; NaOH; К
2
СО
3
.
Есептерді орындау туралы нҧсқаулықтары бар. Мысалы, бір тапсырмада оқушыларды мыс
оксидін жҧқа қабаттан тазарту ҧсынылады. Олар ҧсынылған заттардың (Н
2
О
2
; HNO
3
, Н
2
0)
қайсысын қолдануға болатынын тексерулері керек. Нҧсқауда жҧмыстың жалпы жоспары
ҧсынылады:
1) тапсырманы шешу жайлы ойларынды айтыңдар;
2) реакция теңдеуін жазыңдар;
3) тәжірибені орындаңдар, бақылауды суреттеңдер. Қорытынды шығарыңдар.
Кейбір кезде нҧсқау нақты беріледі. Бір тапсырмада оқушылар темірдің (ІІІ) оксидін
темірдің (ІІІ) хлоридінен алулары керек. Нҧсқауда оқушыларға мына сызба беріледі:
FeCl
3
→Fe
2
O
3
.
Оқушыларға №7 белгімен белгіленген затты табу және оны қалай алуға болатынын, оның
қасиетін қалай қолдануға болатынын табу ҧсынылады. Нҧсқауда шешімді табу бағытын таңдауда
және нақты затты таңдауға ойды бағыттауға кӛмектесіледі. Нҧсқауды мҧғалімнің қатысынсыз
оқушының ӛзі іске асыра алатын дидактикалық қҧрал ретінде беруге болады. Шығармашылық
ҥрдістің сипаты ретінде авторлар оқушылар әрекетінің дербестігін атаған. Тапсырмаға алдын ала
нҧсқау тҥрінде берілуі кӛмек болып саналмайды [6].
Жаратылыстану
пәндерінің мазмҧнына негізделген шығармашылық есептер ӛздерінің
табиғатына қарай шынайы проблемаға сәйкес. Бҧл есептердің бірнеше шығару жолы болуымен
айқындалады. Оқушылар ғалымдар сияқты шешудің бір жолын таңдаулары немесе оны тепе-тең
деп қабылдауы керек. Шешуінің бірнеше жолы бар химияның шығармашылық есептері
психологияда қолданылатын есептерге қарағанда ашық болып келеді. Оқушы шығарудың
бірнеше тәсілін табуы, оның дҧрыстық критерийін табуы және оның тиімді екендігі туралы
қорытынды шығаруы тиіс. Осы әрекеттерді орындау оның жҧмысындағы белгісіз тҧсын
арттырады. Осыған байланысты химия шығармашылық есептердың кӛпвариантты шешімі
туралы психологиялық талабы ӛте маңызды.
Педагогикалық мақсаттарға есептерді қолданудың оқушылардың шығармашылық
әрекеттерін қалыптастырудың ӛзіндік спецификасы бар. Бҧл специфика химиядан
шығармашылық есептерге қойылатын педагогикалық талаптарда кӛрініс табуы керек.
Шығармашылық есептерге қойылатын негізгі педагогикалық талаптарға оның
қолжетімділігін жатқызуға болады. Психологтар ҥшін ҧсынған тапсырманы оқушының шығаруы
маңызды емес. Бастысы шешу ҥрдісі белгілі бір қорытынды шығаруы тиіс. Педагог ҥшін
тапсырманы шешу мҥмкіндігінің маңызы зор. Егер оқушы ҧсынылған тапсырманы шығара
алмаса шығармашылық тәжірибенің қалыптасуы жайында сӛз қылмау керек. Оқушы келесі
есепті шығарғысы келмеуі де мҥмкін.
Химияны оқыту кезінде шығармашылық әрекетті қалыптастыруға арналған есептер
мазмҧны оқытылатын химия курсымен байланысты болуы керек.
Егер химиядан шығармашылық тапсырманы оқушы белгілі дәрежеде білімі болмаса шеше
алмайды. Ҧсынылған шығармашылық тапсырманы оқушы орындауына сенімді болу ҥшін оны
қҧрастыру кезінде оқытылып жатқан химия курсының стандартағы химиялық білімді ескеру
керек. Химия курсына сҥйену оқушыларда қандай шығармашылық тәжірибені қолданатындығын
анықтауға мҥмкіндік береді. Бҧл талап шығармашылық әрекеттің мазмҧнын анықтаушы тҥрінде
болып тҧр.
Химиядан шығармашылық есептерге қойылатын анықталған талаптарды сипаттау ҥшін
есептерге бірнеше мысал келтірейік.