Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет240/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Зерттеу  нәтижесі.  1916  жыл  Жетісу  облысының  тҧрғындары  ҥшін  патша  билігі 
орнағаннан  бергі  ӛте  ауыр  жылдардың  бірі  болды.  Ресей  империясының  бірінші  дҥниежҥзілік 
соғысқа  қатысуына  байланысты  халыққа  салынатын  салықтардың  тҥрі  мен  кӛлемі  ӛсіп,  облыс 
тҧрғындарының тҧрмыс-тіршілігі қиындай тҥсті. 
1915  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  әскерден  босатылғандар  әскери  салық  тӛлеулері  тиіс 
болды. Сонымен бірге империяның кейбір шет аймақтарында бҧрынғы салыққа қосымша, әскери 
қызметті  алмастыратын  ерекше  салық  тҥрі  енгізілді.  Бҧл  ерекше  әскери  салық  1911-1914  жж. 
әскерге шақырылмағандарға салынды, ал егер шақырыла қалса немесе жасы 43-ке толған азамат 
болса, онда салықтан босатылатын болды [5; 24]. 
Тҥркістан  ӛлкесінен  майдан  қажеттіліктері  ҥшін  ӛте  кӛп  мӛлшерде  азық-тҥлік  ӛнімдері, 
мал,  тҧрмыстық  бҧйымдар  алынды.  Мысалы,  1914-1916  жж.  474  мың  пҧт  балық,  299  мың  пҧт 
сабын, 70 мың жылқы, 13 мыңдай тҥйе, 38 мың шаршы кез киіз, 441 киіз ҥй және т.б. алынған. 
Ал, 1914 ж. бір ғана Жетісу облысынан алынған мал мен ауыл шаруашылығы ӛнімдерінің қҧны 
34 млн. сомға тең болды. Бҧл кӛрсеткіш 1916 жылы бірнеше есеге ӛсіп, елде билікке қарсы халық 
наразылығының ӛршуіне тҥрткі болды [4; 6].  
Елдегі  әлеуметтік-экономикалық  қиындықтар  жергілікті  қазақ-қырғыздарға  ғана  емес, 
орыс  тҧрғындарына да  ауыр  тиді.  Мысалы,  кҥйеулері  соғысқа  кеткен,  елдегі қымбатшылықтан 
кҥнделікті  тҧрмыс-тіршілігі  қиындаған  Жаркент  уезінің  Вишняковск  селосының  әйелдері  1916 
ж. кӛктемде әкімшіліктен мануфактуралық ӛнімдерге, аяқ киім, т.б. бағаны реттеуді талап етеді 
[8; 13].  
Жері  мен  малынан  айырылып,  патша  ҥкіметінің  салық  саясатынан  әбден  зардап  шеккен 
жергілікті халықтардың кӛзіне патша шенеуніктерімен бірге қазақ-қырғыздың болыстары, орыс 
әкімшілігінде  қызмет  істейтін  тілмаштары,  хатшылары  және  шенеуніктерді  ел  аралатып,  ат-
кӛлікпен  қамтамасыз  етуге  міндеттелген  қазақ-қырғыз  жігіттері  де,  сарт,  татар,  армян 
саудагерлері де қанаушылар болып кӛрінді [6; 8]. 
Халық әлеуметтік-экономикалық жағынан қыспаққа ҧшырап, кҥйзелісті жағдайда тҧрғанда 
1916  жылы  25  маусымда  патша  жарлығы  шығады.  «Маусым  жарлығы»  бойынша  Жетісу 
облысынан майданның қара жҧмысына 87 мың адам алу жоспарланды [4; 7]. 
 Жарлықты  естіген  ел  ішінде  дҥрбелең  орын  алды.  Ол  туралы  хабар  Жетісу  облысына 
шілденің алғашқы кҥндері келіп жетті. Облыстың әскери губернаторы тез арада Верныйға жақын 
маңдағы  болыстықтардың  басқармаларын  шақыртып  алып,  оларды  шҧғыл  тҥрде  осы  хабармен 
таныстыра  бастайды.  Сонымен  бірге  уезд  басқармаларына  да  телеграфпен  ӛкім  жіберіп, 
жергілікті  тҧрғындардың  ішіндегі  беделді,  ықпалды  адамдармен  сӛйлесіп,  патша  жарлығын 
тҥсіндіруді және оның сӛзсіз орындалуын талап етеді [10; 60]. 
Майданның қара жҧмысына адам алу туралы хабар халыққа да, олардың басшыларына да 
мҥлдем  кҥтпеген  жағдай  еді.  Қарқара  кӛтерілісінің  куәгері,  кӛтеріліс  қарсаңында  тілмаш 
қызметін атқарған Әубәкір Жҥнісовтың айтуы бойынша, майданның қара жҧмысына адам беру 
керектігі  туралы  жарлықты  естіген  болыстардың  ӛңі  қҧп-қу  болып  кетіп,  «біз  елсіз  ешнәрсе 
жасай алмаймыз» деп тарқай бастаған [11; 158-167].  


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
183 
 
Жарлық шілденің 4-5 кҥндері тараншылар мекендейтін Ақкент болыстығында және қазақ 
болыстықтарында,  11  шілдеде  Иванов,  Әлжан  болыстықтарында  жарияланады.  Халық  барлық 
жерде бірауыздан наразылық танытып, жарлықты орындаудан бас тартады [3; 83-84].  
Шілденің 5 кҥні Верный уезінің Жайылмыс болыстығының қазақтары да Ҥшқоңырда бас 
қосып, майдан жҧмысына адам бермеске бітім жасасады.  
Қазақтардың  наразы  кӛңіл-кҥйін,  ӛшпенділігін  байқаған  билік  қарулы  казак  әскерін 
жасақтап  дайын  отырды.  Қазақтар  да  ӛздеріне  қарсы  кҥш  қолданылатын  болса,  қаруы 
жоқтығына қарамастан, орақ, шалғы, әртҥрлі темір, пышақ, т.б. қолдарына тҥскен қҧралдармен 
қарсы тҧрмақ болды [10; 41-42]. 
10 шілдеде Ҧзынағаш болыстығының Ҥлкенсаз деген жерінде облыстың 11 болыстығынан 
5 000 адам қатысқан жиын болып, олар да қара жҧмысқа адам бермейміз деп бәтуаласады [4; 8].  
Қарқара  аймағына  патша  жарлығы  шілденің  7  кҥні  белгілі  болған.  Болыстық 
басқармаларын  жарлықпен  таныстырған  Нарынқол-Шарын  бӛлімшесінің  бақылаушысы 
А.А.Подварков  (қазақтар  оны  бас  киімінің  артына  желкесін  жауып  тҧратын  ақ  шҥберек 
қыстырып  алатын  болғандықтан  «Ақжелке»  деп  атаған)  уақыттың  тығыз  екенін  айтып,  ҥш 
кҥннің  ішінде  қара  жҧмысқа  алынатындардың  тізімін  дайындауды  тапсырады.  Бірақ  ӛзі,  ҥш 
кҥнді  кҥтпей,  9  шілде  кҥні  кҥдікті  деген  жерлерге  ӛзінің  адамдарын  және  әскер  жіберіп,  елдің 
ҥрейін ҧшыра бастайды [11; 158-167]. Онымен де қоймай, 10 шілдеде «Қарқара жәрмеңкесінде 
саудагерлердің 50 шақты ірі қарасы жоғалды, оны ҧрлаған қазақтар. Сондықтан әр болыстыққа 
бӛліп алып, шығынды тӛлеңдер» - деп халықты қыспаққа ала бастайды. Халық оған наразылық 
танытады [12; 170-177].  
Шілденің  11  кҥні  Ҧзақ,  Жәмеңке,  Серікбай,  Тҧрлықожа,  Айтбай  сынды  албанның 
белсенділері Қарқара алқабына қалың халықты бастап келіп, жарлыққа байланысты бірауыздан 
«бала  бермейміз»  деген  шешімдерін  айтады.  Халықтың  патшаның  бала  сҧрағанына  ашынғаны 
сондай,  куәгердің  мәлімдеуінше,  осы  жиынға  ӛгіз  мініп  келген  бір  ақсақал  пышағын  суырып 
алып, «бала берем дегендеріңді жарып ӛлтірем» - деп айқай салған [11; 158-167]. 
Оқиға  куәгерлерінің  бірі  Алдаберген  Қойшыбекҧлы  ӛзінің  осы  жиналыстан  кейін 
тілмаштың  қолындағы  тізімді  алып,  жыртып  тастағанын  айтады.  Оған  ӛкпелеген  тілмаш  «ел 
қарсы шығып жатыр» деп хаттама жазуға ыңғайланған. Бірақ ауыл старшындары әрқайсысы бір-
бір  қозыдан  сегіз  қозы  және  ҥстіне  ақша  қосып  беретін  болып,  оның  ашуын  басып,  райынан 
қайтарған [13; 167-169].  
Кейін  11  шілдедегі  жиында  белсенділік  танытқандардың  бәрі  тҧтқынға  алынады.  Куәгер 
Әубәкір  Сҧлтанбекҧлының  айтуынша,  ізінше  саудагерлердің  жоғалған  малын  тӛлеп  бермесе, 
тҧтқындалғандарды ӛлтіреді деген сыбыс тарала бастайды. Қорыққан ел Подварковқа 30 000 сом 
ақша жинап береді. Оған қоса, халықтан бала сҧрап отырғаны аздай, майдан қажеттілігі ҥшін деп 
1000 сом тағы жинап алады [12; 170-177]. 
Патша  жарлығы  ел  ішін  аласапыран  кҥйге  тҥсірді.  Халықтың  кӛңілі  ала-қҧла  болып, 
ертеңгі кҥніне алаңдай бастады. Шаруаға қолдары бармай, жылт еткен жаңалыққа қҧлақ тҥріп, 
елеңдеумен кҥн ӛтіп жатты. Бҧл мәліметтерді ресми деректер де айғақтай тҥседі. 1916 ж. шілде 
айының басында Верный уезінің Шапырашты, Қарғалы, Ҥлкен Алматы, Жайылмыс, Шамалған, 
Ботбай,  Мойынқҧм,  Сарытауқҧм  болыстықтарының  бәрінде  бірдей  халықтың  кӛңілі  толқулы, 
алаңдаулы  болған.  Жарлыққа  байланысты  осы  ӛңірлердегі  халықтың  кӛңіл-кҥйін,  ел  ішіндегі 
ахуалды  бақылау  ҥшін  жіберілген  тілмаш:  «Ел  ішінде  алып-қашпа,  ӛсек  сӛз  кӛп,  дала  толқып 
тҧр.  Барлық  жерден  еңіреп  жылаған  әйелдерді  кездестіресің.  Мен  оларға:  «сендерді  соғысқа 
алмайды,  соғыс  алыста,  сендерді  жҧмысшы  ретінде  ғана  алады.  Ешқандай  қауіп  жоқ»  десем, 
сенбеді» деген мәлімет береді [10; 31]. 
Жергілікті  тҧрғындардың  кӛңіл-кҥйі  мен  іс-әрекеттері  билік  орындарына  тыңшылар 
арқылы  мәлім болып отырған. Патша ҥкіметі отар аймақтарындағы тҧрғындардың ӛздеріне іші 
жылымайтынын  сезіп,  оларды  ҥнемі  бақылауда  ҧстап  отыру  ҥшін  тыңшылардың  қызметін 
пайдаланған.  Жетісу  облысында  да  Тҥркістан  аймақтық  кҥзет  бӛлімінің  10  шақты  қызметкері 
тыңшылықпен айналысқан [14; 14].  
Ел ішіндегі алып-қашпа, ӛсек сӛздер кҥн санап ӛршіп, халықтың қорқынышы мен кҥдігін 
ҧлғайта  тҥсті.  Оның  соңы  кӛп  жерлерде  ӛшпенділікке  де  ҧласып  кетіп  отырды.  Мысалы, 
майданның  қара  жҧмысына  шақырылғандарына  болыстар  кінәлі  деп  сенген  Қорам 
болыстығының 68 тҧрғыны шілденің 12 кҥні болыстық басшысы А.Абдурасуловты ӛлтіріп, қара 
тізімді жойып жібереді. Сонымен бірге болыстың ҥйінен табылған 20.000 рубльді иеленіп кетеді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет