеге тереңірек
тоқталамыз.
Қай саланың маманы болмасын адам кәсібилігінің қажетті қҧрамдас бӛлігі кәсіби
қҧзыреттілік болып табылады. Кәсіби қҧзыреттіліктің заманауи бағыттары және
тҥсіндірмелері тіптен әртҥрлі. Қазіргі кезде шетел әдебиеттерінде бар кәсіби қҧзыреттілік
анықтамалары, яғни ана тілімізге «терең білім», «тапсырманы барабар, сәйкесінше орындау
кҥйі», «қызметті сапалы орындау қабілеттері» деп аударылып қолданылуда. Алайда олар да
басқа да қолданыстағы тҥсініктер бҧл ҧғымның мазмҧнын толық нақты тҥсіндіре алып