Түйін сӛздер: Жетісу облысы, отарлық саясат, 1916 жылғы кӛтеріліс, салық, тыңшылық, қара
жұмыс, күнделікті ӛмір
Кіріспе Мақала 1916 жылғы ҧлт-азаттық кӛтерілісі кезіндегі Жетісу облысы тҧрғындарының
кҥнделікті ӛмірін зерттеуге арналған. Бҧл жҧмыста кӛтеріліс кезеңіндегі биліктің ҧстанымын
халықтың қалай қабылдағаны, оның тҧрғындардың ӛміріне қалай және қаншалықты әсер еткені,
халықтың тӛтенше жағдайдағы ӛмір сҥру амал-әрекеттері туралы баяндалады. Тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың ӛткен тарихын ҧлттық мҥдде тҧрғысынан қайта
қарастыруға мҥмкіндік туды. Ӛткен тарихтың объективті бейнесін қалпына келтіру – халықтың
санасын жаңғыртып, ҧлттық бірегейлікті сақтаудың және жастарды патриоттық рухта
тәрбиелеудің бірден-бір маңызды факторы болып табылады. Н.Ә.Назарбаев: «Егер жаңғыру
елдің ҧлттық-рухани тамырларынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» [1; 1-2] деген болатын.
Қазіргі кезде еліміздің бҥгінге дейінгі жҥріп ӛткен жолындағы ӛзекті мәселелер тарихшы
ғалымдарымыздың тарапынан жан-жақты талдауға алынып, объективті тҧжырымдар жасалуда.
Дегенмен, біздің ойымызша, әлі де болса ӛз зерттеушілерін кҥтіп жатқан тҥйінді мәселелер
баршылық. Солардың бірі – 1916 жылғы ҧлт-азаттық кӛтерілісі кезіндегі жергілікті халықтардың
кҥнделікті ӛмірі мәселесі. 1916 жылғы кӛтеріліс тақырыбы, соның ішінде кӛтерілістің негізгі
ошақтарының бірі болған Жетісу облысындағы 1916 жылғы кӛтеріліс, кеңестік кезеңнен бастап
бҥгінге дейін біршама зерттелді. Әр заманның талабына сай тҧжырымдар жасалды, әлі де
жасалуда. Дегенмен, Жетісу облысындағы тҧрғындардың 1916 жылғы кӛтеріліс кезіндегі
кҥнделікті ӛмірі мәселесі алғаш рет талдауға алынып отыр.
Сондықтан аталған уақыттағы Жетісу облысы тҧрғындарының ӛмірін кҥнделіктілік
тҧрғысынан ашып кӛрсету негізгі мақсат етіп алынды. Ол ҥшін алдымен 1916 жылғы
кӛтерілістің негізгі себептерін анықтап, жергілікті халықтың отаршылдық кезеңдегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайына талдау жасау; патша жарлығына халықтың қарсылық кӛрсетуінің
негізгі себебі; патша ҥкіметінің жергілікті халыққа қатысты ҧстанған саясатын тҧрғындардың
қалай қабылдағаны, оның олардың кҥнделікті ӛміріне, кӛңіл-кҥйіне әсері; тҧрғындардың соған
орай қайтарған жауабы сияқты, т.б. бірқатар мәселелерді анықтау қажеттігі туындайды.