Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет239/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Материалдар және методологиясы 
Жҧмысты  жазу  барысында  ҚР  Орталық  мемлекеттік  архивінің,  «Ғылым  Ордасы»  РМК 
Орталық  ғылыми  кітапханасының  қолжазба  қорының  материалдары,  сонымен  бірге  арнайы 
тарихи еңбектер, әдеби-тарихи шығармалар, естеліктер қолданылды. Мақаланы жазу барысында 
тарихи  және  жалпы  ғылыми-зерттеу  әдістерімен  бірге  ғылыми  танымның  жаңа  бағыттарының 
бірі – кҥнделіктілік әдісі қолданылды.  
Талдау 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
182 
 
Тақырыпты  жазып  шығуда  1916  жылғы  Жетісу  кӛтерілісі  туралы  мол  мағлҧмат 
беретін  мҧрағат  және  қолжазба  қорларының  дереккӛздері,  кеңестік  және  тәуелсіздік 
кезеңіндегі ғылыми еңбектер қолданылды. Мысалы,  Ив. Чеканинский [2], Б.С. Сҥлейменов, 
В.Я. Басин [3] сияқты кеңестік кезең авторларының еңбектерінен патша жарлығына байланысты 
Жетісу  облысында  орын  алған  кӛтерілістер,  патша  әскерлерінің  жазықсыз  халыққа  жасаған 
озбырлығы туралы нақты мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңінде жарық 
кӛрген  келесі  зерттеулер  мен  естеліктер  жинағы  [4],  [5],  [6]  мәселені  ҧлттық  ҧстаным 
тҧрғысынан талдауға алған қҧнды еңбектер болып табылды. Ал, П. Кокайсл, А. Усмановтың [7] 
еңбегі 1916 жылғы Жетісу кӛтерілісі кезіндегі қырғыз халқының кҥнделікті ӛмірі туралы қҧнды 
ақпараттар берді.  
Ал,  Жапон  тарихшысы  Akira  Ueda  1916  жылы  Тҥркістан  ӛлкесін  қамтыған  кӛтерілісінің 
негізінде  патша  ҥкіметінің  жер  саясаты  жатқандығына  тоқталып,  25  маусымдағы  жарлықтың 
кӛтеріліске тҥрткі болғанын географиялық ақпараттық жҥйе арқылы жан-жақты ашып кӛрсетеді 
[8; 33-44].  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет