Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет241/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
184 
 
[4;  9].  Сондай-ақ  Қарасу  және  Жоғарғы  Тҥрген  болыстығының  қазақтары  да  Батыс  Талғар 
болыстығының  қазағы  Мырқасым  Сҥлейменовтің:  «қалада  бастапқыда  тҥземдіктерді  қара 
жҧмысқа алу қажет болмаған, бірақ Жалилов пен Сағапаев «халық қара жҧмысқа баруға келісті» 
деген.  Сосын  губернатор  тҥземдіктер  қара  жҧмысқа  алынады  дегенде  ол  екеуі  қатты  қуанған» 
деген  сӛзіне  сенеді.  Қара  жҧмысқа  шақырылып  жатқанына  сол  екеуі  кінәлі  деп  сенген  халық 
ашуға  булығып,  Жалилов  (Қарасу  болыстығының  болысы)  пен  Сағапаевты  (Жоғарғы  Тҥрген 
болыстығының болысы) ӛлтіруге бел буады [10; 31]. 
 
Осылайша, патша жарлығы халықтың тегеурінді қарсылығына тап болады.  
Фольбаум  кӛтеріліс  басталмай  тҧрып  алдын-ала  облыстағы  барлық  әскерді  есепке  алып, 
кӛтеріліс қаупі бар аудандарға жіберу ҥшін дайындап қойған болатын. Кӛтеріліс болуы мҥмкін 
деген  жерлерді  жобалап,  кӛтерілісшілердің  қашатын  жолдарын,  тау  қияларын  зерттеп,  соғыс 
жоспарын  жасаған.  Осылайша,  қашар  жер,  шығар  жол  қалдырмай,  кӛтерілісшілерді  қырып 
тастамақ болған [6;183]. 
Ел ішіндегі жағдайды жіті бақылауға алған әскери губернатор тҧрғындар арасында беделі 
бар, ықпалды адамдардың ҥстінен бақылау орнатып, олардың соңына тыңшыларды салып қойды. 
Ондай бақылау жоғарыда аты аталған кӛтеріліс ҧйымдастырушыларымен бірге патша жарлығын 
Верный  уезіне  барып,  беделді  адамдармен  бірге  талқыламақ  болған  Қапал  уезінің  қазағы 
Кахакан  Бабаев  пен  Жаркент  уезінің  тараншысы,  кӛпес  Уәли  Юлдашовтың  ҧлы  Жалаш 
Юлдашовтың ҥстінен де орнатылған [10; 30] 
Ә.Бӛкейханов, А.Байтҧрсынов, М.Дулатов сынды қазақ зиялылары «Қазақ» газеті арқылы 
«Алаштың азаматына» атты ҥндеу жариялайды. Онда халықтың патшаға қарсылық кӛрсетуінің 
соңы  қазақ  ҥшін  қырғынмен  аяқталатынын,  әрі  оны  ҥкімет  заңға  сәйкес  жҥзеге  асыратынын 
ескертіп,  майдан  жҧмысына  баруға  ҥндейді.  Сонымен  бірге  болыстар  мен  ауылнайларға  тізім 
жасағанда елді бай-кедей деп алалаудың тек қана зиян әкелетінін ескертеді [15; 25-27]. 
Алғашқы  кезде  қара  жҧмысқа  жіберілетіндердің  тізімін  жасауға  асықпаған  би-болыстар, 
биліктің  халыққа  қарсы  ҧстанымын  байқаған  соң,  елді  қырғыннан  аман  алып  қалу  ҥшін  тізім 
жасау  қамына  кіріскен.  Бірақ  тізімдеу  барысында орын  алған  әділетсіздіктер,  халықтың  қайғы-
мҧңын одан әрі ауырлатып жіберді. Ӛз балаларының орнына әке-шешесі жоқ қорғансыз балалар 
мен бір ҥйдің жалғыздарын жазып жіберген. 
Қапал  уезінің  тҧрғыны,  екі  кӛзі  су  қараңғы  Дәметкен  кемпірдің  жалғыз  баласы  Далабай 
«қара тізімге» ілінеді. Сонда баласын қҧшақтап тҧрып, зарын айтып жылағанда естіп  тҧрған ел 
шыдап тҧра алмаған [16; 83]. 
Тізім  жасау  барысындағы  әділетсіздіктердің  келесі  бір  қҧрбаны  –  Юсуп  Бабаев.  Ол  1916 
жылы  Пугасовтың  Верныйдағы  шарап  зауытында  жҧмыс  істеп  жҥрген,  қара  тізімге  бай  Назар 
Ханаевтың баласының орнына жазылып кеткен [17; 229]. 
Ал,  1916  жылы  қырғын  болған  аймақтардың  бірі  –  Лепсі  уезінің  Мақаншы-Садыр, 
Мәмбетбай-Қысқаш болыстықтары. Бҧл жердегі қырғынның орын алуына ел ішіндегі билердің 
ӛресіздігі  себеп  болған.  «Елім  қарсы  шығып  жатыр»  деп  ӛздері  әскер  әкеліп,  халықты  қанға 
бӛктірген  [18;  286]  Мақаншы-Садыр  болыстығындағы  1916  жылғы  осы  жағдайға  байланысты 
куәгер Мырзаханов Нҧрмҧқамбет: «Ел атқа қонғаннан бері «елім кӛтеріліп жатыр» деп қаладан 
шықпай солдат ертіп келіпті дегенді естіген ел «Жақамбайдың Қасымы залым болыс қой, қанша 
елдің  қанын  тӛкті»  деп,  Қасымға  лағнет  айтты»  [19;  436-444]  -  деген  ақпарат  береді.  Осыдан 
кейін  Лепсі  уезіне  қарасты  Алакӛл  және  Шарбақты  болыстықтары  мен  Бахты  аймағының 
Барлық,  Емел  болыстықтарының  қазақтары  Қытайға,  Жоңғар  Алатауының  аңғарларына,  келесі 
бір  тобы  Балқаш  қҧмдарына  қаша  бастайды.  Қарулы  жасақ  Мақаншы-Садыр  болыстығына 
кӛмекке келген Мақаншы-Шілікті және Мақаншы-Қысқаш болыстығының №4 ауылының молда 
Мҧхамед  қажы  бастаған  кӛтерілісшілерін  оқтың  астына  алып,  қолға  тҥскен  200-дей  адамды 
азаптап,  қылышпен  шапқылап  ӛлтіреді.  Қалғандары  Лепсінің  қарсы  бетіне  қашып  кетіп,  орыс 
отрядының талауына ҧшырайды. Орыстар бҧлардың 5000-ға жуық қой, сиыр, тҥйе, жылқыларын 
тартып  алып,  92  адамын  тҧтқындаған  [2;  82-83].  Оның  ішінде  кӛтеріліс  басшыларымен  бірге 
ауыл  старшындары,  билер,  елубасылар  болған.  Осыдан  оқиғадан  соң  Лепсі  уезіндегі  халық 
кӛтерілісі  тоқтатылып,  қыркҥйектің  соңына  қарай  Қытайға  ӛтіп  кеткендерінен  басқа  барлық 
болыстықтар қара жҧмысқа адам бере бастаған [20; 191].  
Тамызда  Пішпек,  Пржевальск,  Жаркент  уездерінде  халық  наразылығы  кҥшейіп, 
кӛтерілісшілер  Тоқмақтан  Пішпекке  баратын  жолдың  бәрін  басып  алған.  Пржевальскімен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет