АЩЫСАЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КОМБИНАТЫНЫҢ ХАНТАҒЫ КЕН ОРНЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ
30-40 ЖЫЛДАРЫНДА:
ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІМЕН
Аннотация
Республикадағы өндіріс орындарының тарихы бүгінде аз зерттелген жоқ. Алайда оның күнгейі мен
көлеңкелі тұстары әлі де болса толыққанды ғылыми-теориялық шешімін тапты деуге болмайды. Қазіргі
тарих ғылымындағы тарихи-антропологиялық зерттеу құралдары аталған мәселені біртұтас және
объективті тануға мүмкіндік береді. Соған сәйкес, Ащысай полиметалл комбинатына қарасты – Хантағы
елді-мекені «күнделікті өмір тарихы», «Айтылған тарих» деп аталатын ғылыми танымның соңғы
әдістеріне сүйене отырып зерттеуге алынды. Советтік отарлық илеуге түскен өңірдің ХХ ғасырдың 30-40
жылдардағы ресми емес, шынайы тарихы қандай еді? Архив құжаттары мен оның көзкөрген куәгерлері
бұл жөнінде не дейді? Міне осы сауалдарға жауап беруге талпындық. Ал бүгінгі ұрпақ мұның нақты
жауабын білуі тиіс деп ойлаймыз. Сонымен, мақалада өңір жұмысшыларының еңбектегі күнделіктілігі
және советтік биліктің өз халқына деген суық қатынасы баяндалады.
Кілт сөздер: ХАНТАҒЫ, РУДНИК, КЕНШІ, ПЕРФОРАТОР, ШТОЛЬНЯ, ГОРИЗОНТ, ТГЖД,
ВАГОН, ШАХТА, НКВД,
Myrzatayeva Zabira
1
1
Senior lecturer of Department of History, Institute of History and Law of Kazakh National Pedagogical
University named by Abay. Republic of Kazakhstan, Almaty
Достарыңызбен бөлісу: |