Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет402/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
318 
 
театр сыншылары, суретшілер, режиссерлар және актерлер келді. Солардың ішінде қазіргі грузин 
театрының зерттеу орталығының директоры, Грузия театр және кино университетінің профессоры 
Лара Чхартишвили ӛзінің блогында Асанәлі Әшімов туралы мынадай блог жазды: 
«Асанәлі Әшімов - қазақстандық орындаушылық ӛнердің ӛзіндік бренді. Кеңес Одағының 
халық  әртісі,  танымал  театр  және  кино  режиссері,  қоғам  қайраткері  және  кеңестік 
шығармашылық  авангардтың  тамаша  ӛкілдерінің  бірі.  Бҥгінгі  таңда  ол  Қазақ  ҧлттық  театрын 
басқарып,  педагогикалық  қызметке  жетекшілік  етеді.  Асанәлі  Әшімов  мәдени  мҧра,  елдің 
қазынасы  мен  еліміздің  рухани  безендіруі  ретінде,  Қазақстан  ҥкіметі  тарапынан  лайықты  және 
қамқорлыққа ие»
 [6].
 
Ҧстанымы  мықтының,  ҧстазы  мықты  деп  Асанәлі  Әшімов  туралы  айтсақ  болады.  Себебі 
актер  шеберлігі  сабағының  мастері  ретінде  біріншіден  ол  ӛзінің  шәкірттеріне  оқулықтың  оқу 
мәдениетін  ерекше  қҧштарлықпен  ҥйретеді.  Актер  тек  қимылы  мен  сӛзіне,  жан  дҥниесі, 
пластикасы,  даусынан  бӛлек  ақыл-ой  ӛрісі  болу  керек.  Интеллектуалды  дамуының  ең  маңызды 
қҧралдарының бірі - кітап, ол болмаса артист деген атақтыға айналуы екіталай. Асанәлі Әшімов 
осы  қағиданы  шәкірт  тәрбиелеуінде  нық  ҧстанады.  Әшімов  шәкірттеріне  сабақ  барысында 
әрдайым  мынадай  нақыл  сӛздерін  айтып  отырады:  «Барлықтарың  әртіс  болмасаңдар  да,  адам 
қылып шығарамын», «ӛмірлеріңді шындыққа арнаңдар».
 
Шәкірт тәрбиелеудің ӛзіндік дара жол екендігі анық. Қазақ театр сахнасында кӛптеген ҧлы 
тҧлғаларымыз,  ҧлы  режиссерлар,  актерлеріміз  театр  мәдениетіне  ҥлкен  бір  тербеліс  әкелді. 
Асанәлі  Әшімов  -  сол  генетиканың  бҥгінгі  қара  кӛзі.  Асанәлі  Әшімовтың  тек  қана  шәкірт 
тәрбиелеумен актерлік қыры мен қоса режиссерлік қабілетін айта кетсек болады. Кешегі ҧлғатты 
ҧстаздардан тәлім алған, аңыз тҧлғалардың кӛзін кӛрген, жеке дараланған феномендермен әріптес 
болған  Асанәлі  Әшімовтың  қазіргі  таңда  актер  шеберлігінің  дәріптелуіне  айтар  ойымен,  кешегі 
мектептен ҥйренген шеберлігін осы кҥндегі шәкірттеріне жеткізіп отыр.  
Ӛткелі  мен  бҥгінгі  заманның  ҧлағатты  адамзатының  ӛмірі  мен  ӛнерін  тайталасқа  салып 
келетіні  анық.  Қазақ  театр  мәдениеті  тек  қана  қазақ  елінде  ғана  емес,  кҥллі  әлем  демесек  те, 
кӛршілес  елдер  мен  алыс  жақын  мемлекеттермен  ӛзара  театр  фестивальдарымен,  танымал 
актерлерімен, жас буын студенттермен тәлім тәрбие, біліммен, ӛнер және тәжірибемен алмасып 
отырғаны  анық.  Асанәлі  Әшімовтың  осыған  орай  театр  ӛнерінде  осы  кҥнге  дейін  ӛз  ҥлесін 
қосуда, атап айтсақ солардың бірі кҥні кеше ғана ашылған Асанәлі Әшімов театры болып отыр. 
Асанәлі  Әшімов  пен  оның  шәкірттері  жаңа  театр  ашуға  ҥлкен  қадам  жасады.  Т.Жҥргенов 
атындағы  Қазақ  ҧлттық  ӛнер  академиясының  қабырғасындағы  Асанәлі  Әшімовтің  шәкіртттері 
қазіргі  таңда  сол  театрда  жҧмыс  істейді.  2018  жылдың  тоғызыншы  қазан  кҥнінде  М.Әуезов 
атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  драма  театрының  кіші  залында  Асанаәлі  Әшімовтің 
шәкірттері  ҧлы  жазушы  және  драматург  М.Әуезовтың  ―Қарагӛз‖  трагедиясы,  заманға  сай 
―Арыстандар  патшалығы‖  музыкалық  драмасы  және  ―Соңғы  қоңырау‖  поэтикалық  драмасын 
кӛрермендерге паш етті. Әрбір актер ӛзінің рӛлін барынша шебер ойнап, ӛзінің профессионалды 
саласына ҥлкен қадам жасады. Жас актерлерге бҧл ҥлкен қадам болды. Актер мамандығында ең 
бірінші еңбекқор  болу  міндетті. Таңның  атысы  мен  батысы  дайындықтан  тҧрады.  Осы  театрда 
ҥш  спектакльді  қою  ҥшін  кӛп  уақытты  қажет  етті.  Қазіргі  таңда  театрдың  мақсаттарының  бірі 
труппа шығару, ҧжым қҧрып, заманға сай жаңа театр жҥйелерімен жҧмыс істеу. Қазақ ӛнерінің 
майталманына  айналған  Асанәлі  Әшімов  Темірбек  Жҥргенов  атындағы  Қазақ  Ҧлттық  Ӛнер 
акедемиясында  әлі кҥнге  дейін  ҧстаздық қызмет етеді. Тәлімді  ҧстаздан білім  алған  шәкірттері 
Асанәлінің туын тік ҧстап, акедемиялық, облыстық театрларда аброймен қызмет етіп, халықтың 
қошеметіне бӛленіп жҥр.  
Асанәлі  Әшімов  -  сонау  2003  жылдан  бастау  алып  келе  жатқан  халықаралық  «Шәкен 
жҧлдыздары»  кинофестивалін  ҧйымдаструшылардың  бірі,  қҧрметті  тӛрағасы.  Қазіргі  таңда 
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік акедемиялық театрының артисі және Қазақстан Театрлар 
ассоциациясының  тӛрағасы  ретінде  ҧлттық  сахна  ӛнерінің  ӛркендеуіне  мол  тәжірибесі,  аброй-
беделімен елеулі ҥлес қосып отыр.  
«Ӛнер менің жан рахатым, ӛмірім. Неге мен, ол, тағы басқалар зейнет жасына келді деп, әлде 
біреудің  қҧқайымен  жҧмыс  қабілетінен  айырылуға  тиіс.  Мен  актермін.  Жастарға  режиссерлік 
жҧмысымда  актерлік  тәжірибемді  қалдырғым  келді.  Актерлік  режиссура  деген  болады,  бҧл 
әлемдік  деңгейде дәлелденген  шындық. Театрда  талантты  жастар  бар, оларға жол  ашу керек.  Ал 
ерекше талантқа қамқорлы, ерекше кӛзқарас керек. Ол бәйге аты секілді ғой. Бәйге атын есті қазақ 
ылдиға салмаса керек. Кӛрерменнің кӛңілі, кӛзқарасы сол таланттардың ойынына қарай тҥзеледі. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
319 
 
