Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
290
Еріктің туындауы ҥшін қандай да кедергілер қажет. Ерік мақсатқа жету барысында
кездесетін кедергілер пайда болғанда нақты кӛрініс береді. Қызмет барысында кездесетін уақыт,
кеңістік, адамдардың қарама-қарсылықтары т.б. – сыртқы кедергілер депатаймыз. Адам
бойындағы қатынастар мен ҧстанымдар, шаршау, ауыр кҥйлер және т.б. – ішкі кедергілер деп
атаймыз. Осы аталған кедергілер тҥгелдей санада бейнеленіп, кедергілерді жеңудің қажеттілігін
қҧрайтын екінші кҥшті тудырады [15; 152].
Ерікті кҥштер:
1) әрекеттердің жеткілікті эмоциясы болмағанда оларға деген жетіспеген ниеттің орнын
толтыруда;
2) мотивтерді, мақсаттарды әрекеттердің тҥрлерін іріктегенде , олардың шиеленісіне;
3) ішкі және сыртқы әрекеттер мен психикалық процестерді ырықты реттеуде қажет;
Ерік эмоциялы процестермен және танымдық мотивтермен тығыз байланысты. Осы орайда
адамның әрекеттерін ырықты және ырықсыз әрекеттер деп екіге бӛлеміз.
Сезілмеген ниеттердің пайда болуынан немесе санасыз, еркінен тыс пайда болған
әрекеттерді - ырықсыз әрекеттер деп атаймыз. Дәлірек айтқанда оларды нақты жоспарламайды,
кез-келген уақытта кӛрініс беретін әрекет тҥрі. Адамның аффект жағдайында туындайтын
(ашулану, таң қалу, қорқыныш) кҥйлері ырықсыз әрекет бола алады. Ал, қандайда бір әрекетті орындау барысында алдын-ала мақсат қойып, оның орындалу
барысын жоспарлай отырып жҥзеге асыратын әрекет тҥрін - ырықты әрекеттер деп атаймыз.
Мҧндай жағдайда ерік адамның ӛз-ӛзіне сенімді кҥші ретінде орындалады.
Адамның сыртқы және ішкі әлемінде кездесетін қиыншылықтар мен кҥрделілігіне
байланысты ерікті 3 ке бӛліп қарастыруға болады. 1)
қалаған арман-тілегі орындалатын жеңіл ортада ерікті қажет етпейді;
2)
тҥрлі кедергілер кездесетін қиын орталарда ерікті қуат, ҧстамдылық пен
шыдамдылық қажет, алайда адамның ӛз кҥшіне, сенімді болып іштей тыныш болуына орай ерікті
жағдайға юайланысты пайдаланады (адамның қарпайым ішкі әлемі);
3)
жеңіл сыртқы орта мен адамның ауыр ішкі ортасында ӛзара қарама қайшылық ерікті
қуат қажет болады. Адамда кҥрделі қажеттіліктер мен мақсаттардың ӛзара кҥресі туындайды,
адам ӛз бетінше шешім қабылдауда қиналады [16; 361-363].
Денсаулық қызықты жҧмыс, бақытты отбасы, материалды қамтамасыз етілген, белсенді де
әрекетшіл ӛмір, махаббат сияқты менеджерлердің ӛмірлік қҧндылықтарына ӛзара байланысты.
Менеджерлердің кәсіби іс-әрекетінде мӛлшерден артық жҥктеме, жҧмыстағы эмоциялық қысым,
орындайтын іс-әрекеттің кҥрделілігі, уақыттың жетіспеушілігі, сондай-ақ кәсіби іс-әрекетті
орындауда зейіннің алаңдауы сынды кӛптеген факторлардың ыӛпалына тҥседі. Менеджердердің
кәсіби іс-әрекетінің қҧрылымындағы денсаулығы, оларға кәсіби жолдарының барлық кезеңдерін
аздаған шығынмен ӛтуге мҥмкіндік беретін және іс-әрекеттің тиімділігі мен сенімділігін
қамтамасыз ететін стретегиялық ресурс ретінде қызмет ететіндіктен басшы денсаулығының жай-
кҥйі мене жҧмыс барысында туындап отыратын стресспен кҥрес сияқты дҥниелерге ерекше
назар аударған жӛн.