Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
69
Ресей саудасының Қытай мен Шығыс Түркістанға, одан ары қарай Оңтүстік Азияға бағытталуындағы
ең маңызды сауда жолы Құлжа, яғни осы Іле өлкесі арқылы өтетін болғандықтан, әуелде өңірдің сауда-
экономикалық маңыздылығы бірінші кезекке қойылды. 1845 жылы Ресей Шәуешек пен Құлжаға,
Қашқарға апаратын сауда жолдарын зерттеп қайту мақсатымен Ресей империясының Азиялық
департаменттің жұмыстары бойынша қызметкері вице-директор Н.И. Любимовты арнайы миссияларды
орындау үшін сапарға аттандырды. Осы сапардың нәтижесінде Н.И. Любимов керуенді Семейден гөрі
Жетісу арқылы жүргізудің әлдеқайда тиімді әрі төте жол екендігін мәлімдеді. Бұл жағдай Ресей
империясының аталған аймақтармен сауда қатынастарын дамытуды әуелде Жетісу жері және одан кейін
онымен іргелес жатқан Іле өлкесі арқылы жүргізуді жөн деп санады. Бұл жағдай Ресей империясының
Құлжа аймағына жақындаудың бағытын айқындайтын келесі бір маңызды себептердің бірі болды.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресей мен Қытай арасындағы саяси байланыстардың бір бағыты
Іле өлкесіне бағытталып, ол мемлекетаралық ынтымақтастық тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі
болып саналады. Бұл кезеңде Іле өлкесіне қатысты Ресей мен Қытай арасында халықаралық актілер
қабылданып, ол біріншіден көршілес мемлекеттердің қатынастарын дамытудың құқықтық негізін қалаған
болса, екіншіден мұндай саяси ұстанымдар аймақта саяси жағдайдың өзгеруіне алып келді, үшіншіден
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін берді. Осылайша, ХІХ ғасырдың 50-
жылдары орыс-қытай келісімдерінің келесі бір сериясы Шығыс Түркістанға, оның ішінде Іле өңіріне,
яғни Құлжа аймағына бағытталды. Олай деудің себебі, бұған дейінгі кезеңде де Ресей мен Қытай
арасында сан мәрте мемлекетаралық келісімшарттар қабылданған болатын. Бұл жолғы келісімшарт
Құлжа қаласы мен Іле өңірі үшін жасалып, ол аты атап тұрғандай 1851 жылы қабылданған Құлжа
келісімінің қабылдауымен сипатталады.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Ресейдің Әскери министрі Батыс Сібір мен Жетісуда саяси-
әскери бақылауды күшейтіп, арнайы шаралар қабылдады. Ол бойынша шекараларда барлау жұмыстары
кеңінен жүргізілді, соның қатарында Жетісумен, Ұлы жүз қазақтарымен іргелес жатқан Құлжа (Іле)
аймағы ерекше назарға ілікті. Бекіністер салыну күшейтілді. Қапал, Лепсі бекіністері аймақта тек
Оңтүстікке қарай жылжуда қызмет етіп қана қоймай, болашақта Шығыс Түркістанды «игеруде» маңызды
қызмет атқарады деп жоспарланды. Осындай бекіністердің ең ірілері Іле, Верный бекіністері болып, олар
1854 жылы салынды. Мұндай бекіністер мен ондағы орыс отрядтарының барлаушылық және тыңшылық
қызметі және сыртқы сауданы қадағалаудағы әрекеттері аймақтағы саяси ахуалдың үлкен өзгеріске
ұшырайтынын, дәлірек айтқанда Іле өңірінің болашақта Ресей империясының құрамына өтетінін
айқындап бергендей болды.
Негізгі барлау жұмыстары Ресей империясының Әскери министрлігінің Батыс Сібірдегі бөлімінен
жіберіліп отырды. Осы тұста Батыс Сібірдегі армия генералы П.Д. Горчаковтың 1836-1851 жылдар
аралығындағы жұмысы жоғары деңгейде орындалды. П.Д. Горчаковтың қызметінің деңгейі бойынша,
екінші бір генерал И.Ф. Бабков оның қызметін бағалай отырып, аймақта Ресейдің әкімшілік жағдайы
және сауда-саттық деңгейі жайлы мәлімет берді. Ол аймақтағы жағдайды суреттей отырып, онда Ресей
биілігінің тапсырмасы бойынша әскерилер мен барлаушылардың Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жерінен
сонау Қытайға, Қашқария және Шығыс Түркістанда өз аяғымен тік тұрып аймақтағы жағдайды қолға
алғанын көрсеткен еді. Жетісуда Ресей империясының әскери бөлімдері келіп, аймақтағы тыныштықты
қолға алуы жергілікті халықтың да назарын өзіне аударды. Себебі, бұл кезде халық арасындағы
тыныштық орнап, сауда-саттық істеріне бұрыннан жасалатын ұрлық пен тонау қимылдары азайды.
Мұның бәрін орыс әскерлері бақылауға алды. Соның негізінде аймақта сауда жанданып, ол мемлекеттің
де экономикасын дамытуға оң ықпал етті [7, 141 с.].
Ресей билігі мұнда сауданы қыздырып, оның ішінде сатып алу мен айырбас саудасы алдыңғы
орындарға қойылды. Батыспен сауда қатынастарын дамыту жолға қойылып, мемлекет қазынасына орасан
зор табыс әкелді. Сауда ісі Қытай, Қашғар және Орта Азиялық хандықтармен мемлекетаралық деңгейге
көтеріліп, ол Ресей үшін аса маңызды болды. Бұл жағдай Ресейдің Жетісудан ары қарай Құлжаға, яғни Іле
өлкесіне қарай кіруін тездетті.
Ресейдің Жетісудағы қызметімен бірнеше әскери қорғанысы туралы алаңдаған Цин үкіметі өзіндік
наразылық білдірді, алайда оның соны сәтсіз аяқталды. Ресей әрекеттері Цин үкіметінің келіссөзге
баруына мәжбүрледі, бұл 1851 жылы Құлжа шартының қорытындысы болды.
1851 жылы Ресей империясы мен Қытай арасында Құлжа келісімі қабылданды. Бұл негізінен
мемлекеттердің арасында сауда-экономикалық байланыстарды реттеуге арналған келісімшарт
болғанымен, ол осы аймақта геосаяси жағдайды да өз ішіне қамтыған келісім болды. Құлжа келісімі Іле
өлкесінің саяси өмірінде үлкен өзгерістердің орын алуына алып келді. Құлжа келісімі Орталық Азиядағы
|