Түйін сӛздер: медициналық ағылшын, кәсіби тіл, оқу бағдарламасы, оқыту тәсілі, Блум
таксономиясы
Бҥгінгі кҥні ағылшын тілі әлемде ақпарат алмасуда лингва-франкаға айналғаны ешкімге
жаңалық емес. Сонымен бірге ағылшын тілінің әлемдік ғылыми тіл ретінде қолдану аумағы
кеңеюде. Медициналық ҧғымдарды ана тілінде тҥсіну және қолдану мҥмкіндігімен қатар,
болашақ дәрігерлерге ағылшын тілін меңгеру міндеттелуде.
Интернационалдандыру уақытында жоғары білім орындары уақыт талабына сәйкес
бейімделіп, білім алушылардың кәсіби қҧзыреттілігін дамытуы тиіс. Мәселен, оқыту жҥйесінде
тек ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орындарының саны артуда. Дегенмен әлемдік
білім рейтингінде Қазақстанның білім беру сапасының беделін сақтап қалу мақсатында қазіргі
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын толықтырып жаңарту міндетке айналды.
Соңғы бірнеше онжылдық бойы ағылшын тілдері біртіндеп ғылыми байланыстың тілі
болды. Бҧл даму ғылыми қарым-қатынасқа да әсерін тигізді: ағылшын тілі ғылымның әмбебап
тілі және кӛптеген ғылыми журналдар, ғылыми зерттеулер мен медицина секторындағы кәсіби
шығарылымдар ең алдымен ағылшын тілінде жарияланады. Бҧл жарияланымдар, мысалы,
клиникалық зерттеулер, инновациялық әдіснамалар және емдеу бағдарламаларын қамтиды.
Ағылшын тілін қолдана отырып, бҥкіл әлем бойынша ғалымдар ақпаратқа ҥлкен кӛлемде қол
жеткізе алады және басқа мамандармен қарым-қатынас жасайды [1].
«CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналысқан Девид Марш оқыту жағдайларын
белгілеу ҥшін пәндер немесе жеке бӛлімдері «қосымша» тілде жҥргізілуі ҥшін енгізген
болатын. Мҧндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып
табылады, яғни мҧнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу қҧралы ретінде
қарастырылады. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналысқан Девид Марш оқыту
жағдайларын белгілеу ҥшін пәндер немесе жеке бӛлімдері «қосымша» тілде жҥргізілуі ҥшін
енгізген болатын. Мҧндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту
болып табылады, яғни мҧнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу қҧралы ретінде
қарастырылады.
Еуропада CLIL термині кеңінен қолдануда және ең кӛбі шет тілі арқылы мазмҧнды
пәндерді оқытуға қолданылатын термин болып табылады. Eurydice баяндамасында CLIL
оқулықтардың кейбір пәндерін ӛздерінің тілдік сабақтарынан бӛлек оқып ҥйрену ҥшін
пайдаланылатынын айтады. CLIL термині Дэвид Маршпен жазылған болатын: «CLIL
субъектілердің немесе пәндердің бір бӛлігін шет тілі арқылы екі мақсатқа бағытталған
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
170
мақсаттармен ҥйретеді, атап айтқанда, мазмҧнды ҥйрену және бір уақытта шет тілі» [2]. Шет
тілінде оқыту идеясы ежелгі тәжірибе болса да, элиталық біліммен шектелмейді. Оның орнына,
CLIL қазір «жалпы білім беруде жатыр» 2012 жылы Еуропалық Комиссияда: «CLIL орын алып
отырады және білім берудің барлық секторларында ересек және жоғары білім деңгейінен бастап
тиімді деп танылды [3].
CLIL тҧжырымдамасы мен әдістемесі сипаттамасы білім беру шеңберінде ретінде
пайдаланылуы мҥмкін CLIL матрица толық сипаттамасы болып табылады. Осылайша, тарау
CLIL-ді мазмҧнды және ағылшын тілін ҥйренуге ықпал ететін басқа тәсілдермен ерекшеленеді
және бҧл әдіс әкелетін кейбір артықшылықтар мен проблемаларды анықтайды. Тек содан кейін
ол жоғары білім медицина бағдарламаларына CLIL тәсілдің жҥзеге асыруды ҧсынуға болады.
Пән мен тілді біріктіріп оқыту (Content and Language Integrated Learning) – пәндерді шет
тілінде оқыту тәсілі. Бҧл тәсіл тілді тиімді ҥйренуге септігін тигізеді, себебі ол - кәсіби тілдік
дағдыларын меңгертіп қана қоймай, білімге қызығушылығын да арттырады. CLIL пәндік білім
мен лингвистикалық дағдыларды дамытуға ғана емес, сонымен бірге ол кӛпқырлы және кҥрделі
оқыту тәсілі болып табылады. Мәселен, CLIL–де бір жағынан ҧлтаралық мәдениеттік білім мен
жалпы лингвистикалық хабардарлыққа ықпал етсе, екінші жағынан когнитивтік даму мен оқуды
меңгеруде жеңілдік туғызады [4].
Кіріктіріп оқыту (CLIL, Content and Language Integrated Learning) дегенде ең алдымен
сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру маңызды екені ескеріледі,
яғни CLIL технологиясы шетел тілін басқа пәндерді оқытудың қажетті қҧралы ретінде
қарастырылады. Егер дәстҥрлі сабақ білім алушыларды біліммен қаруландыруға және негізінен
тҥсіндіру-кӛрнекілік жҧмыстарын жҥргізу арқылы қҧрылатын жалпы білім беру міндеттерін
шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың тҥрлі әдістерінің және
қҧралдарының ҥйлесуі негізінде қҧрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты
пәндері мен ағылшын тілі пәнінің кӛптеген міндеттерін шешуге ықпал етеді. Кіріктіру
барысында тҥсіндіру-кӛрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің тҥрлі дереккӛздері,
теледидар бағдарламалары, кино ҥзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары,
оқыту мен бақылаудың басқада техникалық қҧралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке,
топтық, жҧптық, ҧжымдық жҧмыс тҥрлері кеңінен қолданылады. Бҧндай сабақтарда танымдық
міндеттер жҥзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жҥзеге асыруға кӛп
мҥмкіндік беріліп, жағдай жасалады [5].
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытудың тағы бір ҧтымды тҧсы — тілдік іс-әрекеттің тӛрт тҥрін
де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. Ғылыми-жаратылыстану
бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы мақсатты тіл – ағылшын тілі болып
саналатынын ескере келсек, кіріктіріп оқытуда негізгі орынды ағылшын тілі сабақтары алады,
яғни қандай пәндерді болмасын кіріктіре оқыту барысында ағылшын тілі маңызды болып
саналады. Тілді ҥйрену кез келген пән саласы арқылы жҥргізіледі деген ҧғымды ескерсек, CLIL
шетел тілі сабағы емес, шетел тілінде ӛтетін пән сабағы, яғни кәсіби бағытталған шетел тілі/
ағылшын тілі. Жалпы, тіл мен пәнді ҥйлестіре отырып, пәнаралық байланысты жҥзеге асырып
оқыту когнитивтік дамуды жҥзеге асыруға кӛп жағдай жасайды. Ал ҥйренушінің білімді
меңгеруге ҧмтылудың алғашқы қадамы танымдық қабілетін қалыптастырудан бастау алады.
Оқыту ҥрдісіне кіріктіре оқытуды енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ ҥстінде дамуы мен
оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мҥмкіншіліктеріне
бағытталған. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы
оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын
дамытуға, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және
олардың ағылшын тілінде сауатты тҥрде «Ҥштілділік» ҧлттық жоба аясында білімін дамытуға
болады. Сонымен бҧл әдіс оқушылардың тіларалық қарым-қатынас қажеттілігі мен
мҥмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасап қана қоймай, бір мезгілде екі пәнді
бірдей оқытуды жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді.
Білім алушы берілген білім ақпаратын жақсы тҥсіну ҥшін сӛйлеу, жазу, тыңдау мен оқу
дағдыларын игеруі қажет. Аталған дағдыларды қалыптастыруда CLIL тәсілі Блум
таксономиясияның таным мен ойлау деңгейлеріне сҥйенеді. Блум таксономиясы – 1956 жылы
ҧсынылған әртҥрлі білім беру орталарында қолдануға болатын, білім берудің мақсаттарын
сипаттау ҥшін енгізілген оқытудың дәлелді теориясы болып табылады. Негіздемелік қҧрылымда
сабақ жоспарларын жазу барысында оқытудың мақсаттарын айқындау мен ойлау процестері
|