Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
117
«Дамушы Азия» сценарийі
Негізгі сценарийден басқа да жағдайлардың орын алу мүмкіндігін алға тартатын үшінші сценарийде
Қытайдың және өзге де Азия елдерінің сыртқы саясаты мен энергетика саласында туындауы ықтимал
оқиғалар мен жағдайларға тоқтам жасалады. «Дамушы Азия» деп аталатын аталмыш сценарийде
Қытайдың энергетикалық саясаты болжамдалғаннан да өзгеше сипатта өрбитіні баяндалады.
«Дамушы Азия» сценарийі Ресей Федерациясы үшін негізгі сценарий мен «ұсыныстың артуы»
сценарийіне қарағанда едәуір тиімді деп есептеледі. Сыртқы энергия сұранысының артуы және Азия
нарығында Ресейдің энергия көздеріне деген сұраныстың күшеюі мемлекеттің отын-энергетика кешенінің
дамуына зор серпін берері анық. 2014 жылғы болжам бойынша осы сценарий жүзеге асқан жағдайда
Ресейдің энергия экспорты 2010 жылға қарағанда 2040 жылы 20%-ға өседі. Ресейдің мұнай экспортында
негізгі сценарий мен «Дамушы Азия» сценарийі арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанымен,
табиғи газ экспортында 2010 жылмен салыстырғанда 2040 жылы 75% өсу байқалады. Негізгі сценарийде
Ресейдің көмір экспорты 2010 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 17%-ға артса, халықаралық
конъюнктураның салдарынан 2040 жылы 10%-ға төмендейді. Ал, «Дамушы Азия» сценарийінде сыртқы
көмір сұранысы туралы мүлдем басқа болжам жасалған. Азия елдері экономикасының қарқынды өсуі
нәтижесінде Азия-Тынық мұхиты аймағында энергия тапшылығының белең алатынын болжамдайтын
осы сценарийде Ресейдің көмір экспорты 87%-ға артатын болады [7].
«Дамушы Азия» сценарийі жүзеге асқан жағдайда Ресейден энергия импорттайтын аймақтардың
географиясы да өзгеруі мүмкін. 2014 жылғы болжамға сүйенсек, негізгі сценарийде Ресей энергиясының
38%-ы Азия-Тынық мұхиты аймағына экспортталса, «Дамушы Азия» сценарийінде бұл көрсеткіш 46%-
ды құрайды. Энергетика саласында Еуропа елдерімен ынтымақтастық орнатуға басымдық берілсе де,
Қытайдың Ресейдің энергия экспортындағы үлесі ұдайы ұлғайып отыратын болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Макаров А.А., Митрова Т.А., Кулагин В.А. Первый российский прогноз развития мировой
энергетики в апреле представили ИНЭИ РАН и РЭА, 2016,
Web:http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:Emj5CzI0AccJ:www.ras.ru/FStorage/Downloa
d.aspx%3Fid%3D2da23a60-77b3-4a10-9bb1-91f054b9d66e+&cd=1&hl=ru&ct=clnk. (дата обращения:
10.09.2017).
2. Прогноз развития энергетики мира и России до 2035 г., Под ред. Макарова А.А. и Григорьева Л.Г.
М.: ИНЭИ РАН, 2012 – C. 195
3. Энергетика России: Взгляд в будущее, ИЭС, М. 2010 - C. 609 .
4. Ченг Ж.С. Китайский взгляд на энергетическую безопасность. Журнал Современного Китая № 17.-
2008.-297 б.
5. Уянаев С.В. Российско-китайское энергетическое сотрудничество: признаки нового уровня. Китай
в мировой и региональной политике № 18.-2013.-C. 278.
6. Портяков В.Я. Российско-китайские отношения: современное состояние и перспективы развития.
Китай в мировой и региональной политике № 18.-2013.-C. 7 .
7. Энергетическая стратегия России на период до 2035 года, 2015,
http://www.energystrategy.ru/ab_ins/source/ ES-2035_09_2015.pdf. (дата обращения: 12.09.2017).
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
118
UNIVERSAL DECIMAL CLASSIFICATION (UDC)
327: 338.45 (574)
ГРНТИ 03.01.17
Mukan Saken
1
1
PhD in International Relations, Associate Professor at Social and Humanitarian Sciences Department,
University of International Business, Almaty/Kazakhstan,
E-mail: sakenmukan@gmail.com
Saudabekova Elmira
2
2
Candidate of Philosophical Sciences, Associate Professor at Department of General Education Courses,
Narxoz University, Almaty/Kazakhstan,
E-mail: elma-67@inbox.ru
Достарыңызбен бөлісу: |