Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет305/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

227 


Топырақ, ауа, су, от алғашқы күйінде формаға ие емес, ол жанмен қосылғанда ғана формаға ие болады 

және  бастапқы  күйге  мүлдем  ұқсамайтын  нәрсеге  тіршілік  иесіне  айналады  (А.  Мейірманов,  2014). 

Мысалы түйе малының аса киелі саналып, пайғамбарлардың, әулиелердің көлігі болуы түйенің топырақ 

текті  жануар  болуымен  байланысты  деуге  болады,  өйткені  топырақсипат  –  кішіктік  адамның  ұлық 

қасиеті. Қазақ тарихындағы халық аса құрметтеген, әулие тұтқан Абылай хан, Райымбек батыр сияқты 

адамдарының киелі түйесі болуы осының бір айғағы. «Абылайдың киесі сары бура екен,- дейді Мәшһүр 

Жүсіп,- Абылай жорықта жеңетін болса, бура жорықтың жолына қарап жатады екен де, жеңбейтін болса, 

теріс қарап жатады екен». Түйенің пірі – Ойсылқара (Біз, өкінішке орай, Ойсылқараның орнын қаншама 

сұрастырсақ та таба алмадық). Тамырын тереңге жайып, жердің күш-қуатына қаныққан Әлем Ағашының 

да тегі топырақ. Көктерек,  Қарағашты әулиелердің қабірі киелі топырақта. Қабір басынан өсіп шыққан 

қос терек те, қос қарағаш та киелі. Осыған байланысты «Көкті жұлма, көктей соласың» деп шөп пен суды 

т.б. қастерлеген қазақ үшін Жер ананың,  туған жердің топырағы киелі болса,  оның жемістерінің бірі – 

ағаштары да қасиетті саналуы сондықтан деп білеміз.  

 Жыланды  ата.  Ауызекі  әңгімелерден  естуімізше  Жыланды  ата  тарихта  болған  адам.  Әулиенің 

жатқан жері Ташкент қаласы, Чиланзар* ауданында. Ол жыланның тілін білген, оны оқып көзбен байлап 

тастайды екен. Тағы бір әңгімеде бұл жерде ордалы жылан болған, бірақ адам баласына, жан-жануарға 

тиіспейді, зиян келтірмейді екен. Жалпы қазақ арасында жыланды оқып, жарып жіберетін, өлеңмен оқып, 

байлап  тастайтын  бақсылар  аз  болмаған.  Жылан  шаққанда  уын  қайтару  үшін  бақсылар  қобыз  тартып 

арбаған. Айтатын сөздері: 

 Кер, кер, кер жылан, 

 Керек басты мер жылан, 

 Бір жылан бар сұм жылан 

 Бір жылан бар сұр жылан. 

 Бір жылан бар жеті жылғы 

 Ту жылан. 

 Құралай таудың басынан 

 Қуып келген қу қылан. 

 Пайғамбардың демінен 

 Дегелек келді шық жылан. 

 Ақ жылан, отты жылан, 

 Кіші жылан, мышы жылан, 

 Сары жылан, сарыбас жылан, 

 Көп жылан, көбер жылан 

 Шық Тәңірден парман келді, 

 Парманнан қатты жарық келді. 

 Мары, мары, мары жылан 

 Ұзын, ұзын, ұзын жылан 

 Ұзын, шашы келте жылан. 

 Марқары, сарқары 

 Былдыр-сылдыр болған түннің басынан 

 Лек-лек келді, шық жылан! 

 Ат жылан, қат жылан 

 Ыс жылан, қара жылан 

 Отыз бес көзді, қырық жүзді 

 Ортан түннің басынан  

 Лек-лек келді, шық жылан. 

*Чиланзар (жыландар) – өзбек тілінде жыланды деген мағынаны береді.  

 Қазақ  бақсыларының  «ойыны»  көбінесе  бақсылық  өлең-сарын  ретінде  айтылады.  Олар  өздерінің 

«жынын» кейде «жеңсіз берен киінген, лашын құстай түйілген» деп, қалың жауға қарсы шауып, қамал 

бұзған батыр бейнесінде, кейде «қара шұбар айдаһар», «жез тырнақты жолбарыс», «азу тісі балғадай қара 

бура», «бір мүйізі жер тіреп, бір мүйізі көк тіреген көк бұқа» болмаса, әлем дүниесін бұрқ-сарқ еткізген 

қара  бұлт,  қарлы  дауыл  бейнесінде  келтіреді.  Кейбір  ұзақ  айтылатын  сарындарда  бақсының  бір  емес, 

бірнеше «жыны» суреттеледі, оларды адам ұғымындағы ең күшті нәрселерге теңеп, салыстыра отырып, 

жырға қосады, тыңдаушының көз алдына елестетпек болады»,- деп жазады М. Ғабдуллин (М. Ғабдуллин, 

1964:59). С. Сейфуллиннің пікірінше: «Жын, пері екі түрлі болады, бірі – достық қылады. Бақсы достық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет