Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет356/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   493
Key Words: Indigenous knowledge, ethno medicine, spiritual culture, water, nature. 

 

Көшпелілік немесе жартылай отырықшылық жағдайда мал өсіріп, егін еккен халықтардың күнделікті 



өмір  тәжірибесінде  халықтық  білімнің  алатын  орны  мен  маңызы  ерекше.  Халықтық  білім  заттың  және 

рухани мәдениеттің, адам мен табиғат, қоршаған орта туралы таным-түсініктің нәтижесі ретінде ғасырлар 

бойына  қалыптасып,  бүгінгі  күнге  келіп  жетті.  Қаймағы  әлі  бұзылмаған  байырғы  қазақы  дәстүрлердің 

негізгі дені халықтық медицинаға деген ерекше көзқарастан және оның халық арасында сақталуынан, кең 

қолданыста болуынан көрінеді.  

Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  кеңінен  қолданылған  байырғы  халық  емі  –  бұлау  болып  саналады. 

Ертеректе  көшпелі  өмір  сүрген  қазақтар  арасында  қысы-жазы  мал  соңында  жүру,  қыстың  суығын  киіз 

үйде,  жертөледе  өткізуі  себепті,  суықтың  әсерінен  болатын  буын  аурулары,  сүйек  сырқырау,  белдің 

шойырылуы,  құяң  секілді  ауруларды  емдеу  үшін  түрлі  жылу,  бұлауларды  қолданған.  Қазақ  халқы 

күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен  қалыптасқан  тәжірибесінде  емдеудің  «құм  бұлау»,  «тас  бұлау»,  «су 

бұлау», «теріге түсу», «тұзға түсу» сияқты түрлерін қолданды.  

Су бұлауға түсу үшін қаттырақ ысыған суды астауға құйып, қара тұз немесе теңіз, сор тұзын салып 

түсіп,  астау  үстін  көрпемен  бүркеп,  буындағы  суықты  алған.  Тұзды  суға  түсу  көбіне  қышыма  ауруын 

емдеу үшін де қолданылған. Сондай-ақ, денеге бөртпе жаралар шыққанда суға адыраспан қайнатпасын 

құйған.  Байырғы  қариялар  адыраспанды  ем  үшін  немесе  аластау  үшін  аларда  «Адыраспан,  жіберді  ем 



болғай деп, Омар, Оспан!» деп айтып алған екен. Дәреті жүрмей ауырғандардың аяғын ыстық суға салып 

бұлайды. Ол үшін су құйылған шелектің немесе астаудың ішіне қыздырылған екі қышты салады немесе 

қыздырылған  қыш  бетіне  су  бүркіп,  науқастың  екі  табанын,  екі  қышқа  қойып,  үстіне  көрпеше  жауып 

отырғызады. Арал өңірінің емшісі Үмбетәлі мақсым осы емді кең қолданған екен [АЭМ].  

Босанатын  әйелдің  толғағы  жеңіл  болу  үшін  жасалатын  ғұрып  «жарысқазан»  кезінде  қатты  қызған 

қазанға су шашқан. Яғни, кей әйелдің толғағы қызғаншақ болады, қасына әйелдер көп жиналса, толғағы 

қашып  кетеді,  бала  кідіріп  қалады,  ондай  жағдайда  басқа  әйелдер  сыртқа  шығып  кетіп,  «жарысқазан» 

жасауға  қосылады.  Жарысқазанға  босанатын  әйелдің  енесі  де,  көршісі  де  кірісіп,  қолда  бар  тамақты 

жасайды.  Сүт,  құрт,  ірімшік  қайнатады  немесе  бірі  бидай,  бірі  жүгері  қуырады,  оны  балаларға  береді, 

қуырып болғасын қазанға су шашады, «ел көшті, жау жетті» деп айтады, самаурын қайнатады, қазанға 

дән немесе ет қуырған, келіге келісаппен күріш түйіп «түсті ме, түсті ме» деп айтқан. Жарысқазандағы 

қызып  тұрған  қазанға  су  шашудың  мәні,  судың  «быж»  еткен  даусынан  жындар  қашады,  бала  да  тез 

шығады деген сеніммен байланысты.  

Нәрестені  алғаш  шомылдырған  суды  «шілде  су»  деп  атап,  оның  емдік  қасиеті  болған.  Шілде  суға 

күміс, бір шымшым тұз қосқан. Баланың денесіне түгел тиген судан шыныға құйып алып қойған. Кейін 

баланың денесі бөртіп, қызарған жағдайда денесін өз шілде суымен сүрткен. Шілде суды адам баспайтын 

жерге  төккен.  Қазақтарының  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерінің  қайсысы  болса  да  әр  түрлі  ырымдармен 

қатар жүреді деуге болады. Жаңа туылған баланы қырқынан шығарғанда шомылдыратын суға «өскенде 

бай болсын» – деп ырымдап, тиындар, күміс жүзік, сақиналар, азулы, өткір болсын деп қасқырдың тісін, 

тұяғын салып жуындырған. Қасқырдың өткірлігі, күмістің қасиеті су арқылы дарыған [Сурет 1а, ә].  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет