ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
70
орыс-қытай саудасының даму жолын бастады. Бұл келісімшарт негізінен Орталық Азия аймағы үшін
Ресей мен Қытайдың қатынастарын реттейтін құнды құжат болып табылады. Бұл құжат тараптар
арасында саяси және экономикалық үрдістердің даму бағытын көрсетіп, оны жүзеге асыру үшін жағдай
жасады. Келісімшарт құжаттарын талдаудың нәтижелері ХІХ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістан,
оның ішінде Құлжа аймағында патша дипломатиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтауға және
тұтастай алғанда Орталық Азиядағы Ресей империясының саясатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді
[8].
Келісім шарт 1851 жылы 25 шілдеде Құлжа қаласында қабылданды. Келісімшартты бекіту үшін
Ресейден – Е.П. Коволевский, ал Қытай тарапынан – И Шань мен Будантай есімді саяси тұлғалар қол
қойды. Бұл келісімшарт «Құлжа келісімі» деп аталып, ол 17 бапты құрады. Құлжа келісімінің негізгі
мазмұны төмендегідей болды:
Іле өлкесі Ресей үшін ашық болды;
Іле өлкесінің орталығы Құлжа мен Тарбағатай өлкесінің орталығы болған Шәуешек қалаларында
ресейлік консулдықтар құрылды;
Сауда-саттықта кедендік бажсыз айырбастауларға рұқсат берілді;
Ресейлік көпестер Іле өңірінде еркін жүріп тұратын болды және оларға сауда жасау мен мал ұстау
үшін арнайы орындар берілді;
Қытайлық және ресейлік саудагерлер тауар бағасын өзара келісім арқылы белгілеп отыратын болды
және оған жергілікті билік араласпайтын болды. Бұдан бөлек, келісімге сәйкес Жоңғарияға кіру тек 25
наурыздан 10 желтоқсан аралығын қамтып отырды. Басқа уақыттарда кіруге тыйым салынды. Болашақта
туындауы мүмкін болған қандай да бір саяси немесе сауда-экономикалық түсініспеушіліктерден
туындайтын мәселелерден сескенген Қытай билігі, ресейлік сауда керуендерінің Қытай территориясында
циндік сарбаздар мен әскерилердің бірге кезіп өтетінін мәлімдеді [8, 14 c.].
Бұл келісімшарт Ресей империясы үшін маңызды болған тұсы, ресейлік сауда керуендерінің өтуі
кезінде тонаушылыққа, зорлық, шабуыл не қылмысқа ұрынса, Қытай үкіметі мұндай жағдайларға жауап
бермейтін болды. Басқаша айтқанда Қытай үкіметі өздерінің бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартып,
қазақ жері арқылы өтетін керуенге қол сұқпайтынын айттты, оларды толығымен Ресей үкіметінің
қалауына қалдырды. Құлжа келісімі мәтін ретінде баспасөзде жарияланбады трактаттағы мәтіннің
бірнеше даналарында қабылданған жер саудасының ережелері жайлы хабарлама алу үшін жергілікті
билік органдарына жіберілді. Құлжа келісімі тек Іле өңірінде емес, сонымен бірге бүкіл Шыңжаңда
Қазақстанда, Сібірде, сауда қатынастарын дамытып, ол Қытай үшін тиімдірек болды. Ресей Қытай
саудасын кеңейту және заңдастыру Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт белгілеген 1853 жылы
16 желтоқсанда қабылдаған хабарламаға сәйкес азиялық аймақтарға таратылғаны мәлім.
1851 жылдың 25 шілдесінде қабылданған Құлжа келісімі Ресей мен Қытайдың Орта Азиядағы [8, 15
c.] ресми сауда қатынастарының құқықтық негізін қалап, оны одан ары қарай дамыту мен нығайтуда
маңызды рөл атқарды. Бір жарым жыл өткеннен соң, 1852 жылдың 5 ақпанында Ресей императоры
Николай Құлжа келісімімен Батыс Қытаймен жер саудасының ережесін бекітті. Оған сәйкес ресейлік
сауда керуендерін қытайға алып өту барысында оған қадағалау жүргізетін басшы не старшындардың
Қытайға өтуі үшін билет алуы тиіс болды. Мұндай билеттер Семей, Петропавл, Тройцк, Өскемен т.б
бекеттеріне жол тарту кезінде беріледі. Мұндай билеттерсіз саудагерлерге Қытай жергілікті билік әртүрлі
алымдар алу бойынша құқыққа ие болды.
Атап отырғанымыздай, 1851 жылғы қабылданған Құлжа келісімі негізінен сауда-саттық қарым-
қатынастарына негізделгенімен, оның Ресейдің Орта Азия мен Шығыс Түркістандағы саяси
ұстанымдарының нығаюына мүмкіндік туғызды. Дәлірек айтқанда Ресей үшін үлкен геосаяси маңызға ие
болды. Құлжа келісім шартына қол қойған Ресей, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия, және Шығыс
Түркістанда өз саяси әрекеттеріне толықтай еркіндікті қабылдады. Ресей Қытай шекарасында
келіссөздердің саяси маңызына назар аудара отырып, Құлжа трактаты тек қана саудада ғана емес, Орта
Азияның қозғалысын жалғастырушы ретінде қызмет ететіні маңызды. Бұған Горчаковтың бастамасы
негіз болған еді.
1851 жылы Құлжа келісімшарты бойынша, Қытай Орта Азиядағы Ресейдің саяси қысымына қарсы
тұруға қабілетті емес екендігін және Цин империясы Ресейге қарсы тұра алмайтындығын көрсетті. Бұл
келісімшарт Ресейдің саяси ұстанымдарын Іле өңіріне қарай нақты шоғырландырып берді. Ресей
империясы өзінің отарлар иелену әрекеттерін тоқтатпай, Қазақстан мен Орта Азияны және онымен
іргелес жатқан Шығыс Түркістанды иеленудің жоспарын бекітті. Бұл үшін Құлжа келісімінің маңызы өте
зор болды. Бұл тұжырымның басты қорытындысы – Құлжа келісімі арқылы Ресей империясы Іле өңіріне
|