МЕББМ
РЕСЕЙ
ҚАЗАҚСТАН-НУО
МЕДИЦИНАЛЫҚ
КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ
7
әдістері, жолдары туралы ақпарат тәжірибесінен таңдау басталады. Мысалы, белсенді араласудың
табиғи қажеттілігі девиантты мінез-құлықты жеткіншектің асоциалды бағыттағы құрбыларының
тобына кірудің қозғаушы күші болуы мүмкін, өйткені субъективті тәжірибе бойынша сау
әлеуметтік ортада бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін болмайды .
Мінез-құлықтық әрекетті жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін ол жүзеге асатындай сыртқы
шарттар кешенінің маңызы бар.
Сондықтан
, бұл шарттар туралы ақпарат та жеткіншектің
субъективті тәжірибесінде сақталуы тиіс.
Осылайша, мінез-құлықтық әрекеттің «күні бұрын шешу» кезеңінде ненің және қалай (қандай
құралдардың көмегімен, қандай шартта) қажет екені белгілі болуы керек және бұл қажеттілік
қанағаттандырылуы керек.
Алайда девиантты жеткіншектерде мінез-құлықтық әрекеттің нәтижесі әдетте бастапқы
қажеттілікті қанағаттандыру байланысты болмайды. Мұндай жағдайдағы себептер ретінде
ғалымдар төмендегілер белгіленген:
Бастапқы қажеттілікті қанағаттандыруа керекті жолдар мен құралдарды таңдауға мүмкіндік
бермейтін субъективті тәжірибенің кедейлігі;
Мінез-құлықтық әрекетті жүзеге асыру мақсатының дұрыс болмағандығы;
Жеткіншек бастапқы қажеттілікті дұрыс құрастырмаған және анықтамаған.
Аяғында, күні бұрынғы шешім мінез-құлықтық әрекет орындау кезеңдер қалыпты және күткен
нәтиже шықса да, жеткіншек шынайы қанағатты сезінбейді, өйткені бастапқы қажеттілікке
қатысты шешім қате қабылданған.
Көрсетілген девиантты мінез-құлықтың субъективті факторлары дамып келе жатқан жеке
тұлғаның қарым-қатынасы арқылы іске асатын өзара байланысты, өзара себепші болатын және
өзара әрекет ететін компоненттердің жүйесі болып табылады. Бұл қарым-қатынастар, Б.Ф.
Ломовтың пікірінше, жеке тұлғаның субъективті әлемін анықтайтын «ұйытқысы» рольінде
шығады.
Осылайша, жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының мәнін жан-жақты және терең зерттеу ғана
оның алдын-алу үдерісі үшін тиімді әлеуметтік жағдайлар жасау негізінде жақтан заңдылықтарды,
байланыстарды, тәуелділіктерді көрсету мүмкіндігін ашады.