Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
172
Клиникалық оқу кезеңінде білім алушылар халықаралық ақпаратпен алмасып, халықаралық
медициналық лицензиялау емтихандарына дайындала алады. Сонымен қатар, шетел білім
алушылармен бірге әртҥрлі клиникалық бейнелеу нҧсқаларын, емдеу тҥрлерін немесе
мемлекетаралық денсаулық сақтау жҥйелеріндегі айырмашылықтарын талқылауға болады.
Осылайша, мәдениетаралық білім мен тҥсіністік ӛзара әрекеттесу арқылы да кӛтермеленеді.
CLIL тәсілін енгізу кезінде, ағылшын тілін меңгеру дағдыларын және лингвистикалық
білім деңгейін бағалау ҥшін сауалнама және жазбаша тестілеуден тҧратын талдау жҥргізу керек.
Осылайша, сабақ беретін қызметкерлерге қандай кӛмек кӛрсету керек және сабақтың
мақсаттарына жету ҥшін қандай тәсілдер ҧсыну қажеттігі айқындалады. Сабақтың қҧрылымы
мен мақсаттарын анықтау ҥшін оқытушылар қажеттіліктерді талдау нәтижелерін ескеру керек.
Сонымен қатар, CLIL оқу жоспарына біріктірілген кезде, қандай пререквизиттер мен
постреквизиттер болатынын анықтап алған жӛн. Медицина оқу ҥрдісінің алғашқы екі жылдық
кезеңінде қарастырылған негізгі ҧғымдар клиникалық дайындық сатысында кҥрделі тҥрде ӛтуге
болады.
CLIL оқытудың клиникалық сатысында коммуникацияға, медициналық ҧғымдарға және
кҥнделікті ӛмірдің терминологиясына, сонымен қатар жазу және оқу дағдыларына кӛңіл аудару
керек. CLIL-де ҧсынылатын параметрлер академиялық ортада орындалатындықтан, білім
алушылардың тіл білу қабілеттерін ескеру керек. CLIL-мен оқытуда презентациялар,
конференциялар немесе жазбаша шығарылымдар қолдану ӛте маңызды. Медицина білім
алушылары ағылшын тілінде ақпаратты (қабылдау кезінде) тіркеуге, нҧсқаулар беруге (дәрі-
дәрмектерге), серіктестік жасауға, науқастың ауру тарихын толтырып, пациенттерді ӛздерінің
сезімін немесе ауырсыну деңгейін сҧрастыру мҥмкіндігін алады.
Жаңа оқу бағдарламасын әзірлеу ҥшін келесі қадамдар ҧсынылады: білім алушының
қажеттіліктерін анықтау және талдау, мақсаттарды қою, қҧрал-жабдықтарды анықтау және
таңдау, мазмҧнды егжей-тегжейлі сипаттау. CLIL-мен оқу бағдарламаларын әзірлеу ҥшін
ағылшын тілінде оқытудың жалпы нақты қажеттіліктерін есепке алып қана қоймай, сонымен
бірге білім алушылардың болашақ мамандықтарында сауатты жҧмыс істей алу ҥшін пәндердің
мазмҧнына қойылатын талаптар есепке алынғаны жӛн.
Әртҥрлі тақырыптардан ҥйрену барысында тек қана терминді меңгерумен шектелмей
анықталған сӛздік тіркестерін, сӛздік қорын ҥйренуге мҥмкіндік береді, сондай-ақ оны кейіннен
зерделеу және қолдану білім алушылардың жаңа білімдері мен тҥсіндірілуін жетілдіреді.
Әлемдік жаңалықтар ең алдымен шетел басылымдарына шет тілінде жариялануына байланысты
жаңалықтармен хабардар болуда шет тілін білудің маңызы зор. Шет тілін меңгеру арқылы білім
алушылар медицина саласы бойынша әлемдік жаңалықтарды, яғни жарияланымдарды уақыт
оздырмай меңгеру арқылы ӛз білім деңгейін жаңартып, қолдану арқылы шеберліктерін дамыта
алады.
Уақыт ағымының талабы бойынша ағылшын тілін меңгеру мен оқыту ең алдымен
оқытушылардың, сонан соң білімді ағылшын тілінде тҥсіну мен қолдану білім алушылардың
міндетіне жҥктеледі. Ағылшын тілін білу жаңа мҥмкіндіктер ашады, оларды жҥзеге асыру тек
ӛзімізге байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: