Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
71
саяси позицияларын жүргізу құқығына ие болды. Бұл жағдай аз уақыттың ішінде Іле өңірінің Ресей
империясының меншігіне айналатынын анық айқындап берді [9].
Атап отырғанымыздай, осы келісімнен кейін Іле өлкесінде саяси жағдай күрт өзгерді. Оның басты
мысалдары аймақта Ресей билігі күшейе бастады, жергілікті халықтың саяси ұстанымдары бірнеше
бөлікке бөлінді. Оның ең негізгілері халықтың бір бөлігі Қытай билігіне қарсы болса, бірі керісінше
Қытайды қолдап, Ресейге қарсы шықты. Іле өңірінің байырғы халқы саналған халықтар мен оның басым
бөлігі болған қазақтар, ұйғырлар және басқа да жергілікті халықтар негізінен дербес өмір сүруге
ұмтылды. Алайда, оған Қытайдың сол кездегі саясаты мүмкіндік бермеді. Цин билігінің әлсірегенін
пайдаланып қалуға тырысқан жергілікті халықтың бір бөлігі аймақта ықпалы артып келе жатқан Ресейден
қолдау сұрауды жөн деп санады. Бірақ, оның салдары қалай болатыны ешкімге белгісіз еді. Тек Қытайдан
тәуелсіз өмір сүрсе, сол жеткілікті болып көрінді.
Осылайша ХІХ ғасырдың 50-жылдары Ресей империясы мен Қытай шекаралас болып қалды. Іле өңірі
екі мемлекеттің шекарасы түйіскен аймақ болып саналды. Бұл жерлер қазіргі Қазақстанның оңтүстік-
шығыс бөлігімен шектесті. Ресей мен Қытай шекаралас мемлекет болғанымен, екі ел арасында нақты
мемлекеттік шекара сызылған жоқ. Ол уақытта әдеттегідей екі мемлекет белгілі бір географиялық аймақ
арқылы шекаралас болып жатты. Аймақта мемлекеттік шекараның анықталмауы Қазақстан мен Орта
Азияда орын алған саяси факторлармен тығыз байланысты болды. Оның басты бағыттары бұл аймақтың
ішкі саяси ахуалы, оған сыртқы күштердің қысымы және ең бастысы Ресей мен Қытай арасындағы
геосаяси мәселелер болды. Ол жергілікті басқару, ішкі сауда аумақтық талас-тартыс т.б.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Іле өңіріндегі саяси жағдай аса құбылмалы
болды. Аймақтағы саяси жағдай негізінен Қытайдың отарлау саясаты мен Ресейдің Шығыс Түркістанға
жылжып, бұл өңірді өзіне қарату саясатымен байланысты болды. Екі империя да саяси және
экономикалық маңыздылығы зор болған аймақ үшін өзара геосаяси тартысқа түсіп, ол өңірдің саяси
өміріне үлкен өзгерістер алып келуімен аяқталды. Ресей империясының Шығыс Түркістанға қарай
жылжуы жолындағы әрекеті мен Қытайдың жергілікті халықты өз қысымында ұстаудың шектен тыс
қимылдары Іле өңіріндегі жергілікті халықтардың үлкен саяси көтеріліске шығуына алып келді. Оның
басты мысалдары орыс миссионерлерінің айдап салуымен Іле өңірінде жергілікті халықтардың саяси
санасында тәуелсіздікке ұмтылыс пайда болды. Мұндағы Ресейдің мақсаты Іле өлкесін және бүкіл
Шығыс Түркістанды өзіне саяси және сауда-экономикалық тұрғыда тәуелді ету болды. Қытай билігінен
босану жергілікті халықтың жалпы, бірлескен ұранына айналып, ол саяси және қарулы көтерілістерге
әкеп соқты. Іле өлкесінде жергілікті халықтың басым бөлігін құраған қазақтар Ұлы жүз қазақтарымен
байланыста бола отырып, еркіндікке ұмтылуға тырысты. Бұл көтерілістің туындауы ХІХ ғасырдың 60-шы
жылдары орын алып, ол аймақтың саяси тағдырын шешуге бағытталды.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ануфриев К.С. Эволюция политики Цинского Китая в Центральной Азии. // Вестник Томского
государственного университета. История. – 2013. – №1 (21). – С. 153-157
2. Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы: қалыптасуы, мәселелері және
айқындалу барысы. – Алматы: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2006. – 172 б
3. Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии (вторая половина XVIII – первая
половина XIX в.). – Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1983. – 124 с.
4. Казахско-русские отношения в XVIII - XIX веках (1771-1867 годы) Сборник документов и
материалов. /сост. Ф.Н. Киреев, М.О. Джагалин, В.Ф.Шахматов. – Алма-Ата: Наука, 1964. - 574 с.
5. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII - начале XX века. – Алма-Ата:
Наука, 1981. – 243 с.
6. Васильев Д.В. Россия и Казахская степь в первой половине XIX века: административное
моделирование пространства //Вестник Оренбургского государственного педагогического университета
Исторические науки и археология. – 2015. – № 4 (16). – С. 65-82.
7. Шкунов В.Н. Синьцзян в системе российско-китайской торговли в XIX в. //Известия Самарского
научного центра Российской академии наук, 2017. – Т. 19, – № 3, – С. 139-145
8. Российско-китайские отношения. История и современность. Хрестоматия. / Сост. Д.В. Кузнецов.
[Электронный ресурс]. – Благовещенск: Благовещенский государственный педагогический университет,
2014. – 952 с.
9. Хамзин И. Р. Кульджинский договор 1851 г. как источник по истории русско-китайских отношений
второй половины XIX в.: политические и торгово-экономические аспекты. //Документ. Архив. История.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
72
Современность: Материалы VI Международной научно-практической конференции – Екатеринбург:
Изд-во Урал. ун-та, 2016. – С. 308-310.
Достарыңызбен бөлісу: |