Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
БЕРУДІҢ  МАЗМҰНДЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Байназарова Т.Б. (Алматы қ , ҚазМемҚызПИ) 
 
    Екінші  онжылдық  бойы  Қазақстан  Республикасында  бастауыш  мектепте 
білім  берудің  бүкіл  жүйесін  қайта  құру  жҽне  жаңарту  жұмыстары    жүргізілуде. 
Мектептің даму жолдары іздестіріліп, тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар, 
оқытудың  дҽстүрлі  емес  түрлері  жасалуда.  Сонымен  бірге    ҿскелең    ұрпақтың  
тҽрбиесін кешенді  қарастыру маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Тҽрбиенің 
факторлары,  ҽдістері  жҽне  құралдары  (эстетикалық,  адамгершілік,  экологиялық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         23 
 
жҽне  т.б.)  тҽрбиенің  нақты  түріне  сҽйкес  жеке  жақтарын  қамтып  жеке  тұлғаға 
тұтастай ҽсер етеді.  
  Кіші  мектеп  оқушысының    белсенді  шығармашыл  жеке  тұлғасын  
қалыптастыру, оқу-тҽрбие үрдісінің қазіргі формалары  мен ҽдістерін жетілдіруді 
талап етеді. Бұл оқушылардың  эстетикалық тҽрбиесіне  толығынан қатысты. Осы 
үрдісті  зерттеуде  біз  педагогика  мен  психологияның  жалпыға  бірдей 
қағидаларына  сүйендік,  онда  эстетикалық  тҽрбие  -  болмыс  құбылыстары  мен  
ҿнер туындыларын эстетикалық қабылдау қабілеттерін, жҽне де ҿнер саласындағы 
дербес шығармашылығын мақсатты дамыту деген. 
  Эстетикалық  тҽрбие  –  күрделі  де  кҿп  қырлы  үрдіс.  Жеке  тұлғаның 
эстетикалық тҽрбиеге  қатысты  психологиялық   ерекшеліктерін  Л.С.Выготский,  
Э.В.Леонтьев,  А.А.Венгер,    В.С.Мухина  қарастырған.  Адамның  эстетикалық 
санасының  құрылымын  аша  отырып,  олар  кҿркемдік–эстетикалық  қабылдау, 
эстетикалық  сезімдер,  эстетикалық  қажетіліктер,  эстетикалық  идеалдар    мен  
талғам,  эстетикалық кҿзқарастар  сияқты негізгі элементтерді бҿліп кҿрсетті. Осы 
тұста біз жоғарыда аталған ұғымдардың ҿзіне тҽн  ерекшеліктерін  айта кеткенді 
жҿн  кҿрдік.  Кҿркемдік–эстетикалық    қабылдау  ҿнер  жҽне    қоршаған  дүниенің  
сұлулығымен  қарым–қатынастың  бастапқы  кезеңі.  Оның  тереңдігі  мен 
айқындығы  эстетикалық  ҽсерленудің  тереңдігіне  байланысты.  Кҿркемдік–
эстетикалық  қабылдаулар  болмыс  құбылыстары  мен  ҿнерден  эстетикалық  
сезімдерді  оятатын  қасиеттерді,  сапаларды  бҿліп  алу  қабілетінен  кҿрінеді. 
Кҿркемдік  эстетикалық  қабылдауға  бейнелеу  ҿнеріне  байланысты  қабылдау  да 
енеді.  Бұл  эстетикалық  сананың  негізі.  Ол  эстетикалық  эмоциялармен    қатар 
адамды  эстетикалық  немесе  тағы  да  басқа    қажеттліктерді    қанағаттандыратын  
ҽрекеттерді  жасауға ынталандыратын  мотив болып табылады.   
Педагог  А.В.Бакушинский  эстетикалық  қабылдаудың  моделін    екі  бағытта 
қарастырды: ерікті кҿңіл-күйі  басым шығармашылық  толғаныс; логикалық ойлау 
үрдісі басым (сана) таным. Б.П.Юсов эстетикалық қабылдаудың тҿрт компонентті 
моделінің   тҿмендегідей  құрамдарын бҿліп кҿрсетті: 
-
 
бірге ҽсерлену қабілеті,  эмоциялы ықыластылық; 
-
 
ҿнер туралы білім  кҿлемі мен түсініктердің болуы; 
-
 
кҿркем шығармалардың пішінін  қабылдау  қабілеті; 
-
 
бағалаулар  мен    кҿркемдік  пайымдауларын    болмыс  құбылыстары  мен 
ҿнердің басқа түрлерін қабылдауға  кҿшіре білу қабілеті. 
   Шынайы  дүние  құбылыстарын  эстетикалық  қабылдау,  бейнелеуге  қажетті 
сенсорлық  қабылдау  ғана  емес,  сонымен  бірге  қабылдаған  құбылыстың  
эстетикалық    бағалануы,  заттың  ҽдемілігін  кҿре  білу,  сезіну  қабілеті.  Дҽл  осы 
қасиет  ерекше  таң  қалдырған,  қуантқан  нҽрсені  графикалық    түрде  жеткізудің  
негізін қалайды. 
  Адамның  эстетикалық,  эмоциялық  сезімдері  толассыз,  сарқылмайды, 
алайда  эстетикалық  қабылдау  мен  эмоциялар  мотивтен  ҽрекеттің  стимулына 
айналуы үшін, олар ерекше эстетикалық ҽсерленуде  шешімін табуы қажет. 
  Ҽлеуметтік  эстетикалық  ҽсерленулер  жалпыға  ортақ,  ешқандай  “ережеге“ 
бағынбайды, субьективтілік,  сырластық сияқты ерекше белгілермен сипатталады. 
Эстетикалық ҽсерленулер  - адамның  белсенді шығармашылық іс-ҽрекетін оятып 
“сұлулық  заңдары”  бойынша  оның  болмысқа  деген    эстетикалық  қарым-
қатынасының  нақты  формалары  эстетикалық  эмоцияларды,  талғамдарды 
идеалдарды 
жалпылай 
білдіретін 
категория. 
Эстетикалық 
ҽсерлену  
шығармашылық    ықыластылық    немесе  шығармашылық    жасампаз  іс  -  ҽрекетке  
ықыластылық  түрінде  ҿзекті  мҽселе.Кейде  эстетикалық  қабылдауды  дұрыс 

24
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
анықтама ретінде бағалауға болады. Адамды шығармашылық іс - ҽрекетке баулу 
ҿзінше де,  онда шығармашылыққа қатысты тҽрбиелеу  бір басқа . 
 
Эстетикалық  ҽсерленудің    бастапқы  неғұрлым  қарапайым    формасы  – 
эстетикалық  эмоция.  Психологияда  эмоциялардың  табиғаты  жайлы  мҽселеге 
қатысты    екі  тұжырым  бар.    Кейбір  авторлар  эмоцияларды  адамның  болмысқа, 
адамдарға,  ҿз-ҿзіне  қатысты  ҽсерленуі  деп  айтады.  Басқа  бір  тұжырым  
эмоцияларды  болмысты    бейнелеудің      ерекше  формасы  ретінде    қарастырады. 
Мҽселен,    К.  Платонов  “  Эмоциялар  бейнелеудің  бір  формасы  болып  табылады, 
алайда  олар  шынайы  дүниенің  заттары  мен    құбылыстарын  емес,  ҽсерленген  
адамның  іс-ҽрекеттің  қажеттіліктеріне,  мақсаты  мен  мотивтеріне  қатынасын 
бейнелейді.  Адам  бұл  обьективті    қатынастарды  ҿзінің  оларға  деген  қатынасы 
ретінде субьективті сезінеді “ – деп жазған. 
  Объектілер  немесе  түсініктердің  эстетикалық  сҽулеленуі  үшін,  олар 
бейнелі,  мҽнерлі,  сұлулық  жҿніндегі  “кҿркем”,  “асқақ”,  “үйлесімді”,    “жетілген” 
сияқты түсініктерге  сҽйкес немесе кері эмоциялар  мен ҽсерленуді тудыруы тиіс . 
 
   Бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  қабылдауын  мақсатты 
қалыптастыру  оларда  композицияның  формасын,  түсін,  бағасын,  жете  айыру 
қабілеттерінің  дамуын  талап  етеді.  Осы  мҽселенің  шешімін  табуда  психолог 
ғалымдар  В.В.Волков,  Е.И.Игнатьев,  А.В.Запорожец,  В.И.Кириенколардың 
заттар,  шындық  ҿмір  құбылыстары  мен  ҿнер  туындыларын  қабылдауды 
қалыптастыру  заңдылықтарын  анықтауға  арналған  зерттеулерінің  маңызы  зор. 
В.И  Кириенко  бейнелеу  іс-ҽрекетінің  қабілеттерін  кҿріп  қабылдаудың  белгілі 
қасиеті  ретінде  қарастырады, атап айтқанда: кейбір бҿлшектері тап осы мезетте 
байқалмаса  да,  объектінің  барлық  қасиеттерін    үйлестіре,  тұрақты  жүйелі 
тұтастық  ретінде қабылдау. 
   Мысалы,  терезеден  тек  адамның  басын  ғана  кҿргенде,  біз  оны  денесінен 
бҿлек қабылдамаймыз  (қабылдаудың тұтастығы ):  
-
 
суретте тік жҽне кҿлденең бағыттардан ауытқуды бағалау қабілеті
-
 
пропоцияларды қабылдау қабілетті; 
-
 
ұсынылған түстің  аққа жақындықтың  дҽрежесін бағалау қабілеті; 
-
 
болашақ қысқартуларды  бағалау қабілеті. 
Осы  эстетикалық  қабылдаудың  ерекшелектеріне  негіздесек,  дүниетану 
пҽнінің  ҽрбір  табиғатқа,  оның  сұлулығына,  кҿркемдігіне  байланысты  тұстарын 
бейнелеу  ҿнерімен  кіріктіре  отырып  оқушылардың  тұтас  қабылдау  негізінде 
эстетикалық сезімге бҿленуіне жағдай туғызу мүмкіндігі  тумақ.  
Эстетикалық  сезімдер  -  адамның  шындық  ҿмір  құбылыстары  мен    ҿнер 
туындысына  баға  беру  қатынасынан  туған  субьективті    эмоциялық  күйі. 
Эстетикалық сезімдер оқиғаны ой елегінен ҿткізу негізінде пайда болып, қуаныш, 
таңдану,  аяушылық  сияқты  эстетикалық  ҽсерлер  тудырады.  Олар  оқушылардың 
заттар  мен  қоршаған  дүние  құбылыстарының  құрылымы,  формасы,  түсі  жайлы 
түсініктері  мен  қабылдауларының  молаюынан    едҽуір    терең,    түсінікті  бола 
бастайды. 
  Эстетикалық сезімдер, кҿбінесе, бейнелегенді бейнелейді, яғни  адамның ҽр 
затқа,  құбылысқа  суретшінің,  шебердің  кҿзқарасындай  қарым-қатынасын 
тудырады.  Эстетикалық  сезім  болмыстағы  ҽсемдікті  түсіну  немесе  түсінбеу  
тұрғысынан адамдардың  ҽртүрлі  кҿзқарастырын топтастырады . 
Табиғаттың  ҿзінде  эстетикалық  сезімдерді,  байқағышықтықты,    қиялды 
дамыту  үшін  бай  материал  бар.  Бұл  жҿнінде К.Д.Ушинский:  ”Еркіндік,  қаланың 
ҽсем келбеті, хош иісті орман, жайқалған дала, қып–қызыл шие,  алтын күз   бізге 
тҽрбиеші  болған жоқ па? “- деген .
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         25 
 
Эстетикалық  қажетіліктер  кҿркемдік  құндылықтармен  қарым-қатынаста 
рухани  кҿңіл-күйлерді  бастан  кешіруде  пайда  болатын  тұрақты  қажеттілік. 
Эстетикалық қажеттіліктер жеке тұлғаның кҿркемдік лҽззатқа шҿліркеуі   ретінде 
кҿрінеді.  Ҿнермен  алғашқы  кездесуден  туған  қажеттілік  адамды  шаттықққа 
кенелтіп,  рухани  күштерді  жинақтайды.  Осылайша  қоршаған  дүние  мен  кҿркем 
ҿнер туындыларын қабылдауға қатысты жалпы ұстаным қалыптасады. Олай болса 
оқушыны  бастауыш  сыныптан  бастап-ақ  табиғат  пен  бейнелеу  ҿнеріне  деген 
талғамын, эстетикалық сезімін қалыптастырудың жолдары мен ҽдістерін ғылыми 
тұрғыда тұжырымдауға мол  мүмкіндік бар. 
  Эстетикалық қатынас адамның эстетикалық талғамымен тығыз байланыста 
қалыптасады. Эстетикалық   талғам  адамның   күнделікті   ҿмірімен, эстетикалық 
теориямен, практикамен жҽне кҿркемдік шығармашылық шеберлік мҽселелерімен 
тығыз  байланысты.  Эстетикалық  талғам    қабылданатын  обьектінің  сапаларына 
ғана емес, оны  қабылдаушы, бағалаушы, танушы адамның  жеке ерекшелігіне  де 
байланысты.  Адам  қабілетінің    күрделі    иерархиясындағы  эстетикалық  талғам 
айрықша  ұстанымды  иеленеді.  Эстетикалық  талғам  болмайынша  кез  келген    іс-
ҽрекет  үлкен  жетістікке  жете  алмайды.  Ол  адам    іс-ҽрекетінің    мақсаттылығын  
баса    кҿрсетіп    отырады.    Эстетикалық  талғам  –  бұл  субьектінің  бағалауы  ғана 
емес,    адамның    іс-жүзіндегі  обьективті  болмысқа    қатынасының  түрі.  Мұндай 
қарым-қатынас  табиғатқа  шыққан  топсаяхат,  серуен  кездерінде  оқушының  іс-
ҽрекеті  негізінде  туындап,  біртіндеп  оның  бейнелі  ойына  ҽсер  етпек.  Бастауыш 
сынып оқушыларының нақты обьектілерді байқап, бақылай кҿруінен бейнелі ойы 
туындайды.  Эстетикалық  аспектіде  объективті  құбылыстардың  сапасын 
бағалаумен қатар, адамның іс-жүзінде меңгерген бұл сапаларды тану мҿлшері де 
анықталады. Бұл шынайы ҽдемілік пен ұсқынсызды, қайғылыны немесе күлдіргіні  
кҿру,    сезіну,    түсіне  алу    жҽне  оны  ҽділ  бағалау.  Бұл  едҽуір  күрделі 
педагогикалық  міндет.  Қарапайым  эстетикалық  түсініктер  мен  пайымдаулар 
бастауыш сыныптарда  қалыптасады. 
   Баланың  эстетикалық  талғамы  оқу  мен  айналаны  танудың  алғашқы 
тҽжірибелерінен  дами  бастайды.  Оның  қалыптасуының    ең  қарқынды  кезеңі  – 
мектептегі  оқу  жылдары.  Бұл  кезде  баланың  табиғат  кҿріністерімен,  оның 
құбылысымен 
ҿнер 
құбылыстарымен 
жүйелі 
танысып, 
кҿркемдік–
шығармашылық  қабілеттерін белсенді  дамытуға  мүмкіндігі  кҿп.  
  Эстетикалық 
талғам 
оқушының 
эстетикалық 
дамуының 
басқа 
кҿрсеткіштерімен  салыстырғанда  едҽуір  нақты  ҽрі  педагогикалық  жағынан 
ұйымдастырылған  болып  келеді.  Бастауыш    сынып  оқушыларының    кҿркемдік,  
эстетикалық  түсініктеріне  сүйене  отырып,  мұғалім  оқушының  талғамын 
жетілдіруге  толық  жағдай  жасай  алады.  Эстетикалық  талғамның  кҿріністерінің 
бірі  -  кҿркемдік  талғам  болып  табылады.  Онда  оқушының    ҽдебиет  пен  ҿнерге 
деген  құндылық бағалары, жеке бағасы кҿрінеді .  
Кҿркемдік  талғамның  дамуы    оқушыларды  бейнелеу  ҿнері    сабақтарында 
белгілі  бір  нҽтижелермен  сипатталатын  эстетикалық  іс  ҽрекетке  баулиды. 
Балаларды сұлулық пен қайырымдылыққа үйретіп қана қоймай, оларды ҽрекетшіл 
болуға, яғни сұлулыққа қызығып  қана қоймай, оны сақтай білуге,  мейірімділікке,  
жақсылық  жасай білуге  тарту қажет. 
  Осы  тұста  егер  дүниетану  пҽні  кез-келген  табиғат  нысанын  сақтауға, 
қорғауға, қамқор болуға тҽрбиелесе, оның кҿркемдігі мен ҽсерлілігін, сұлулығын 
бейнелеу  бұл  мақсаттың  маңыздылығын  күшейте  түспек.  Эстетикалық  сапалары 
дамыған  адам  қоршаған  дүниенің  кҿркемдігін  жақсы  сезінеді,  кҿбірек  кҿреді, 
сезімі нҽзік, ҿзін-ҿзі терең түсінетін болады. Табиғаттың ҽрбір кҿркемдігінен ҽсер 

26
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
алады.  Оқушыда  бейнелейтін  нҽрсені    шын  беріліп  қабылдау  қабілеттері  пайда 
болып, іс-ҽрекет кезінде жүзеге асыруға   құмарлана, қызыға кіріседі. 
  Бейнелеу  ҿнері    -  адамзат  дүниесін,  заттарды,  табиғат  құбылыстарын,  
қоғамды    кҿркем    бейнелейтін    ҿнер    түрі.  Олай  болса,  бейнелеудің  табиғатқа 
байланысты тұстарын жан-жақты қарастыру зерттеу кҿзіне айналуы тиіс. 
Адамның  эстетикалық  санасының  маңызды  элементі  –  эстетикалық  идеал. 
Бұл  адамның  шындық  ҿмір  құбылыстарының  кемелдігі  (мүлтіксіздігі)  жайлы 
түсінігі. Эстетикалық идеал ҽсерленуден тыс болмайды. Эстетикалық идеал  кез–
келген іс - ҽрекеттегі шығармашылықтың негізі болумен қатар, ҿмір мен ҿнердегі  
сұлулықты бағалаудың  ҿлшемін де кҿрсетеді. 
  Тұлғаның  эстетикалық  қажеттілігі  эстетикалық  сананы  анықтайды.  Онда 
адамның қоршаған ортаға кҿзқарасы мен оның азды-кҿпті  бейнеленуі  тұтасқан. 
Адамның  эстетикалық    қажеттілігі  іс-ҽрекеттің  барлық  түрінде,  оның  ішінде 
ҿнерде  басым  кҿрінеді,  онда  адам  ҿзін-ҿзі  таниды,  ойын  жеткізеді, 
мүмкіншіліктерін іске асырады. Мҽселен, оқушы кҿктемгі табиғаттың кҿркемдігін 
сезініп  қабылдағаннан  кейін,  оның  суретін  бейнелеп  салуға  машықтанады. 
Машықтану  бірден  пайда  болмайды,  ол  қызығушылықтан,  ҿз  сезімін  сыртқа 
шығарғысы келген қажеттіліктің нҽтижесінде ғана туындайды. 
  Қажеттілік, қызығушылық,  идеал,  эстетикалық  талғам жинақталып   келіп, 
бастауыш  мектеп  оқушыларының  жеке  тұлғалық  мотивациялық  –  қажеттілік 
ортасын құрайды. Жеке тұлғаның бағыттылығы деп нақты ситуациялар, ҿзгермелі 
жағдайларға  қарамастан,  оқушының  дүниеге,    қоғамға,  ҿзіне  қарым–қатынасын 
анықтайтын тұрақты жҽне басым мотивтердің  жиынтығын айтамыз. 
   Жеке  тұлғаның  эстетикалық    қасиеттерінің  кҿрсеткіштері  ретінде    оның 
ҿмірдің  ҽр  түрлі  қырларына  қызығушылығының,  эстетикалық  ҽсерленуін, 
қоғамдағы мінез-құлық, таным, қарым- қатынас пен  еңбек  бағыттылығын  айтуға 
болады.  Ҿмірдің  барлық  салаларындағы  белсенді  шығармашылық  іс-ҽрекет  те 
эстетикалық  тҽрбиенің  кҿрсеткіші,  ол  эстетикалық  қабылдаудың  дамуына, 
эстетикалық  құбылыстарға  деген  нҽзік  эмоциялы  серпіліске,  оларды  тереңнен 
түсінуге, эстетикалық идеалды жүзеге асырудағы іскерлікке негізделеді .
 
  Эстетикалық тҽрбие ҿзара байланысқан бірқатар компоненттерді белгілеуге 
мүмкіндік береді, олар: 
-
 
эстетикалық тҽрбиенің  ерекше міндеттері; 
-
 
ҽр түрлі  іс - ҽрекет түрлері; 
-
 
эстетикалық тҽрбие міндеттеріне сҽйкес құралдар; 
-
 
жалпы тҽрбие ҽдістерінің негізінде арнайы ҽдіс–тҽсілдерді пайдалану; 
-
 
эстетикалық тҽрбиеліктен кҿрінетін эстетикалық тҽрбиенің  нҽтижелері. 
Сонымен 
бірге 
зерттеуші-педагогтардың 
эстетикалық 
тҽрбиенің 
тҿмендегідей  негізгі міндеттерін  бҿліп қарастырғандығын айта кеткен жҿн: 
-
 
баланың  қоршаған  дүние  сұлулығынан  рухани  ізгілікті,  мейірімділікті, 
рақымдылықты байқап, сол арқылы ҿз бойында ҽдемілікті  қалыптастыруға 
үйрету  ( В.А. Сухомлинский, Б.М.  Неменский);   
-
 
эстетикалық  білімдерді  жинақтап,  олардың  негізінде  эмоциялы  ҽсерлену 
қабілеті,  қоршаған  болмыстағы    эстетикалық  құбылыстарды  бағалау  
сияқты ҽлеуметтік–псхологиялық қасиеттерді қалыптастыру (Н.И.Кияшен-
ко, А.С. Клюев); 
-
 
баланы  ҿнердің    ҽртүрлі  қарапайым    түрлерін  кҿре  білуге,  түсінуге,  сол 
арқылы  ҿзінің  дербес  шығармашылығын  кҿрсетуге  үйрету  (Е.А.Флерина, 
Н.А.Ветлугина).  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         27 
 
Эстетикалық  тҽрбиеліктің  осындай  деңгейінде  табиғатпен  ҿзара  тығыз 
ҽрекет,    шығармашылық    еңбек,    отандық  жҽне  шетел    ҿнерімен  танысу    үрдісі 
негізінде оқыту мен тҽрбиелеу арқылы жетуге болады.   
Академик Д.Лихачев ұсынған эстетикалық  тҽрбиенің негізгі қағидаларында 
эстетикалық  тҽрбиеге  ҽртүрлі  принциптері,  формалары  мен  ҽдіс–тҽсілдері    бар 
кҿп  нҽрсені  қамтитын  ұғым  деген  анықтама  берілген.  Ол  бейнелеу  ҿнерінің 
туындыларын  қабылдаумен  ғана  шектелмей,  қоршаған  табиғатты,  дербес 
шығармашылық  іс-ҽрекетті  де  қамтиды.  
  Кіші  мектеп  жасында  бейнелеу  ҿнерін  қолданудың  мақсаты  –  жеке 
тұлғаның  дамуына  ҽсер  ету.  Бұл  оқушының  іс-ҽрекет  субъектісі  ретінде 
қалыптасуына  жҽрдем  беру  дегенді  білдіреді.  Жеке  тұлға    бұл  ең  алдымен  іс- 
ҽрекет  субьектісі,  іс-ҽрекет  мақсаттарын  қоюға,  құралдарды  таңдауға,  оны 
жоспарлап  жҽне  жүзеге  асыруға,  нҽтижеге  жетуге  қабілетті  адам.  Басқаша 
айтқанда,  дербес  ҽрекет  ете  алатын  адам.  Олай  болса,  жеке  тұлғаға  тҽн  ең 
бастапқы  сапалар  осы  бастауыш  сыныптан-ақ  ҿз  кҿрінісін  табатынын  естен 
шығармауға тиіспіз. 
Адамның қандай болып  қалыптасуы – қоғамдық ҿмірдің жағдайларына ғана 
емес, бастауыш мектеп ҿміріне де байланысты. Атап айтқанда, бастауыш мектеп 
технократиялық,  жансыз  түсінуге  қарсы,  тҽрбиеленушілерінің  жоғарғы  рухани 
қажеттіліктерін  дамытумен  жүйелі  түрде  айналысуы  қажет.  Туған  жер  туралы 
эстетикалық түсініктер - Отан туралы сезімнің, оған деген сүйіспеншіліктің, оны 
қорғап,  сақтау  эстетикасының    негізі  болып  табылады.  Сонымен,  кіші  мектеп 
оқушыларын  эстетикалық  тҽрбиелеудің  негізіне  эстетикалық  білім,  эстетикалық 
сана, эстетикалық мҽдениетті қалыптастыру жатады.  
  
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Краткий словарь по эстетике. Под ред. М.Ф.Овсяникова. -М.,1983. 223 с. 
2.
 
СимоновП.В., ЕршовП.М. Темперамент. Характер. Личность. -М., 1984. 
3.
 
Кочерук  О.В.  Межпредметные  связи  в  эстетическом  воспитании  младших 
школьников во внеурочной деятельности. Дис.п.н. Белгород., 2000.  
4.
 
Ушинский К.Д. Сб.сочинений.: В 11 т.- М., 1952. Т 2 – с. 52-53. 
5.
 
Сокольников Ю.П. Общая педагогическая теория. Белгород;  1997. 4 с. 
6.
 
Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М. 1967.  
7.
 
Сокольникова Н.Л. Изобразительное искусство и методика его преподавания в 
начальной школе: Уч. пособие для студентов пед.  вузов. – М.,1999.-368 с 
8.
 
Программно-методические 
материалы: 
Изобразительное 
искусство. 
/Составители В.С.Кузин, И.В.Корнута. – 3-е изд., перераб. - М.2001г. 
9.
 
Программы 
для 
общеобразовательных 
школ, 
гимназий, 
лицеев: 
Изобразительное искусство. – М. 2000. 
10.
 
Неменский Б.М. Культура – Искусство-Образование: Цикл бесед.-М., 1999. 
11.
 
Неменский Б.М. Мудрость красоты. -М., 1987. с.38. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
  Мақалада кіші мектеп оқушысының белсенді шығармашыл жеке тұлғасын  
қалыптастыру,  оқу-тҽрбие  үрдісінің  қазіргі  формалары  мен  ҽдістерін  жетілдіру, 
сонымен  бірге  оқушылардың  эстетикалық  тҽрбиесіне  кҿңіл  аудару,  осы  үрдісті 
зерттеуде  педагогика  мен  психологияның  жалпыға  бірдей  қағидаларына  сүйену 
мҽселелері қарастырылды. 
 
 

28
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  факторы,  методы  и  средства  воспитания, 
воздействующие  на  личность  в  целом,  а  также  пути  совершенствования 
существующих форм и методов учебно-воспитательного процесса.  
   
 
 
БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ  МАҚСАТ 
 
Дулатбекова Т.С. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
     
Жас  ұрпақтың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуында  білім  беру  жүйесін  
ізгілендіру, оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану  уақыт  талабы  болып отыр. 
      
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004  жылғы  19  наурыздағы  
«Бҽсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауына  
еліміздің  жастарына  білімді,  парасатты,  елжанды  жҽне  кҽсіби  қызметке  
дайындығының  жоғары  болуын  талап  етеді.  Тҽуелсіздіктің  қысқа  тарихи 
кезеңінде  еліміз  ҽлемдік  қоғамдыққа  ықпалдаса  отырып,  экономикада   
айтарлықтай  ҿрлеу  жолына  түсті.  Осы  орайда,  еліміздегі  кадр  дайындау  
мҽселесінің маңызы арта түсті. Қазіргі студенттің алдында ҿзін барынша  кҿрсете  
білу жҽне қоғам  ҿміріне пайдалы түрде қатысу, күнделікті  ақпаратты  ҿздігінен  
табу, оны талдай білу, керекті жерлерінде шеберліктерін арттыру міндеттері тұр. 
     
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» Заңның  8-бабында  «Білім  беру  
жүйесінің  басты  міндеті  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу  білім  беруді 
ақпараттандыру, халықаралық  коммуникациялық желілерге шығу,  ұлттық  жҽне  
жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке  
адамды  қалыптастыруға  кҽсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау» -  деп  атап  кҿрсеткендей  қазіргі  кезеңдегі   ҽрбір мұғалімнің   
алдына    қойылып  отырған    басты  міндеттерінің  бірі  оқытудың  ҽдіс  -  тҽсілдерін 
үнемі  жетілдіріп отыру жҽне жаңа педагогикалық  тенологияны меңгеру. 
     
И.П.Вемков  «Педагогикалық  технология  бұл  жоспарланған  оқу  
нҽтижесіне  жету  процесінің  нұсқауы,  дидактикалық  жүйенің  негізгі   
процессуалдық  бҿлігі» - деп  атайды. 
       
Қазіргі    таңда    еліміздің  оқу  орындары      мен    педагогикалық    ұжымдары   
ұсынылып  отырған   кҿпнұсқалыққа  байланысты  ҿздерінің  қалауын   сҽйкес  кез  
келген  үлгі  бойынша  қызмет етуіне  мүмкіндік  алды. Бұл бағытта білім  берудің  
ҽртүрлі  нұсқадаға  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  жҽне  тҽжірибеге  негізднлген  
жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан  ҽртүрлі  оқыту  
технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жаз  жҽне  психологиялық  
ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тҽжірибеде  сынап  қараудың  маңызы   зор.  
        
Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кҽсіптік,  
адамгершілік,  рухани,  адамзаттық  жҽне  басқа  кҿптеген  адами  келбетінің   
қалыптасуына  игі  ҽсерін  тигізеді,  ҿзін-ҿзі  дамытып,  оқу  тҽрбие  үрдісін  тиімді  
ұйымдастыруына  кҿмектеседі. 
     
Педагогикалық технология оқу  үрдісімен,  яғни   мұғалім  мен  оқушының   
іс-ҽрекетімен  тығыз  байланысты.  Оның  құрылымына  мыналар  кіреді: 
а)тұжырымдық  негізі; ҽ) оқыту мазмұндық  бҿлімі (оқытудың нақты жҽне жалпы  
мақсаты жҽне оқу материалдарының мазмұны); б)үрдістік  бҿлім -  технологиялық  
үрдіс (оқу  үрдісін  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқу  қызметінің  ҽдістері  мен  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         29 
 
формалары,  мұғалім  жұмысының  ҽдістері  мен  формалары,  мұғалімнің  
материялды меңгеруді басқарудағы іс-ҽрекеті жҽне оқу үрдісінің диагностикасы). 
   
 Қазіргі  кезде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық  технологияның  
негізіне мыналар жатады: 
-
 
ҽрбір оқушының жеке жҽне дара ерекшеліктерін ескеру; 
-
 
оқушылардың қабілеттіліктері мен шығармашылықтарын арттыру; 
-
 
оқушылардың  ҿз  бетінше  жұмыс  істеу,  іздену  дағдыларын 
қалыптастыру . 
   
Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім  
беруді  ізгілендіру  технологиясы,  мҽселелік  оқыту    технологиясы,  тірек  белгілері   
арқылы  оқыту  технологиясы,  түсіндірі  басқарып  озат  оқыту  технологиясы,  
деңгейлеп    саралап  оқыту  технологиясы,  міндетті  нҽтижелерге  негізделген 
саралап оқыту технологиясы жҽне жобалап оқыту технологиясы  кіреді.   
   
Оқытуды    ұйымдастырудың    негізгі    формасы    сабақ    деп    қарасақ,    осы  
мақсатқа   бағытталған  мұғалім  мен  оқушылардың  ұжымдық,  шығармашылық   
бірлескен  еңбегі  екені  белгілі. Адамдар  арасындағы  қарым- қатынас,   біріккен  
ҽрекет қоғам мүшелерінің ҿзара ой,  пікір, идея алмасу   арқылы  жүзеге  асатын  
болса,  интерактивті қарым–қатынас кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра  білу  
қабілеттері  де  кҿрінеді.  Интерактивтік  ҽдіспен  сабақ    ҿткізу  кезінде  оқытушы  – 
кеңесші,    серіктес    рҿлін    атқарады.  Ал  топ  белсенді  түрде  ҽрекет  ете  отырып  
бірін–бірі  қолдау,  толықтыру  арқылы  сұхбат  құруға  үйренеді.  Екі  оқушының  
сұхбатына  үшіншісі  араласуына  болады.  Ол  қарсы  топтың  оқушысы  болуы  да  
мүмкін.  Қарсы  таптан  болғандықтан  ол  сұхбатқа  сұрағымен  немесе  екі  
оқушының  сұхбатында  айтылмаған  тақырыпқа  қарасты  тың    дерегімен  кіре  
алады.  Мұны  «полилог»  дейді.  Бұл  үйреніп  жүрген  ҿзге  тілді  меңгеруді 
жеделдетеді,  ҿзге  тілді  үйрену  барысында  кездескен  қиындықтарды  жеңуге  
кҿмектеседі жҽне ҽдет–дағдылары қалыптасады. Оқу–тҽрбие үрдісінде оқытудың  
инновациялық  ҽдіс–тҽсілдерін  пайдаланғанда  оқушыны  субьект  тұрғысынан  
қарастырғанда  оқытудың    нҽтижелі,    білімнің    сапалы    болатындығы    жҽне    ең   
бастысы,  оқушылардың  пҽнге  деген  жауапкершілігі,  қызығушылығы  күшейеді,  
оқушының  ҿз  бетінше  жұмыс  істеуге  ынтасы  оянып,  оның  ізденушілік-   
шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.   
     
Интерактивті ҽдіс - күрделі құрылымды тҽсіл жҽне біртұтас педагогикалық  
жүйе.  Оның  нҽтижесінде  ҽр  оқушының  ҿзін-ҿзі  ҿзгеруші  субьект  дҽрежесіне 
кҿтерілуі  кҿзделіп,  оқыту  барысында  соған  лайық  жағдайлар  жасалады. 
    
Интерактивті  ҽдістің  дҽстүрлі  оқытудан  айырмашылығы:  кҿздеген  
мақсатында,  мҽнінде,  мазмұнында,  дамытудың  негізгі  факторында,  мұғалімнің 
рҿлі  мен  атқаратын  қызметінде,  ҽдіс–тҽсілдерінде,  оқушының  білім  алу 
белсенділігінің түрінде; оқу үрдісінің мүшелерінде ҽрекеттестік ерекшеліктерінде,  
олардың қарым-қатынас сипатында, танып–білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде 
т.б.  
     
Сабақ барысында ұйымдастырылатын жұмыстың мазмұны мен мақсатына 
қарай біріншіден, мұғалімде алдымен жаңа ой туындайды. Екіншіден, оқушының 
ойлау  қабілеті  дамып  жетіледі,  үшіншіден,  оқушы  да  мұғалім  де  тҽжірибемен  
алмасады.  Осы  тұста  қолданылатын  жаңа  технологиялардың  педагогикалық  
негізгі  қағидалары:  оқыту  мен  тҽрбиенің  бірлігі,  оқушының  танымдық  күшін   
қалыптастыру  жҽне  дамыту,  оқушыға  ізгілік  тұрғысынан  қарау,  ҿздігінен 
орындайтың    іс-ҽрекеттердің  ҽдістерін  меңгеру,  ҽр  оқушының  қабілетіне  орай  
оқыту,  оқу  үрдісін  оқушының  ҿзі    сезіну,  оқушылардың  білімділігі  үшін  жүйелі 

30
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
жұмыс істеу. Егер осы кҿрсетілген талаптар жүйелі түрде қолданылса ғана оқыту  
технологиясы ҿз мақсатына жетеді.    
      
Оқу–тҽрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нҽтиже  беріп  жүрген  жаңа  
педагогикалық  технологиялар:  дамыта  отырып  оқыту  ҽдістемесі  (Л.Занков,  
Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лесенкова);  іс  
ҽрекетті  бағалау  (Ш.Амонашвили,  И.Волков);  тірек  жҽне  тірек  конспектері 
арқылы  оқыту  (В.Шаталов);    саралап  оқыту,  шоғырландырып  қарқынды  оқыту   
жүйесі;  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  дамыта  оқыту;  жобалап  оқыту  
технологиясы, т.т.  
     
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  Ш.Каманованың,  Ж.Қараевтың,      Ш.Таубаева-
ның,  Қ.  Қабдыкайыровтың,  С.Лактионованың,  М.Жанпейісованың,  Ҽ.Жүніспек  
пен  Қ.Нағымжанованың,  С.Кҿшімбетованың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа 
технологиялары  жан-жақты  қарастырылады.  Педагогикалық  технологияны  
пайдалану арқылы сабақ құрылымын түсіну оқыту үрдісін ұйымдастыру,  мұғалім  
мен  оқушының  ҿзара  байланысын  оның  ҿзіндік  ҽрекетін  жүзеге  асыратын  
оқушының  ішкі    дамуын  қамтамасыз  ететін  нақты  жұмыс  болып  табылады.  Бұл  
арқылы сабақ үстінде жаңа білім алып қоймай ҿздігінен жұмыс орындау арқылы   
білімді саналы игеріп, ізденіп пікір таластыру деңгейіне дейін жетеді. Осы салада  
профессор  Ж.Қараевтың  технологиясы  тиімді  оқыту  ҽдісі  ретінде  кеңінен 
қолданылады.  Ол  технология  бойынша  білім  берудің  мына  мҽселелері  жүзеге 
асады:  оқушыларға  сенімділік  білдіру;  пҽнге  қызығушылығын  арттыру;  оны  
дамыту. Осы арқылы шығармашылық  деңгейге  кҿтерілуі  кҿзделген. Мұғалімнің  
негізгі мақсаты тек тақырыпты түсіндіру ғана емес, оны оқушының  іс-ҽрекетімен  
ұйымдастыру болып табылады. Шебер мұғалім ҿзінің педагогикалық  үрдісімен,  
ұстаздық  шеберлілігімен,  білімділілігімен,  жоғары  қызмет  істеу  деңгейімен   
оқушыға  үйрету  қабілетімен,  шығармашылық  ҽрекетімен  ҿмірге  деген 
талпынысымен де кҿзге түседі. Мұндай мұғалім ҽр уақытта білім деңгейі  жоғары   
ұрпақ тҽрбиелейді. Бүгінгі  мектеп табалдырығын аттаған жас ҿркеннің  болашағы 
ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымының  арасындағы  тығыз  педагогикалық  үрдіске 
байланысты. Оқыту ҽдістерін жіктеп ғылыми, ҽдістемелік ҽдебиеттерді пайдалана 
отырып оның ең тиімділерін ҿзінің іс тҽжірибелеріне  пайдалануға  тырысады.   
    
Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық  –  педагогикалық 
бағыттағы негізгі ой  тұжырымдарды  тҿмендегідей  сипатталады: 
  -    есте  сақтауға    негізделген  оқып  білім  алудан  бұрынғы  меңгергендерді 
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға кҿшу; 
-  білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой ҽрекетінің динамикалық құрылым  
жүйесіне кҿшу; 
-   оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп, саралап  
оқыту бағарламасына  ҿту. 
Жаңа технологиямен жұмыс істеу оқу үрдісін интенсивтендіруді қолға алу,  
оқушылардың ҿздік ҽрекетін күшейтіп немғұрайлықты назарда ұстау, жаңа буын 
оқулықтарының  мазмұнын  жете  түсіну,  оқыту  үрдісін  ізгілендіру  мен  
демократияландыру  үнемі  басшылыққа  алу  болып  табылады.  Жалпы  жаңа  
технологияны  енгізудің    саналылығы    білім    беру    ісінің  дұрыс  жолға  қойылып 
оны  ақпараттандыру  білім  берудің  тиімді  шарттардың  бірі  ретінде  қарап  отыр.  
Олай болса сабақ үрдісін үштастыру білім беру мекемелерінің қай түрін алсақ  та  
(колледж,  институт,  университет,  мектеп  т.б.)  оны  ақпараттандыру  мен  тиімді    
жаңа технологияны  қолдануға  баса кҿңіл  бҿлу ҽрбір мұғалімнің міндеті.  
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         31 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.  ЛихачевБ.Т.  Педагогика.  Курс  лекций:  Учебное  пособие  для  студентов 
педогогических  учебных  заведений  и  слушателей  ИПК  и  ФПК  –  М.: 
Прометей.  Юрайт. 1998. 
2.  Білім  туралы - Об образавании: Қазақстан  Республикасының  Заңы. Алматы. 
«Литера». 1999.  
3. БеспалькоВ.П. Слагаемые педагогической технологий учебно–воспитательного   
процесса. Усть – Каменогорск, 1982. 
4.  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа  педагогикалық технология. Тараз. ТарМУ, 2003. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, 
кҽсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық жҽне басқа кҿптеген адами келбетінің   
қалыптасуына, ҿзін-ҿзі дамытуына игі ҽсерін тигізетін, оқу тҽрбие үрдісін тиімді  
ұйымдастыру мҽселелері қарастырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет