Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет162/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   493
Keywords: energy policy, Russian Federation, People's Republic of China, energy strategy, geopolitics 

 

Негізгі сценарий 

«Негізгі сценарий» деп аталатын нұсқасы әлемдегі демографиялық, технологиялық және экологиялық 

өзгерістер  мен  халықаралық  энергетика  нарығындағы  белді  ойыншылардың  (мемлекеттердің) 




ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

114 


энергетикалық  стратегиялары  ескеріле  отырып,  әзірленеді.  Мұндағы  түпкі  мақсат  Ресейдің  ұлттық 

қауіпсіздік  стратегиясында  көрсетілген  қауіп-қатерлерге,  экономикалық  және  жалпы  энергетикалық 

саясатына баса мән беру болып табылады. Ресейдің Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігіндегі рөлі мен 

маңызын  мейлінше  дұрыс  бағамдау  үшін  Қытайдың  ұлттық  және  энергетикалық  қауіпсіздік  түсінігі  де 

зерттеледі.  

Ресейдің  2040  жылға  дейінгі  Қытайға  бағытталған  энергетикалық  стратегиясының  бағыт-бағдарын 

айқындау үшін, ең әуелі, халықаралық энергетика нарығының даму барысын зерделеу қажет. Бұл үшін 

жыл сайын бірнеше мекемелер мен ұйымдардың халықаралық энергетика нарығының ахуалы жайында 

жариялап  отыратын  жылдық  есептеріне  негізделе  отырып,  халықаралық  энергетика  нарығының  қазіргі 

жағдайы мен алдағы 25 жылдық даму барысын болжамдауға тырысу қажет.  

Негізгі сценарийде айнымалыларды энергетика саласына қатысты компоненттермен ғана шектеу үшін 

технологиялық  даму  деңгейін,  мемлекеттердің  және  энергетика  нарығындағы  басқа  да  ойыншылардың 

энергетикалық  стратегияларын,  демографиялық  құрылымын  және  мемлекеттердің  ЖІӨ-нің  өсу 

көрсеткіштерін  өзгертпеуге  тырыстық.  Мұнда  Ресей  ғылымдар  академиясының  құрамындағы 

Энергетикалық зерттеулер институты тарапынан 2014 жылы жарияланған «2040 жылға дейінгі Ресейдің 

және әлемдік энергетика нарығының дамуына қатысты болжамдар» атты құжаттағы (бұдан әрі – «2014 



жылғы  болжам»  деп  аталады)  деректер  пайдаланылды.  Сондай-ақ,  сынақтан  өткен  заманауи  жаңа 

технологияларды  да  энергия  ресурстарын  өндіру,  өңдеу  және  тасымалдау  үдерісіне  интеграциялау 

көзделді.  Сонымен  қоса,  халықаралық  энергетика  нарығындағы  ойыншылар  ұстанатын  энергетикалық 

стратегиялардағы  басымдықтар  да  бүгінгіге  ұқсас  деп  қабылданды.  Ресейдің  және  Қытайдың  соңғы 

энергетикалық стратегияларында айқындалған басым бағыттарға да ден қойылды. Дүниежүзі халқы жыл 

сайын орташа есеппен 0,9%-ға өсіп отырғандықтан, 2040 жылы 9 миллиардқа жетеді деп есептелді. Ал, 

әлемдік  ЖІӨ  көлемі  жыл  сайын  орташа  есеппен  3,5%-ға  артып  отырғандықтан,  2040  жылы  2,8  есеге 

өсетіні болжамдалды [2]. 

Ресейдің энергетикалық стратегиясын әзірлеу кезінде шетелдік дереккөздерден гөрі Ресей ғылымдар 

академиясының  құрамындағы  Энергетикалық  зерттеулер  институтының  статистикалық  мәліметтерін 

қолдануға едәуір басымдық берілді. Осыған орай, 2040 жылға дейінгі халықаралық энергетика нарығында 

орын  алуы  мүмкін  өзгерістер  мен  жағдайларды  зерттеу  кезінде  осы  құжаттың  деректері  көбірек 

пайдаланылды. 2014 жылғы болжамға сүйенсек, 2010-2040 жылдар аралығында әлемдегі энергия тұтыну 

көлемі жыл сайын орташа  есеппен 1,3%-ға ұлғайып, 2010 жылға қарағанда 2040 жылы 46%-ға артады. 

Бұл  көрсеткіш  Энергетикалық  зерттеулер  институты  тарапынан  жарияланған  алдыңғы  құжаттардағы 

мәліметтермен салыстырғанда біршама көп. Себебі, 2008 жылғы бүкіләлемдік экономикалық дағдарыстан 

кейін 2011 жылы экономикалық өсу көлемі болжамдалғаннан да жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 

Осы уақыт аралығында экономикасы өсіп келе жатқан дамушы елдер әлемдегі энергия көп тұтынатын 

елдерге  айналады.  Ал,  дамыған  елдер  болса,  энергия  үнемдеу  саясатын  ұстануы  нәтижесінде  энергия 

тұтыну  көлемін  2040  жылға  дейін  небәрі  4,6%-ға  ұлғайтады.  Онда  да  бұл  көрсеткіш  2030  жылға  дейін 

ұлғайғанымен,  одан  кейінгі  кезеңде  өспей,  тұрақтанады.  Бүгінгі  таңда  шамамен  АҚШ-пен  бірдей 

деңгейде энергия тұтынатын Қытайдың энергия тұтыну көлемі 2040 жылға дейін АҚШ-қа қарағанда екі 

есе  артады.  Әсіресе,  өсу  тенденциясы  алғашқы  он  жылдықта  айқын  байқалып,  кейінгі  жылдары  бірте-

бірте азая бастайды. Егер 2015 жылы энергия тұтыну көлемінің өсу көрсеткіші Қытайда 10%-ды құраса, 

2040 жылы 1%-ға дейін төмендейді. 2025 жылдан кейін энергия ресурстарына деген сұраныс Үндістанда 

(энергия  тұтыну  көлемінің  жылдық  өсу  көрсеткіші  2,8%)  және  Шығыс  Азия  елдерінде  едәуір  ұлғаяды. 

Басқа да дамушы елдердегі энергия тұтыну көлемі 2040 жылы 2015 жылға қарағанда 1,5 есе артқанымен, 

олардың әлемдік энергия тұтыну көлеміндегі үлесі небәрі 30%-ды құрайды. Сондай-ақ, Таяу Шығыс пен 

Африка да ең ірі энергия тұтынушы аймаққа айналады [3]. 

2014  жылғы  болжамға  сүйенсек,  2010-2040  жылдар  аралығында  негізгі  энергия  ресурстарына  деген 

сұраныс  мұнайда  19%,  көмірде  36%  (2020  жылға  дейін  мейлінше  өседі),  табиғи  газда  64%,  атом 

энергиясында 72% және жаңартылатын энергия көздерінде 92% артады. Бұның басты себептерінің біріне 

2008-2011  жылдары  белең  алған  бүкіләлемдік  экономикалық  дағдарыстан  кейінгі  кезеңде  дамыған 

мемлекеттердің  энергия  ресурстарын  әртараптандыру  саясатын  ұстануын  жатқызуға  болады.  Осы 

саясаттың  нәтижесінде  энергетика  нарығындағы  серіктес  мемлекеттердің  саны  ұлғайып,  энергия 

ресурстарын  әртараптандыру  күшейе  бастайды.  Энергетикалық  зерттеулер  институтының  деректері 

бойынша  алдағы  жылдары  әлемдік  экономикада  тұтынылатын  энергия  ресурстарын  әртараптандыру 

тенденциясы одан әрі үдейе түсіп, энергия ресурстарының қандай да бір түрінің басымдығы жоғалады. 

2040  жылы  жер  қойнауынан  өндірілетін  энергия  ресурстарының  жалпы  тұтынылатын  энергия 

көлеміндегі үлесі 76%-ды құрайды деп күтілуде. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет