Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Сонымен Хантағы, Байылдыр тұрғындарының көрсетулеріндегі Айтылған тарих не дейді?



Pdf көрінісі
бет186/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

 Сонымен Хантағы, Байылдыр тұрғындарының көрсетулеріндегі Айтылған тарих не дейді? 

 2018  жылдың  тамыз  айында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дің  профессоры,  «Айтылған  тарих»  ғылыми-

зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, академик М.Қ. Қойгелдиевтің жетекшілігімен Кентау-Ащысай 

елді  мекенінде  елішілік  ғылыми-зерттеу  экспедициясы  жүргізілді.  Экспедиция  материалдары  өңірдің 

архивтік және көнекөз кеншілерінен алынған тарихи сұхбаттардан тұрады.  

 Сонымен, заман куәгері Хантағының тыл ардагері, құрметті атамыз Байбеков Ибадулла өткен өмірін 

былайша  еске  алады:  «О-о-о-й  дүние-ай!  О  заман  аса  ауыр  заман  болды.  Армияға  кетіп  жатыр,  кетіп 

жатыр.  Адамымыздың  бәрін  әкетіп  қалды  ғой!  Қызыл-Қорған  колхозымыз  иесіз  қалды.  Онда  жұмыс 

істейтін адам қалмады. Кемпір мен шал қалды жарамайтын. Колхоз таратылып, күніңді көретін ештеңе 

қалмаған соң ФЗО-ға бардым әкемнен рұқсат алып. Сосын мына  Қарасайға  жұмысқа орналастым 1948 

жылы, кейін Мырғалымсайда істедім. Ол қиыншылықтар ешқашан естен кетпейді. Мен проходчик деген 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

134 


ауыр жұмысты істедім. Мына қолдың күшімен күрек-қайламен тасты құлату, ұшы 2 метр, салмағы 30 кг 

перфоратормен тауды тесу, тар-тарс еткізіп күніне 18-20 рет жарылыс жасау қандай ауыр еді! О шіркі-і-і-

н! Ол перфораторды әрі-бері көтеріп жүру де оңай емес қой, оның өзі бұзылып қалады. Енді айтпа, шахта 

жұмысының ауырлығын.  Жұмысқа келгенде наряд  береді, соны орындаймыз деп, анау-мынау тас емес 

қорғасыны бар ауыр тастарды, вагонеткаларға салу, оны толған соң далаға шығару аса ауыр болды, ал 

вагонеткалар  болса  қайта  айналып  келе  береді,  келе  береді!  Бір  күні  күндіз,  бір  күні  түнде  істейміз 

жұмысты. Аспабы түгел емес, біреуі жетеді, біреуі жетпейді. Жылына бір рет бәтеңке, киім беріп қояды. 

Ол жыртылса, жөндеп аламыз, үстімізге әрдеңені іле саламыз.  

 Ия, балам шахта деген алғашқыда өте қорқынышты болды. Тас үстімізден құлап кете ме деп, ылғи да 

қорқып жүретінбіз. Енді қорқынышты болғанда айтпа!  

 Ал жапондықтар жөнінде сұрағанымызда қария жапондықтарды жұмыста көрдім ғой. Олардың денесі 

шағын,  өңі  қара  болады  екен.  Олар  да  қай  бір  жетіскеннен  келді,  өкімет  әкелген  ғой.  Жұмысын  істеп, 

мерзімін өтеп кетті ғой еліне. Олардың да күні күн болған жоқ қой...» [14], - деп шынайы өткен тарихи 

өмірден сыр шертті.  

 Тура осындай мазмұндағы сұрақтармен Байылдыр ауылының ақсақалы Қалдыбеков Қуанбек (1930 

ж.т) атаға барған едік. Қарт кісі осы мазмұндас әңгімелерін тарқата баян етті. Қалдыбаев Қуанбектің ата-

анасы алғашында Ташкентте Шыршықта тұрған екен. Сол жерде әкесінің барлық мал-мүлкі тәркіленіп 

конфискацияға  ұшыраған.  Кейін  Теріскейге  көшіп  келіп,  одан  1945-1946  жылдары  Мырғалымсайға, 

шахта  жұмысына  орналасқан.  Ұзын  құлақтан  естіген  «кенші  болсаң,  теңгені  үйіп-төгіп  береді  екен» 

дегенге  иланып,  18  жасар  жасөспірім  шағынан-ақ  ауыртпалығы  зор  шахта  жұмысына  барса  керек. 

«Қайбір  дүниеміз  қалды  ғой  дейсің,  қарапайым  көрпе-төсенішімізді  есекке  артып  осында  жеттік.  Біз 

келгенде  Мырғалымсай  азын-аулақ  адамы  бар  шағын  поселок  болатын.  Мұнда  біраз  рулы  ел  болды. 

Жағалбайлы,  арғын,  найман...  Мырғалымсай  шахтасында  жұмыс  істеген  Қуанбек  ата  орыс 

басшыларының  қаталдығын,  шахта  жұмысының  ауыртпалығын  айтты.  Ия,  алғашында  шахта  тозақ 

сияқты  болып  көрінді,  қорқынышты  еді.  Кейін  астына  түскен  соң  бойың  үйренеді  екен.  Тастар  сондай 

ауыр,  қорғасыны  аралас  қой  өйткені.  Соны  вагондарға  лақтырып  сала  береміз,  сала  береміз.  Мына 

қолымызбен. Жұмыс ауырлай береді, ал айлығың өспейді» [15], - деді.  

 

 ХХ  ғасыр  басында  қазақ  кеншісінен  ауыздан-ауызға  жеткен  мына  өлең  шумақтары  ХХ  ғасырдың 



екінші жартысына да тән деуге болатын сияқты: 

...сөткелеп жұмыс істеген, кеншісімін мен қазақтың. 

Қауіпке толы әр күнім, ұқсайды көріне тозақтың, 

Тар қуыстан еңбектеп, кен асылын тапсам да, 

Үйіп-төгіп жатсам да, соқыр тиын қожайын, 

Береді кәпір есептеп. 

Ақыры бұл құлдықтан, құтқаратын зорлықтан, 

Күн бар ма екен О тоба! 

Азабы мол қорлықтан? [16], - делінді.  

 

 Ащысайға арнайы көшіріліп әкелінген поляк азаматтарының естеліктерінен. 



 ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Ащысай  руднигі  де  ортағасырлық  апатты  жағдайда  болды. 

«Айтылған  тарих»  ғылыми-зерттеу  орталығы  бүгінде  депортацияға  ұшыраған  халықтармен  байланыс 

орнатқан.  Польша  Республикасының  Клодская  Быстшица  қаласындағы  репрессия  құрбандары  мен  жер 

аударылған  поляк  азаматтарын  еске  алу  Қоғамының  жетекшісі  Януш  Кобрынь  және  анасы  Ванда 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет