Казахстанско российский медицинский



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата21.02.2022
өлшемі295,37 Kb.
#26007
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алеуметтану 4 Асель (1) (2) (1) (1)

МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ  МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 



 

В.А. Петровский, Э. Фроммның көзқарастарындағы нонконформизмнің негізінде адам «Менінің» 

конструктивті  бастамасы  тұратыны  туралы  ойларын  айта  кеткен  жөн.  Сонымен  қатар  девиация 

әлеуметтік  шығармашылық  сипатта  болуы  да  мүмкін.  Яғни  ғылыми-техникалық  және  өнер 

шығармашылығында көрініс беруі мүмкін. Девианттылықтың әлеуметтік-жағымсыз сипаты тұлға 

үшін де, қоғам үшін де кұрылымсыз (деструктивті) болып табылады. Дегенмен ауытқымалы мінез- 

құлықтың  осы  типі  әлеуметтік-психологиялық  әдебиеттерде  көптеп  қарастырылып, 

зерттеушілердің де назарын өзіне аударып отыр . 

Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік өлшемнен ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған 

өлшемге қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды . 

Психиклық  әрекетіне  өзгеру  күйін  тудыратын  улы  заттарды  қолдану  девиантты  мінез-құлық 

формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді. 

Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір өлшеммен салыстыру іске асады. Мәселелік 

іс-әрекетті  жиі  девиантты  деп  атайды.  Девиантты  мінез-құлық  психологиялық  денсаулық, 

құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған өлшемнен ауытқу әрекетінің жүйесі. 

Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық 

өлшемінен ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени өлшемдерді, әсіресе құқықтық 

өлшемді бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті. 

Жалпы  алғанда,  зерттеулерді  талдау  барысында  девиантты  мінез-құлықты  жасөспірімдерде 

басымшылық  танытады.  Себебі,  жасөспірімдердің  тұлғалық  ерекшеліктері  болатыны  бәрімізге 

аян!  Олай  болса,  жасөспірімдік  кезең-ең  қиын,  әртүрлі  бұзақылықтардың  пайда  болатын  және 

сонымен қатар достық өлшемдерді игеруіне сәтті кезең болып табылады. 

Дәл  осы  кезеңде  олардың  бойында  қоршаған  орта  ықпалымен  көрініс  табатын  жағымсыз,  яғни 

девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап 

етеді. Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. 

Блонский


, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, 

А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, С. Балаубаев, И.Л, Стычинский, В.Н. Мясичев және 

басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40- жылдарда аталған тақырып аз 

тексерілді, немесе мүлдем тексерілмеді десе де болады. 50 және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек 

зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде әңгіме болып отырған тақырып Л. 

Бажович,  Л.С.  Славина,  Т.  Миньковский,  Г.П.  Медведев,  И.Ф.  Назаров,  М.М.  Муканов,  Г.А. 

Уманов,  Э.  Шыныбекова,  К.  Бегалиев,  Қ.Б.  Жарықбаев  және  басқалардың  еңбектерінде  әр 

қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып 

көрсетіп,  тәрбиеленуі  қиын  балаларға  сипаттама  береді  және  оларға  педагогикалық  әсер  етудің 

жолдарын  көрсетеді.  Осыған  қарамастан,  «қиын»  балаларды  тәрбиелеу  мәселесі  педагогика, 

психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып 

отыр. Көптеген ғалымдар қиын бала мәселесі туралы өздерінің еңбектерін жазды. Атап өтсек қиын 

балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Л.С. Выготский (1928) 

еңбектерінде 

талқыланады

, сондай-ақ А.С. Макаренконың, С.Т. Щацкийдің, П.П. Блонскийдің, В.Н. Мясичевтің 

тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкен орын алады. 

Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. 

Мәселен,  бұлардың  ішінде  В.Н.  Куфаевтың  еңбегі  назар  аударарлық.  Ол  «қиын»  балалардың 

әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады, «өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, 

бетімен кету дәрежесіне қарай, әр түрлі себептерге байланысты өз мінез-құлқының ерекшелігіне 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет