МЕББМ
РЕСЕЙ
ҚАЗАҚСТАН-НУО
МЕДИЦИНАЛЫҚ
КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ
6
қатынаста бола тұрып, бұрын меңгерілген тәжірибе мен қажеттіліктерге сай болатын стереотип,
өлшемдер, мінез-құлық ережелеріне, бағалы бағыттар мен т.с.с. байсалды ерекше мән бере
отырып, таңдаулы қоршаған шындықтың маңыздыларын меңгереді. Демек, жеткіншек жеке
тұлғасының әлеуметтену үдерісіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және медико-
биологиялық факторлардың қайта балануы кейде тәрбиешілердің
көңілін басты мәселеден
,
«психологиялық парыз бен құзыретінің мәселелерінен жасырады» басқа жаққа аударады. Алайда,
бұл факторларды дұрыс бағаламау да дұрыс емес, өйткені қазіргі әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың шарттары жағымсыз төтенше орталық әсерінің айтарлықтай күшеюіне әкеледі.
Макроортаның жағымсыз факторлары жұмыссыздық, кедейлік, жергілікті соғыстық жанжалдар,
миграция, қылмыстың өсуі және т.с.с. құбылыстар көрсетілген. Мезоортаның сәйкес
факторларына халықтың мәдениет дәрежесінің төменділігі, күрделі экологиялық жағдай, күрделі
тұрмыс жағдайы, ауданда тұрудың жалпы қиыншылықтары жатады.
Бірқатар жағдайда жеткіншектерде девиантты мінез-құлықтың түрлі формаларына әкелетін дамып
келе жатқан жеке тұлғаның дезадаптациясының көзі болып табылатын микроортаның жағымсыз
факторлары ретінде отбасы мен мектеп сияқты екі әлеуметтік маңызды институттар шығады. И.Д.
Фруминның пайымдауынша, мектеп ең маңызды әлеуметтік символ ретінде көріне отырып, өте
жиі «әлеуметтенудің күрделі қызметін орындай алмайды. Мектеп пен бала бір-біріне агрессивті
болады». Жеке мұғалімдердің немесе сынып жетекшілерінің жеткіліксіз педагогикалық-
психологогиялық біліктілігі, олардың жеткіншек жеке тұлғасын жоюы, педагогикалық
әдептіліктің жоқ болуы – мұның бәрі «мағыналық және эмоциялық бөгетке» әкеледі. Мінсіз
бейнені құрып, педагогтар, Б.Н.Алмазовтың пайымдауынша, оқушыны сол бейнеге «ендіруге»
тырысады
, бұл сәтсіздікке әкеп соғады. Жеткіншектің өзін-өзі бағалауына, табиғи белсенділігін,
экзистенциалды таңдауын жоққа шығару нәтижесінде оның базалық қажеттіліктерінің дамуына
кедергі болады. Төбелес, ұрлық, қаңғыбастық, есірткелік, жезөкшелік және т.с.с. девиантты мінез-
құлықтың түрлі формалары арқылы жүзеге асыру жолдарын іздеу мұның нәтижесі болып
табылады.
Жеткіншектің жеке тұлғасының қалыптасу бастамасы ретінде оның өзін дамуту және
детерминациялауын мойындау, ғалымдардың пікірінше, мінез-құлықтың алдын-алу үдерісін
оптимизациялаудың бай әлеуетіне ие. Алайда дамып келе жатқан жеке тұлғаның өзін-өзі түсіну
және растау мүмкіндіктері шексіз, өйткені «кең тараған ата-ана махаббатының айтылғандығының
жеткіліксіздігі», отбасында «күштеп» тәрбиелеу, авторитарлық мектеп әрқашан да балаға өзін-өзі
білуде керекті педагогикалық көмекті көрсете алмайды, оған осы үдерістердің сөнуіне немесе
деформациясына себепші болады.
Мінез-құлықтық әрекет, ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, «күні бұрын шешу», немесе
афференттік синтезбен алдын алады. Бұл кезеңде индивидтың психикасында төрт басты: «қазіргі
кезде доминанта болып тұрған мотивация, қазіргі кезге сәйкес келетін, жағдайлық афферентация,
жіберу афферентациясы және жады» сияқты компоненттердің өзара байланысуы жүріп жатады.
Мінез- құлықтың әрекеттің қозғаушы күші ретінде белгілі бір іс-әрекет жасау алдында
жеткіншектің базалық қажеттілігін көрсететін доминанта болып тұрған мотивация болады. Бұл
қажеттілік келесі мінез- құлықтық әрекеттердің ішкі «жіберу механизмі» болады.
Сезінетін қажеттілікті іске асыру үдерісі жеткіншектің жадысына, оның субъективті тәжірибесіне
қарау қажеттілігіне себеп болады. Субъективті тәжірибе фактілері белгілі бір жағдайдағы
қажеттілікпен теңестіріледі, оның нәтижесінде осы қажеттілікті іске асыру құралдары мен
|