Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения


КЕЙБІР ГУМАНИСТІК ТӘРБИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

КЕЙБІР ГУМАНИСТІК ТӘРБИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Майғаранова Ш. (Алматы қ.,  ҚазМемҚызПИ)  
 
Гуманистiк  бiлiм  беру  философиясы  кең  мағынада    ҿмiр  философиясы 
деген ұғымға саяды, ҿйткенi ҿмiрдiң мҽнi, мақсаты, оның құндылығы, ар-ұят, сана 
жайлы  мҽселелердi зерттейді. Ғылыми  бағыт ретiнде ҿмiр философиясы сезiмдi 
құбылыстың  маңызды қыры ретiнде қарастырады. 
Гуманистік философиялық  құндылықтар: жалпы гуманистiк мұраттар, кҿп 
мағыналы  философиялық  кҿзқарастар  мен  жеке  тұлғаның  ынта-ықыласы, 
еркiндiгi, сыртқы ықпалға  лайықты ҿзiндiк  шешiм қабылдау ҽрекетi. Жеке адам 
ҿз  қажеттiгiн  қамтамасыз  ету  ҽрекетi    арқылы,  қоғамның  қажеттiгiн    де 
қамтамасыз  етедi.  Толықтыру  принципі  қарама-қайшылық  күресі  арқылы  емес,  
үш  негізді  ҽдiснама  -  синергетика,  конвергенция  теориясы  мен  стратификация 
жҽне  комплементарлық  принцип      арқылы  iске  асуы  тиiс  (Н.Бор,  Дж.  Гэлбрейт, 
И.Пригожин,  Г.Хакен,    П.Сорокин,  Я.Тинберген,  А.Эйнштейн).  Осы  идеяларға 
сҽйкес  педагогикалық  ықпал  ҿзара  ҽрекеттесуге,    серіктестікке,  тұлғаның  ҿзін 
жетiлдіру бағытын ҿз еркімен таңдауына, пiкiрлесуiне   жол береді. 
Түйіндей келе, гуманистік  білім беру философиясы жеке тұлғаның ҿмірлік 
құндылықтарды    ҿз  еркімен    таңдауын,  қоғам  мен  тұлға    арсында  түсіністік  пен 
тепе-теңдік орнату  қажеттігін ұстанады. 
Материализмді    ұстанған  тҽрбие  теорияларының  тым  біржақты  екені 
белгілі  болып  отыр.  Сондай-ақ,  философияда  материя  мен  рухты  бiрдей 
мойындайтын  –  дуалистік  кҿзқарасты  кҿбiнесе  жаратылыстану  ғылымдарының 
мамандары  ұстанады.  Ҿйткені  олар  физиканың  мҽніне неғұрлым  терең  бойлаған 
сайын, физикадан басқа да, терең мҽндi бiрдеңенің  бар екендігіне кҿз жеткізуге 
болатындығын айтады (Б.Раушенбах). 
Академик  А.Сахаровтың  пiкiрiнше  дүниеде  материядан  жҽне  оның 
заңдылықтарынан басқа да бiрдеңе бар, сол дүниенге жылылық бередi. Оны дiни 
сезiм деуге де болады, дүниенiң мҽнiн сезiну - молекулалардың жиынтығын білу 
емес.  Демек,  ғылым  қазiргі  кезеңде  логикадан  тысқары  байланыстарға  назар 
аударып,  интуитивтiк  сезiмнің  мҽнін  түсіне  бастады.  Ежелден  дiни  сезiм 
ғарыштық үрдiстерге қатысты болған.  Қарапайым адам ҿзінің Ҽлеммен үйлесімді 
байланысын,  алыс  жҽне  жақын  ғарыштық  үрдiстердi  санасымен  түсініп,  жан 

122
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
дұниесімен  сезiне  білген.  Дүниенi  қисынмен  игеруден  гҿрi,  интуитивтiк  сезiм 
арқылы игеру ауқымының кеңдігіне кҿз жеткізуге  болады. 
Қазіргі  кезеңдегі  физиктердің    зерттеулеріне  сүйенсек,  бүкіл  жаратылыс 
табиғаты  информация, энергия  мен  материядан  тұратынын,  ал  адам  табиғаты  да 
осыларға  байланысты  екенін  дҽлелдейтін  информациология  ғылымы  қарқынды 
дамып,  ноосфералық  интеллектпен  үйлесімді  тіршілік  құрудың  тҽсілдерін 
қалыптастыруда /2/. 
  
Педагогика  бүгінгі  ғылыми  жетістіктермен  қарулану  мақсатында 
синергетикалық  зерттеулерге    да  басты  назар  аударып  отыр.  Синергетика  - 
ҿздiгiнен  ұйымдастырылу  -  кез  келген  жүйенiң  ҿздiгiнен  дамуға  бағытталуы,  ҿз 
бойынан жаңа, тұрақты құрылымды  «ҿсiруі». Педагогикалық  тұрғыдан ҿздiгiнен 
ұйымдастырылу дегенiмiз  мұғалiмнің  ҿзiнiң  iшкi  ресурстарын «ҿздiгiнен ҿсiру» 
қабiлетi,  яғни  педагогикалық  iс-ҽрекетке  iзгiлiк  мҽн  беретiн  тұлғалық  сананың 
құрылымын қалыптастыру. Iшкi ресурстарды ҿсiру үшiн сырттан ықпал жасалуы 
керек. 
 
Тұлғаның 
саналық 
құрылымын 
қалыптастыру, 
педагогикаға 
феноменологиялық  жҽне  синергетикалық  күрделi  тепе-теңдiксiз  жүйелердi 
зерттеуден  келген  түсiнiк,  жүйенiң  жаңа  сапаға  ҿзгеруi,  яғни  ҿздiгiнен  дамуы 
синергетикалық негiздегi ҿзiн iске асыратын феноменге негiзделедi. 
 
Гуманистік 
кҿзқарас 
тұрғысынан 
тұлғаның 
iштей 
ҿздiгiнен 
ұйымдастырылуын  педагогикалық  синергетика  терминдерi  арқылы  түсiнуге 
болады.    Синергетика  -  ҿздiгiнен  ұйымдастырылу  жүйесiн  зерттейтiн  кҿптеген 
ғылымдармен кешендi жұмыс жасайды. Күрделi, үнемi даму үстiндегi ашық жүйе, 
басты  қасиетi  -  жағдайдың  ҿзгеруiне  байланысты  жаңа  сапаларды  ҿз  бойынан  
дамытып,    ҿзiн  сақтап  қалуды  кҿздейдi.  Педагогикада  ҿзiн-ҿзi  ұйымдастыратын 
жүйеге  жататындар:  бiлiм  беру,  сана,  тұлға.  Олардағы  iшкi  ҿзгерiстер  сананың 
тұлғалық құрылымының ҽрекетiн ҿзгерту арқылы оқу-тҽрбиенi қамтамасыз етедi. 
Санада  жаңа  мықты  құрылымның  пайда  болуы,  жаңа  сапалы  бiлiм  мен  ҽрекет 
тҽжiрибесiн қалыптастыру үшiн бiрнеше жағдайды ескеру керек. 
 
Бiрiншiден,  ескi  жүйе  тоқырауға  тiрелуi  керек.  Бiлiм  беру  саласының 
тоқырауға ұшырауы, бiлiм саласында жаңа мақсатты белгiлейдi. Ол оқушыны ҿз 
ҿмiрiнiң,  кҽсiби  даярлығының,  ҽлеуметтiк  тұрғыдан  ҿз  мақсатын  iске  асырудың, 
ҿздiгiнен  даму  жҽне  ҿздiгiнен  ұйымдастырылу  субьектiсi  ретiнде  дайындау; 
дҽстүрлi бiлiм беру жүйесi  оқушы-жастар арасындағы  түрлi келеңсiздiктiң белең 
алуына,  адамгершiлiк  құндылықтардың  құлдырауына,  оқушылардың  санасында 
белсендi ҽрекеттен аулақ болу, ресми тҽрбие жүйесiне  қарсы қарапайым мұраттар 
ұстанып, адасушылыққа ұрыну. 
 
Екiншiден, жаңа сапаның пайда болуы жүйенiң iшкi ресурсынан ҿрбуi тиiс. 
Дегенмен  де,    iшкi  ҿздiгiнен  ұйымдастырылатын  «iске  қосылу»  тетiгi  үшiн,  
сырттан  «қорек»  алуы  қажет.  Педагогикалық  синеригетика  сананы  тек  қызмет 
атқарушы  жүйе  ретiнде  ғана  емес,  сонымен  бiрге  мазмұнды  жүйе  ретiнде 
тұлғалық  ҽрекет  таңдайтын,  ортаға  бiртұтас  кҿзқараспен  қарайтын,  оқу  ҽрекетi 
мен  тҽртiбiн  қалыптастырады  деп  қарайды.  Осы  орайда,    оқушы  санасының 
дамуы,  «тұлғаның  сапасы»  туралы  атқарылған  қызметпен  ғана  емес,  оның 
сапалық кҿрсеткiшi туралы да түйiндеуге болады.  
 
Бұрын тҽрбие  үрдiсiнде жеке тұлғаны қалыптастыру тұлғаға мемлекеттiк, 
саяси-  экономикалық,  т.б.  жан-жақты  мүдделер  ықпал    етiп,   тұлғаның  жеке  бас 
қажеттiлiгiн  ескермей  келген  еді.  Аталған  мүдделер    тұлғаның  жеке  бас 
мүддесiнен  жоғары  қойылған  болатын.  Дейтұрғанмен  де,  осындай  кемшілік 
тұстарына  қарамастан,  белгiлi  бағыттағы  тҽрбие  –  сана  негiздерiн  жҽне    ҽрекет 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         123 
 
тҽжiрибесiн  қалыптастыруда  тұлғаның  дамуын  жалғастыруға  бастама 
болатындығын ұмытуға болмайды. 
 
Қазiргi  кезеңдегi  тҽрбие  тұлғаның  санасын  тек  қызмет  атқаруға, 
орындаушылыққа  тҽрбиелеумен  шектелмеуi  керек.  Тҽрбиенiң  мақсаты 
күрделенiп,  адамның  тұлғалық    iшкi,  субьективтiк  ҽрекет  негiздерiн  анықтап, 
оларды  дамытуы  қажет.  Сонымен  бірге  санадағы  жаңа  құрылым  эволюция 
барысында  кездейсоқ  ауытқулардан  аман  қалу  үшiн  белгiлi  тұрақтылыққа, 
тұлғалық сапаға ие болуы керек.  
 
Тұлғалық  сапа  –  адамның  жеке  басына  қатысты  жалпы  құндылықтарға 
қарым-қатынасына  қарай,  мiнез,  мҽдениет,  шығармашылық,  бостандық,  таңдау 
еркі,  елін сүю, толеранттық, жеке табыс, жеке меншiк, азаматтық қоғам, ҽдiлдiк, 
тҽртiптiлiк,  т.б.  сапалармен  сипатталады:  тұлғалық  сапа  сананың  тұлғалық 
құрылымының мазмұны жҽне деңгейi арқылы анықталады. 
 
Тұлғалық  құрылым  –  реттелген  сананың    құндылық  мазмұны,  оның 
ҽрекетiнде  кҿрiнiс  бередi.  Ол  адамның  ойлау  қызметiн  реттеп,  басқарып,  ойлау 
қабiлетiн  дамытып,  мҽдениет,  бiлiм,  тҽжiрибе,  ҿмiрлiк  жҽне  кҽсiби  мақсатқа 
құндылық қарым-қатынас арқылы,  оның ҽрекетiн анықтайды. 
 
Сананың басты  қасиетінің бiрi - бақылау. Сана адамның айналамен қарым-
қатынасын қамтамасыз ете отырып, оны үнемi бақылайды. Кез келген жағдайды 
сананың бақылауы, сананың кешендi басқа құрылымдарын  ҿрбiтедi. 
 
Сындарлылық,  тұлғаның  ҿзінен  тысқары  ортада  жүрiп  жатқан 
құндылықтар,  қалыптар,  тҽртiпке  ҿзiндiк,  субьективтiк  баға  беруі;  iшкi 
дүниесiндегi құндылықтарға ҿзiндiк қатынасы, кҿңiл-күйi, ҽрекеті, болып жатқан 
құбылыстарға ҿзiндiк ұстанымының болуы. 
 
Рефлексия,  ҿз  «Менiн»  түсiну,  байқау,  талдау,  ҿзгелермен,  болған 
оқиғалармен  ҿзiн  салыстыру.  Ҿз  «Менiн»  басынан  ҿткiзетiн  бiр  жағдайдың 
аясында кҿре бiлу, ҿзiн құрметтеу, ҿзiне сенiмдi болу, ҿз бағасын жҽне қоғамдық 
орнын бiлу. 
 
Коллизия,  болған  оқиғаның  себептерiн  салыстыру,  талдау  арқылы 
анықтап,  байқалмайтын  қырларына  назар  аударып,  оның  негiздерiн  анықтап, 
қоғамдық  жҽне    тұлғалық  құндылықтардың  астарлы  қайшылықтарын  айқындау 
арқылы оқиғаның iшкi бастауларын, байланысын, тетiктерiн, мҽнi мен мағынасын 
терең түсiну. 
 
Тұлға  санасының  құрамына    жататын    ең  маңызды  құрылым  -  түрткi 
тудыру. Оқиғаға тұлғалық мҽн беру арқылы ҿз ҽрекетiн, адамдармен қатынасын, 
ҽлеуметтiк  жҽне  танымдық  тҽжiрибесiн  эмоциялы-құндылық,  мазмұндық-мҽндi 
түрде  бойынан  ҿткiзу,    тұлғаның  ҿмiрлiк  мақсаты,  құндылық  бағдары,  ұмтылыс 
жүйесiнің  жаңа  ҽрекет  тiсiлдерiн  тудыру.  Түрткi  тұлғаның  субьект  негiзiн 
мынадай  сана  құрылымымен    толықтырады:  бағытты  анықтау,  дербестiк,  мҽндi 
шығармашылық, ҿзiн-ҿзi актуальдау, ҿзiн-ҿзi iске асыру, ҿмiрдiң рухани деңгейiн 
қамтамасыз ету. 
 
Тҽрбие  тұлғаның  шығармашылық  сапасын  қалыптастыратын  тұлғалық 
құрылымды  тҽрбиелеуi  тиiс.  Бiлiм  берудің  мақсаты  -  оқушыны  тҽрбиелеуге 
жағдай  мен  орта  қалыптастырғанда  шығармашылыққа  қабiлеттi    тұлғаны  
дамытады. 
 
Жаңа  мҽнге  ие  болған  синергетикалық  педагогикалық  жүйенiң  негiзгi 
қызметi  -  мақсат,  тұлғалық-құндылық  мағыналы  мазмұн  жҽне  технологиялық 
негiздер арқылы мазмұнды синергетикалық бағдар, жалпы жҽне жеке принциптер 
мен бағдарлы жағдай арқылы ҿзiн басқаруды ҿзгертедi. 

124
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
 
Гуманистiк  бiлiм  берудiң  бiрiншi  принципi  –  танымдық  сананың 
субьективтiлiгi.  Зерттеушi  бақылауды  жүйенiң  iшiнен  жүргiзедi.  Мұғалiм  мен 
оқушы    бiлiм  беру  субьектiсi  ретiнде  анықталады.  Оқу-тҽрбие  бiлiмдi  зерттеу 
кеңiстiгiне айналады. 
 
Екiншi  принцип  -  толықтыру,  классикалық    емес  кванттық  теорияда 
ашылған  маңызды  жаңалық  -  комплементарлық  тұжырымдаманың  мҽнi,  қарама-
қайшылық дамудың негiзi ретiнде   бiрiн-бiрi жоймайды, керiсiнше толықтырады, 
келiсiмге  келедi.  Осыған  орай    оқу-тҽрбие  үрдiсiндегi  мұғалiмнiң  жеке  сҿзiнiң 
орнына  сұхбаттасу,  пiкiрлесу,  ҽрекеттесу,  серіктестік,  тұлғаны  дамытатын 
шынайы еркіндікке бағдарлау -  адамның адамилығын дамытады. 
 
Үшiшi принцип – оқыту мен тҽрбиелеу ақпаратының ашықтығы. 
 
Тҿртiншiден, жүйедегi  (бiлiм беру, сана, тұлға) жаңа сапа синергетикалық 
принципке    жҽне  жағдайға  сҽйкесу  керек.  Мұғалiм  мен  оқушы  арасындағы 
шынайы  iзгiлiк  қатынас  үйреншiктi  бiлiм  беру  мен  тҽжiрибенi  ұйымдстырудан 
ҿзгеше,  яғни  оқу-тҽрбиедегi    ҿзара  ынтымақтастық  арқылы  ҿздiгiнен  дамудың 
жҽне ҿздiгiнен ұйымдастырылудың iшкi кҿздерiн айқындау шарт. 
 
Педагогикада  синергетикамен  қатар,  жалпылама  феноменологиялық 
тҽрбие тұжырымдамасы да дамып келеді. Қазiргi педагог бұрынғыдай ақыл айту, 
«тҽртiпке  үйрету»  сияқты  қызметiнен,  оқушыны    түсiнуге,  ҿзiмен  бiрге    шешiм 
қабылдауға,  тұлғаға  қолдау  кҿрсетуге  назар  аударып  отыр.  Феноменологиялық 
тұрғыдан,  қазiргi  теорияның  атқаратыны,  құбылысты  бiржақты  түсiндiру  емес, 
оны  табиғи қалпында суреттеу. Осындай ғылыми бетбұрыс құбылысты бiр жақты 
емес,  түрлi қырынан, соның iшiнде оқушының пiкiрiмен санаса отырып суреттеу 
үрдiсiн ескередi. 
 
Мұнда мұғалiмге қойылатын талап та ҿзгерiске ұшырайды: бағдарламалық 
материалды  қабылдаудан    -  шығармашылық  мақсаттарды  шешуге,  сананың 
кҿпқырлы  деңгейiн  жетiлдiруге,  ҿзiнi-ҿзi  iске  асыру  қабiлетiн  қалыптастыруға  
бағытталады. Сондықтан, мұғалім тек пҽн мұғалiмi жҽне ҽдiскер ғана емес, жаңа 
тҽрбие  феноменологы болуы тиiс. 
 
Феноменология - адам санасының даму жолдары мен тҽсiлдерiн, тұлғаның 
адамгершiлiгiн,    рухани  жағын  ҿздiгiнен  дамыту  туралы  iлiм,  феномен,  яғни 
ерекше  құбылыс, бiзге тек сезiм арқылы ғана емес, мҽндiк мағынада да берiледi; 
феноменология  –  iшкi  терең  танымдық  бастауларды,  байланыстарды,  тетiктердi, 
құбылыстың мҽнiн iздейтiн тҽсiл. 
 
Таңдау,  бостандық,  адамгершiлiк,  ҿзiн-ҿзi  iске  асыру  феноменi  –  бұл 
сыртқы  жағдайдың  ықпалынан  емес  (орта,  тiршiлiк  жағдай,  этникалық  ҽрекет 
үлгiлерi), сонымен бiрге iшкi жағдайлардың ықпалы   – ең бiрiншi - сана мен оның 
iшкi  мазмұны  -  тұлғалық  құрылымының  нҽтижесi.  Iшкi  жағдайлар  тұлғаның 
мақсаттық  бағытын,  ынтасын,  ҿзiн  iске  асыру  еркiндiгiн  жҽне  ҿзiне  сенiмiн 
анықтайды.  
 
Дегенмен  де  осы  бағыттарға  «дайын  күйiнде»  қол  жеткiзу  қиындық 
тудырады.  Олар    танымдық  санада  қайта  «тууы  қажет».  Тиiмдi  жолдардың  бiрi 
танымдық сананы iзгiлiк тұрғыдан ұйымдастыру. 
 
Гегельдiң  феноменологиялық    ұстанымы  бойынша  болмыс  (ҽлеуметтік 
орта)  мен  адамның  iшкi  дүниесi  «субьективтi  рух»  ҿзiне  тҽн  рухани 
субстанцияның  саналы  мазмұнмен  сҽйкестiгiн  тануы  тиiс.  «Санадағы  құбылыс» 
тек  адамға  тҽн,  тұлғаның  рухани  дамуы  «сезiмнен  абсолюттiк  бiлiмге»  
жоғарылауы. Осылардың арасындағы  ойлау қызметi сананы жетiлдiредi. 
 
