ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҦНЫ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ К.Н. Мамирова п.ғ.к., профессор м.а.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
email:
mamirova.kulashgeo@gmail.com
Жоғары білім берудегі географиялық білім мазмҧнын жаңарту қажеттілігі білімді бағалаудың
критерийлерін ескерумен байланысты. Бҧл критерийлер білім берудің нәтижесін тек білім және
дағдылармен ғана байланыстырмай, білім алушылардың ӛмірдегі әр тҥрлі мәселелерді шешу білу
қабілетілігімен ҧштастырады (ӛмірлік дағдылар мен қҧзыреттіліктерді). Зерттеуде географиялық білім
мазмҧнын қалыптастыру оның ғылымилығымен; пәнаралық байланыстарымен; гуманизациялау принципке
сәйкестігімен; жаһандылылық пен аймақтылық; экологияландыру; проблемалық; жҥйелілік және
тҧтастылық ҧстанымдар мен ережелердің тҧрғысынан қарастырылған. Қазақ ҧлттық қыздар педагогикалық
университетінің география және туризм кафедрасының миссиясы халықаралық тәжірибені ескере отырып
оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және инновациялық процестердің бірлігі негізінде студенттерге
географиялық білім беруді қамтамасыз ететін ғылыми, педагогикалық, ҧйымдастырушылық және
әдістемелік жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты география және туризм
кафедрасының мақсаты географиялық білім беру, ғылым және ӛндіріс саласында инновациялық қызметті
тиімді жҥзеге асыруға қабілетті, динамикалық кәсібилікке, әлеуметтік-кәсіби қҧзыреттілікке ие білікті
географтар мамандарды даярлау.