Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
185
телеграф байланысын ҥзіп, орыс селоларына шабуыл жасай бастаған. Орыстардың елді-
мекендерін ӛртеп, мал-мҥлкін тонап, адамдарын тҧтқынға алған [21; 15-16].
1916 жылғы қырғыз кӛтерілісінің куәгері Тҥркістан ӛлкесінде миссионерлік қызметпен
айналысқан, меннонит протестант сектасының ӛкілі, ҧлты неміс – Герман Янтцен. Ол естелігінде
кӛтеріліс кезінде қырғыздардың ӛзіне «соғыста немістер орыстардың бәрін қырып тастаған,
сондықтан олар бізді әскерге алмақшы. Біз мешіттерде немістердің жеңіске жетуіне дҧға
қыламыз. Орыстар біз сияқты сендерді де жек кӛреді. Кек қайтаратын уақыт келді» деп, ҥгіт
жҥргізгенін айтады. Сонымен бірге «орыс селоларында тек әйелдер мен егде адамдар, балалар
ғана қалған болатын. 17-45 аралығындағы ер адамдардың бәрі әскер қатарында. Қырғыздар
орыстарды ӛлтіріп, ҥйлерін, егістіктерін ӛртеді, адамдарын тҧтқындап алып кетті. Кӛптеген
орыстар қыздарын селодан басқа жаққа жіберді. Мен де қорқып, қызым Аннаны Самараға
туыстарыма аттандырдым. Ол сол жақта бір жыл тҧрды. Кӛп ҧзамай, қатарында тонауға тҥскен
орыстардың әскердегі ҧлдары мен әкелері бар, қарулы әскер шығып, қырғызбын дегендердің
бәрін қырып-жойды. Бҧлардың кек қайтаруы қырғыздардың әрекетінен де қорқынышты болды.
Әскер тау арасына дейін еніп, кӛзіне кӛрінген қырғыздың бәрін ӛлтірді» [7; 76] - деген ақпарат
береді.
Майдан жҧмысына адам берген аймақтар қанды қырғыннан аман қалса, тегеурінді
қарсылық кӛрсеткен Жетісу облысының Қарқара, Пржевальск аймағы қанға бӛгіп, тҧрғындар
патшаның қарулы әскеріне тӛтеп бере алмай, елден ҥдере қашуға мәжбҥр болады. Қарқара
кӛтерілісінің куәгері Сыбантай Баянтаев: «Жәрмеңкеге кіре берісте бір жерде сегіз адам жатыр.
Барлығын да қылышпен шапқылап ӛлтірген. Әсіресе, бір жҥкті әйелді қолтығының астынан
шауып, ішіндегі баласын ақтарып тастапты. Бҧл жердегі ӛлгендер 30 адам екен: 10 әйел, 20
еркек. Дҥкеннің бәріне ӛрт қойған. Осы қырылған адамдарды кӛріп, қорықтық. Тарап кеттік.
Қашайық деген ой келді» [22; 201-203]-дейді.
Патша ҥкіметі жарлыққа қарсылық кӛрсеткен аймақтардағы бейбіт халықты қырғынға
ҧшыратып, кӛтеріліс басшыларына ӛлім жазасын кесті. Олардың кейбірін тҥрмеге барар жолда
сотсыз-тергеусіз атып тастаса, Бекболат Әшекеевті 14 серігімен бірге дарға асып, бірнеше кҥн
бойы асылған кҥйінше қалдырған [14; 18]. Сол арқылы патшаға қарсы шығудың ӛтеуі қандай
болатынын кӛрсетіп, облыстың басқа аймақтарын жарлыққа мойынсҧнуға мәжбҥр етті. Ал,
қанды қырғынды кӛзбен кӛріп, шошынған шекара бойының тҧрғындары елден безуге мәжбҥр
болды. Зәре-қҧты қалмаған халық Қытайға қашты. Қарулы әскер қашқан елді соңынан қуа
отырып, шекарадан ӛткенше оқтың астына алды.
Жетісудағы кӛтеріліс барысында орыс тҧрғындарынан хабарсыз кеткендер саны – 1384
адам. Ӛлгендер саны: Верный уезінен-16, Жаркент уезінен-32, Пішпек уезінен-98, Пржевальск
уезінен-2179 адам болған. Ал, қазақ пен қырғыздың шығыны одан әлдеқайда кӛп болды. Патша
ҥкіметі кӛтерілісті басып тастау ҥшін 3 дружина, 7 атқыштар ротасын, 14 зеңбірекпен
қаруландырылған 5 казак жҥздігін, Сібір казактарының 9 полкін жҧмылдырған. Нәтижесінде
қазақ пен қырғыздың 94 ауылы қырғынға ҧшырады. 5373 ҥйі ӛртеліп, 1905 адамы ӛлген. 684
адам жараланып, 1105 адам тҧтқынға тҥскен [14; 18-19]. Бҧған осы қырғын салдарынан елден
безіп, жат жерде ажал қҧшқандарды қоссақ, шығын саны арта тҥсері хақ.
М.Тынышбаевтың дерегі бойынша Жетісу облысында, адам шығыны азырақ болған
жерлерді есептемегенде, кӛтерілістің негізгі ошақтары 44 болыстықты қамтыған. Оны уездерге
бӛліп кӛрсетер болсақ: Пішпек уезінде-5 болыстық; Пржевальск уезінде-24; Жаркент уезінде-14;
Верный уезінде-1 болыстық. Бҧл жерлердегі тҧрғындар жаппай қырғынға ҧшыратылып, елден
қуылды. Кӛтеріліс қарсаңында аталған аймақтарды 238 795 адам (47 759 тҥтін) мекендеген болса,
қуғын-сҥргін барысында 201 250 адам (ол 40 250 тҥтін) Қытайға қашып, оның тең жартысына
жуығы, яғни 95 200 жан ӛлім қҧшқан [15; 81-82].
Қытайға пана іздеп барған елдің жағдайы мәз болмаған. Қытай мен қалмақ шекарадан
ӛтерде оқ жаудырып, адамын ӛлтіріп, мал-мҥлкін талап алған. Аштық пен суықтан да кӛп адам
ӛлген. Қыздары мен әйелдерін кез-келген қашқарлық сарттар, дҥнгендер мен қытайлар тартып
алып, ойына келгенін істеген. Соңынан оларды ӛзара қолдан-қолға 50-100 сом аралығында мал
сияқты сатып отырған. Қытай мен қалмақ әр нәрсені сылтау қылып, босқындарды ҧрып-соғып
жәбірлеуді әдет қылған. Осылайша, қазақ-қырғыз ХХ ғасырда Қытайда да зорлық-зомбылық
кӛріп, қҧлдыққа ҧшырады. Елге қайтып келгеннен кейін де ҥйсіз-кҥйсіз, аш-жалаңаш қазақ-
қырғыз орыс мҧжығына жалданып, қайыршылықта ӛмір сҥрді [15; 78-79.].
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
186
Дегенмен, орыстардың арасында кӛтеріліс кезінде тӛніп тҧрған қауіпті алдын-ала ескертіп,
қазақтарды жазадан аман алып қалуға себеп болғандары, Қытайдан оралған елге тҥсіністік
танытып, тату тҧруға тырысқандары да, кӛтеріліс кезінде шығын келтірдіңдер деп, қайтып
келген елден ақы талап еткендері де болды [4; 155-203]. Сонымен бірге кӛтеріліс кезінде жетім
қалған қырғыз балаларын асырап-баққан, кейін отбасылы болып кетуіне де кӛмек кӛрсеткен
орыстар, орыс қожайынын халықтың кӛтерілісінен сақтандырып, аман қалуына септігі тиген
жергілікті халық ӛкілдері болғанын да жоққа шығара алмаймыз [23; 485-496].