Біздің кезімізде театрға Қожамқҧловты, Ноғайбаевты, Молдабековті, Жайсаңбаевты әр кӛрермен ӛз 
қалауына қарай іздеп келетін. Театрдың жҥрегі, актерге деген кӛзқарас орнықты емес. Ӛркениетті 
елдерде әрбір актер әр ҥйдің қымбатты адамына айналған» [7; 130]
Асанәлі  Әшімов  деген  кезде  қазақ  дәстҥрінде  қалыптасқан  халық  арасында  белгілі  болған 
батырлардың  тҧлғалары  елестейді.  Бҥгінде  елдің  қҧрметті  қонағы,  тӛрге  шығарар  асылы  болып 
отырғаны  оның  шығармашылық  кӛркем  еңбегінің  биік  дәрежеде  болғандығымен  байланысты. 
Кӛрнекті  театр-кино  актері,  режиссер,  қайраткер,  ҧлағатты  ҧстаз,  Қазақстаның  Еңбек  ері, 
Қазақстан және Кеңес Одағының халық артисі, халықаралық кинофестивальдердің бірнеше мәрте 
жҥлдегері,  «Отан»  орденінің  иегері  -  Асанәлі  Әшімов  қазақ  театры  мен  киносында  эпикалық 
романтикадан бастап, қатаң реализм, драмалық-трагедия, әлеуметтік сарказмге дейінгі тҧлғаланған 
кейіпкерлердің  тҧтас  галереясын  жасаған  актер.  Қазақ  театр  мәдениетінде  осы  кҥнге  дейін 
қалыптасып келе жатқан әртҥрлі ілімдер мен қағидалар кӛптеп кездесіп отырады. Әр саңлақтың ӛз 
дара  жолы  бар.  Асанәлі  Әшімовтің  дара  жолы  сонау  саңлақтардың  кӛзін  кӛріп,  осы  кҥнге  дейін 
ӛзінің  қол  таңбасын  қалдырып  келе  жатыр.  Бҥгінгі  жас  буынға  Әшімовті  тек  қана  актерлік 
қырынан  ғана  емес  кино  саласындағы  еңбектері  режиссерлік  жҧмыстарын  қарастырып  шәкірт 
тәрбиелеудегі  ерекшелігімен  заман  талабының  актерлық  қабілеті  қандай  болуы  қажет  екенін 
кӛрсету, Асанәлі Әшімовтің бҧрынғы театрда немесе кинода ойнаған кейіпкерлерінің образдары - 
бҥгінгі  кҥнде  тарих.  Асанәлі  Әшімов  тек  қана  кино,  театр  немесе  шәкірт  тәрбиелеудегі  және 
актерлік  жолында  Қазақстан  театр  мәдениет  саласындағы  осы  кҥндегі  озаттардың  бірі  десек 
қателеспеспіз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет