МЕББМ
РЕСЕЙ
ҚАЗАҚСТАН-НУО
МЕДИЦИНАЛЫҚ
КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ
5
құлық» және «деликвенттік мінез-құлық» түсініктері теңдес болмайды, өйткені индивид мінез-
құлқындағы бұзылулардың түрлі дәрежедегі көрсетулерді білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларды анализдеу және зерттеу негізінде девиантты мінез-
құлық феноменін біз психикалық жағынан сау индивидтің қоғамдағы оның белгілі бір даму
кезеңінде қалыптасқан өлшемдер мен ережелерге сәйкес емес, немесе қарсы іс-әрекеттері немесе
жеке қылықтар жүйесі деп өзімздің анықтамамызды ұсынамыз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу – диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық,
әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының рольін
ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс
немесе құбылыстың ағудың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз. Жеке тұлғаның
дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ
ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық
факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч. Ломброзо), мінез-
құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А. Геззел), Д. Бромлей, А.
Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э. Уилсон, С. Джефери)
жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологизаторлық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында
пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге
арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен
белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жеткіншектің девиантты мінез-құлқының алдын-алу
бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Белгілі бір ғылыми қызығушылық психологиялық бағытты көрсетеді, олардың авторлары
ауытқушы мінез-құлықтың әлеуметтік тамырларына сілтейді (Е.П. Белинская, С. Беккер, Ф.
Танненбаум, У. Томас және т.б.). Олардың ойынша девианттықтың дамуын қоздыратын басты
факторлардың бірі «әлеуметтік таңба», ол индивидті «тәртіпті бұзушылармен» алдын-ала
теңдестіруден тұрады. Бұл ғылыми бағыттың өкілдері девиантты мінез-құлықтың дамуын
қоғамдағы өзгерістермен түсіндіреді, олардың нәтижесінде бұрынғы бағыттар
өздерінің
мағынасын жоғалтады
, ол өз алдына қоғамның қайта ұйымдастырылуына әкеледі, оның
барысында біреулері ескі өлшемдер мен бағалықтарын ұстанса, екіншілері – жаңадан пайда
болғандарын ұстанады.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының детерминация үдерісіне тікелей әсер ететін
биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеудің жүйелі тәсілі назарға ие
бола алады. Біздің пікірімізше, жүйелі зерттеулер ғана зерттелетін үдеріске шынайы шарттарды
ғылыми қамтамасыз етудің объективті суретін бере алады. Осындай тәсіл жоғарыда көрсетілген
тұжырымдамалар анализінің негізінде ғалымдар мінез-құлық формаларының құрылу барысында
өзара әрекет ететін сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (психологиялық) факторларды бөліп көрсете
алады. Осыдан шығар қорытынды, әлеуметтану ғылымында төмендегідей заңдылық орнатылған:
біріншіден, сыртқы факторлар ішкі факторлар арқылы әрекет етеді сонымен өздерін анықтайды;
екіншіден, ішкі факторлар сыртқылары арқылы әрекет етеді де өздерін өзгертеді.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі
факторлардың өзара байланысы жеткіншектерді әлеуметтендіру үдерісінде жүзеге асады. Бұл
феноменның мәні жеке тұлға мен қоғамның айланысына сілтей отырып, ғалым жеке тұлға
дамуының ішкі үдерістері мен сыртқы шарттарымен өзіндік байланысатын «дамудың әлеуметтік
жағдайы» туралы айтады. Бұдан шығатын нәтиже, индивид ортамен белсенді түрде өзара қарым-
|