Презентация Орындаған: Балтабай Ә
Тобы: ПК-02-21
Қабылдаған:Керимбекова М.
Тақырыбы:Организм қызметін реттеуде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесінің жастық ерекшеліктері.
Қалыпты және патологиялық Шымкент 2022 ж.
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1)Бүйрекүсті безі.
2) Организм қызметін реттеуде гипоталамо-гипофизарлы бүйрекүсті жүйесінің жастық ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер І. Кіріспе Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон(грек.гормо – іске қосамын, қозғаймын) деп атайды.
Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
Ішкі секрециялық бездерге:гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, бүйрекүсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм);
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады.
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді.Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (гипер – артық, жоғары) байқалады.
Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті бездер қыртысының эндокринді жүйесі-организмнің көптеген қызметтерін реттейтін гормондарды түзеді, бірақ маңызды гормондар жүйесі ерекше қарастырып өтуді талап етеді: КРГ-кортикотропин –кортизол.
Бұл гормондар физикалық жүктеме,эмоционалды қол еңбегі, стресс факторы әсер еткенде, ауырған кездерде организмнің тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
ГГБ жүйесі
Гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жыныстық жетілуді реттейді.
Қоршаған ортаның зиянды факторларынан сақтайды.
Өсу мен дамуды жүзеге асырады
ГГБ жүйесі
Гипоталамустың,гипофиздің,бүйрекүсті безі қыртысының гормондары қатысады.
Стресстік жағдайларда гормондарды реттелуді жүзеге асырады.
Адено және нейрогипофиз қызметі нейросекреторлы жасушалар арқылы реттеледі.
ГГБ жүйесі
ГГБ жүйенің реттелу механизмі тікелей және кері байланыстардан тұрады.
Тікелей байланысгипоталамустан басталып,гипофизге өтеді,одан әрі бүйрекүсті безіне барады.
Кері байланысперифериялық безден басталатын сыртқы және гипофизден басталатын ішкі болуы мүмкін.
Тікелей байланыс –гипоталамус гипофизге кортикотропин бөледі.Ол адренокортикотропты гормонның қаңға түсуін жүзеге асырады.Оның әсерінен бүйрекүсті безі қыртысынан кортизол гормоны бөлінеді.
Кері байланыс-глюкокортикоидтар АКТГ өндірілуін реттейді.Ол кортизол синтезін қамтамасыз етеді.Гипоталамус қандағы кортизолдың жоғарғы концентрациясын тудырып АКТГ бөлуін төмендейді.