Соңғы  жылдары  педагогикада  пайда  болған  тың  кҿзқарастың  бірі  -  Ш. 
Амонашвилидің  гуманды-тұлғалық  қатынасқа  негізделген  “Ҿмір  мектебі”  атты 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         125 
 
педагогикалық    трактаты.  Онда  бастауыш  сынып  оқушыларының  рухани, 
адамгершілік,  тұлғалық,  интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз  ету  кҿзделген. 
Табиғаттың  іргелі  заңдарын,  дүниені,  психиканы  игеру  үшін  адамды  рухани 
тұрғыда  дамыту  кҿзделеді.  Балаға  ҿмірді  таныту,  одан  тҽжірибе  алуына  ықпал 
ету, ҿмірдің шексіздігін, мҽңгілігін түсіндіру, “Мен не үшін ҿмір сүремін?” деген 
ізденіс  барысында  “Дүниені  тану,  ҿзін-ҿзі  жетілдіру,  рахымдылықты  ұлғайту, 
адам эволюциясын дамыту” талаптарын нысанаға алу қарастырылады. Сонымен, 
гуманды-тұлғалық  мектептің  басты  ұстанымы  -  баланы  ҿмір  арқылы  дамытып 
тҽрбиелеу. 
 
Ш.Амонашвилидің  “Ҿмір  мектебі”  атты  трактаты  іргелі  аксиомалық 
бастамаға,  ақиқатқа  негізделген  ҽлемдік-діни,  рухани-философиялық  ілімдерге 
сүйенеді.    Олардың  түйіні:  жан  -  дүниеде  бар  субстанция;      ол  мҽңгі  жетіліп 
ҿрлеуде; бұл дүниедегі ҿмір - рухани ҿрлеудің бір кезеңі. Осы түйіннен үш қағида 
ҿрбиді де ол мұғалімнің Сеніміне арқау болады: 
 
 Бұл  ҿмірде  бала  кездейсоқ  жаратылыс  емес.  Оның  бұл  дүниеге  келуі 
қажеттіліктен туған. Оны осы ҿмірге шақырған адамдар бар, олар онсыз ҿмір сүре 
алмайды.  Баланың  ҿмірлік  мақсаты  –  осы  ҿмірде  қызмет  ету  тиіс.  Ол  алыс-
жақынға,  таныс-бҿтенге,  бүкіл  планетарлық  эволюцияға  қызмет  етуі  тиіс. 
Мысалы,  ұлы  тұлғалар    адамзатқа  қызмет  ету  үшін  ҿмірге    келгендер.  Бала  рух 
иесі, оның бойында рухтың ұлы қуаты бар. Ол Кіші ғарыштық ҽлем, ол дүниемен 
бірліктегі  тіршілік  иесі.  Ол  кемелдену  жағынан  Жаратушыға  ұқсас  болғысы 
келеді.  Баланың  бойында  қуат  қоры  мол  болғандықтан,  оның  ұмтылысы  да 
биіктей түседі. 
Қорыта  келе,  мұғалім    Баланы  жоғары  ҽлемнен  келген  құбылыс  ретінде 
бағалап,  оның  осы  ҿмірде  атқаратын  белгілі  қызметімен  бірге,  үлкен  қуатқа  ие 
екеніне    Сенім  артуы,  ҿзінің  шығармашылық  тҿзімділігін  жетілдіріп,  баланы 
құрметтеуі,  оның  тұлғалық  қасиетін  шыңдап,  балаға  қалтықсыз  берілуі    жҽне 
оның  тағдырына  жауапты  болуы  шарт.  Сенім  дегеніміз  білімді  сезіну,  ал  оның 
қағидалары  ғылыми  дҽлелдерге  сай  келе  бермейді.  Тек  ішкі  сезімдік  ой  ғана 
сенімді білдіреді де, ол іс-ҽрекетке ұласады /3/. 
Сонымен,  гуманистiк  тҽрбие  теорияларының  басты  нысанасы  -    тұлғаның 
iшкi  мүмкiндiктерi  мен  қабiлеттерiн  дамытып,  ҿздiгiнен  бiлiмiн    жетiлдiру, 
санасын  дамыту,  сезiмдiк-эмоциялық  жағдайы  мен  интуициясын  дамыту,  сана 
мен сезiмдi үйлестiру, жаратылыстан берiлген  ақпарат кҿздерiн түсiну, адамның 
тектiк  коды  мен  ҽлеуметтiк  тҽжiрибесiн    үйлестiру,  қоғам  мен  адам  арасындағы 
қарым-қатынасты iзгiлiкке бағындыру. Ең жоғары құндылық - адамның тұлғалық 
қасиетi,  оның iшкi дүниесi,  бостандығы, еркi,  даралығы жҽне шығармашылығын 
дамытуды жүзеге асыру.  
Идеалистiк  философияға  негiзделген  мектептердiң  бiрi  –  Вальдорф 
мектептерiнiң  қозғалысы.  Бұл  мектеп  адам  дамуының  антропософтiк 
түсiнiктемесiне,  яғни  адам  бойындағы  тҽндiк,  жандық,  рухтық  факторлардың 
үйлесiмдiлiгiне  сүйенедi.  Антропософтiк  мектептiң  негiзiн  қалаған  немiс 
философы  Р.Штайнер.  Вальдорф  мектебiнiң  басты  мақсаты  тҽрбиенi  рухани 
негiзде,  яғни  жас  ұрпақтың  «руханилықты  пайымдауға»  қабiлеттiлiгiн  дамыту 
барысында,  рухтық  жҽне  жандық  қасиеттердi  сезiм  мүшелерi  қабылдағандай 
сезiнiп,  оны  қабылдай  алуға  тҽрбиелеудi  кҿздейдi  жҽне  ерiктi  тұлға  тҽрбиелеу 
арқылы,  оның  шығармашылығын  ҿрбiтiп,  қоғамдағы  консервативтiк  ҽлеуметтiк 
құрылымдар  мен  стеоретиптi  iс-ҽрекеттерден  бойын  аулақ  ұстауға  баулу. 
Тҽрбиенiң  негiзгi  ұстанымы  –  ең  бiрiншi  кҿркемдiкке,  сұлулыққа,  онан  кейiн 
ақыл-ойды  дамытуды  алға  қоюды  кҿздейдi.  Тҽрбиеленушiлердi  кҿркемдiк, 

126
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
шығармашылық  iс-ҽрекетке  тҽрбиелеу  басты  ұстаным  болғанымен,  оны  ақыл-
оймен,  ерiк  сапасын  дамытатын  басты  құрал  ретiнде  қарастырып,  ҿзгермелi 
ҽлеуметтiк  ортада  ҿз  мүмкiндiгiне  сҽйкес  қатынас  құра  бiлуге  тҽрбиелеу  iске 
асырылады /4, 5/. 
«Бiрiктiру  тҽрбие  философиясы»  реалистiк  бағытқа  жатады.  Бұл  теорияда 
адамның «тҽндiк жҽне жандық жаратылысы» үйлесiмдiлiкте қарастырылады. Осы 
негiзде  құрылған  тҽрбие  тұжырымдамасы  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда 
мынадай  теориялық  мҽселелердi  ескеру  қажет  деп  санайды:    жүрек  тҽрбиесi  – 
руханилық  немесе  сезiм  аспектiсi;  моральдiк  жҽне  этикалық  тҽрбие  отбасынан 
басталады;    бiлiмдi  игеру  –  ақыл-ой,  ерiк  бiрлiгiн  жҽне  адам  ҽрекетiн, 
шығармашылығын жетiлдiру. 
        Қорыта  келе,  бұл  тұжырымдама  бойынша  шынайы  құндылыққа  адам  тек 
жүрек жылуы, мейiрiм арқылы ғана жетедi. Тек ақыл-ой арқылы құндылықтарды 
игерудiң жеткiлiксiз екенiн кҿрсетедi. «Бiрiктiру тҽрбие философиясы» жоғарыда 
аталған  жүрек  тҽрбиесi,  отбасынан  бастау  алатын  моральдiк  жҽне  эстетикалық 
тҽрбие,  бiлiмдi  игеру  мҽселелерiн  тығыз  байланыста  қарастырып,  рухани  бiлiм 
беру теориясының негiзін қалайды.  
 “Бiрiктiру  тҽрбие  философиясына»  негiзделген  Халықаралық  бiлiм  қоры 
тарапынан шығарылған  “Мен адамдар арасындамын” атты отбасы тҽрбиесi мен 
мектеп  оқушыларына  арналған  этикалық  құралдың  рухани  танымдық  қырына 
тоқталатын  болсақ,  онда    “жетiлген  тұлға  -  мықты  отбасы  -  бейбiт  қоғам  - 
жасампаз  адамзаттық iс” тҽрiздi  жоғары мұраттар бiрлiгi қарастырылады  /4, 6/. 
 Соңғы 
жылдары 
Қазақстан 
Республикасында 
С.А.Назарбаеваның 
жетекшiлiгiмен “Ҿзiндік таным” пҽнiн  үздiксiз бiлiм жүйесiне ендiру мақсатында 
оқу  бағдарламалары,  оқу-ҽдiстемелiк  құралдары  орыс-қазақ  тiлдерiнде 
даярланып, мектепке дейiнгi мекемелер мен бастауыш сыныптарда жҽне жоғары 
оқу  орындарының  1  курстарында    тҽжiрибелiк  байқаудан  ҿткiзiлуде.  “Ҿзiндік 
таным”  курсының  ҿмiр  талабынан  туындап,  оқу  жоспарына  енуі,  жас  ұрпақтың 
дүниетанымын,  белсенді  ҿмірлік  ұстанымы  мен    ҽрекетін  қалыптастыруды 
кҿздейді.  Сонымен,  руханилыққа  негізделген  кейбір  гуманистiк  тҽрбие 
тұжырымдамаларын  талдай  отырып,  олардың  кҿбінесе  жаратылыстану 
ғылымдарының соңғы жетістіктеріне негізделетіні анықталды. 
Екіншіден,  адам  жаратылысының  тҽндік,  жандық,  рухтық    негiздерiн 
бiрлiкте  қарастыру,  іргелі  аксиомалық  бастамаға,  ақиқатқа  негізделген  ҽлемдік-
діни,  рухани-философиялық  ілімдерге  сүйену,    тұлғалық  қарым-қатынас, 
психологиялық  белсендi  iс-ҽрекет  негiздерiн  қалыптастыруды  кҿздейтіні 
айқындалды. 
Қорыта келе, жоғарыда   талданған гуманистiк тҽрбие теорияларында жеке 
тұлғаны    рухани  дамытудың  түрлi    қырлары,  ҽсiресе  сезiм  мҽселесі  нысанаға 
алынған.  Соңғы    жылдары  тҽрбие  теориясында  тұлғаның  руханилық  қырын 
дамыту  мҽселелерi,  жаңа  ҽдiснамалық  негiздегi,  тың  кҿзқарастағы  теорияны 
қажет  ететiнi  белгiлi  болды.  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  ұлттық 
құндылықтарды  ескере  отырып,  тҽрбиедегi  кейбір  гуманистiк  теорияларды 
зерттей  келе,  бүгiнгi  адамзат    қауымдастығының      рухани  таным  мҽселесiн 
зерделеу барысында мынадай маңызды мҽселелердiң басын ашып алу қажеттiгiн 
кҿрсеттi: жеке тұлғаның ҿзiндiк танымын, рухани санасын дамыту; оны жетiлдiру 
бағыттарын  анықтау;  тҽрбиедегі  құндылықтар  теориясының    негiзiн  анықтау;  
жалпыадамзаттық  жҽне  ұлттық  құндылықтар  негiзiнде  ноосфералық  зият 
қалыптастыру үрдiсiнiң негiздерiн игеру. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         127 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Пригожин  И.,  Стенгерс  И.  Порядок  из    хаоса.  Новый  диалог  человека  с 
природой. Предисловие. – М.: Прогресс, 1986.  
2.
 
Юзвишин  И.И.  Основы  информациологии.  -  М.:  Международное  
издательство “Информациология”, Высшая  школа, 2000. 
3.
 
Амонашвили Ш. Школа жизни. - М.: Изд. дом Амонашвили, 1998. 
4.
 
Битинас Б.П. Введение в философию воспитания.-М. 1996. 
5.
 
Гейдебранд К.Ф. Учебный план Вальдорфской школы. М.: 1992 
6.
 
Бжиска  А.Л.,  Станеки-Козвоски  М.,  Феллени  Д.,У  Хейнс,  К.Бозжанова, 
Майгаранова  Ш.  /Ред.  басқар.  Майгаранова  Ш.  Мен  адамдар  арасындамын. 
Этикаға арналған құрал.-А.: Теst-Company, 2004. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада тҽрбиенің синергетикалық, феноменологиялық, дуалистік, тұлғалық 
тұжырымдамалары  жҽне  тұлғаның  рухани  дамуының  түрлі  аспектілері 
қарастырылған. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  синергетическая,  феноменологическая, 
дуалистическая,  гуманно-личностная  концепции  воспитания,  антропософия, 
философия  объединения и самопознание, которые освещают различные аспекты 
духовного развития  личности.  
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет