Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет359/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   493
де  кешпейді.  Құдай  деген  соқыр  шал  бар  болса...  табиғатта  не  кие  бар  деген  рас  болса...  сен  кәрі 

Аралдың киесіне ұшырарсың-ау», – деген жолдар бар [5, 327 б.]. Кие адамға тек сол адамның әрекетіне 

қарай әрекет етеді, яғни сен тиіскен жағдайда ғана саған есеңді қайтарады. Судың киесіне сену табиғат 

күштеріне  сенімнің  адам  санасына  берік  ұялағанын  көрсетеді.  Қазақтар  судың  киесіне  ұшырамас  үшін 

суды  ысырап  қылуға,  күл-қоқыс  төгіп  былғауға,  суға  дәрет  сындыруға,  суға  түкіруге  тыйым  салған. 

Халық сенімінде судың иесі мен киесі таза жүрген адамды қорғайды.  

Маңғыстау қазақтарының сенімінде Каспий теңізінің иесі Сұлтан Епе (Үпі) үңгірден теңізді бақылып 

отырып, суға кеткен адамды құтқарған. Маңғыстау қазақтары күн күркіреп, найзағай ойнағанда, қатты су 

тасқыны  болғанда,  су  апатынан  қорғану  үшін  «Сұлтан  Епе,  пендеңді  су  апатынан  сақтай  гөр»,  деп 

жалбарынған.  

Ертедегі қазақтар суға кеткен адамды табудың білімін игерген. Сыр қазақтары арасында суға кеткен 

адамның  сүйегін  табу  қиынға  соққан  жағдайда,  суға  кеткен  адамның  отбасынан  әйел  адамдар  шашын 

жайып,  өзен  жағасына  отырған.  Бұл  Сыр  қазақтарының  сеніміндегі  суда  өмір  сүретін  мифтік  бейне 

Үббені  үркіту,  сол  арқылы  сүйегін  алу  деген  нанымнан  туындаған.  Болмаса,  тапаға  пісірілген  нанды 

үгітіп,  өзенге  ағызған,  нанға  тойған  Үббе  суға  алған  адамның  сүйегін  қайтарады,  –  деген.  Ал,  Орал 

өңірінде  суға  кеткен  адам  сүйегін  табу  үшін  өзенге  шелпек  пісіріп  ағызған,  шелпек  су  ағынымен  қай 

жерге барып, , иіріліп ақпай тұрып алып, сүйекті табуға негіз болған. Суға кеткен адамның сүйегін тағы 

бір көне әдісі Сыр өңірі қазақтары арасында кездескен, Сырдария суына темір мосыны арқанмен тастаған. 

Мосы су ағысымен айналып, адам сүйегін табуға көмектескен [АЭМ]. 

Қазақ халқы «су ішкен құдығыңа түкірме» дегенде адам өмірінде белгілі бір із қалдырған кезеңдерінен 

теріс айналмауына тәрбиелеп отырған. «Судың да сұрауы бар», «инемен құдық қазғандай» деген сөздің 

түп-тамыры құдықтан су шығарудың оңай шаруа еместігін тағы да дәлелдейді. Қазақ халқының наным-

сенімдер жүйесінде сүйелді кетіру үшін жаңа ай туғанда қолын жайып «жаңа ай, сүйелімді алып кетші» 

деп  жалына  отырып,  айға  сыйынады  да,  ай  сәулесі  түсіп  тұрған  құдыққа  тиын  тастайды.  Бұл  шаралар 

шындығында сүйелдің қайтуына көмектескен. Құдықтан су алуға барғанда алдымен суға тас лақтырады, 

сонда  су  ішіндегі  шайтандар  ұшып  кетеді  деген.  Құдықтың  бетін  ашық  қалдырмаған,  жын-шайтандар 

үйір болмасын деп, таза ұстауды мақсат тұтқан. Күн алғаш күркірегенде қазақтар құдықтан су алып ішуге 

тырысқан, ол «күркірек су» деп аталып, бұл судың адам ағзасы үшін пайдасы бар деп сенген Құдық суы 

тереңнен не таяздан шықсын мөлдір, таза болған. Құдықтан суды алған сайын суы жер асты су көздері 

арқылы толысып отырған (АЭМ) .  

Түнде су құйылған шелектердің бетін жауып қою, құдық суының бетін ашық қалдырмау, суды таза 

ұстаумен,  жын-шайтанның  үйір  болуынан  қорғаумен  байланысты.  Әрі  судың  бетін  жабық  ұстаумен 

халық арасында тараған әртүрлі аңыздар бар (АЭМ).  

Р.Карутц Маңғыстау өңірінен беті ашық қалып, мал немесе иттің ааузы тиген суды аластап, тазалау 

үшін молдалардың ағаштан ойылған ритуалдық ыдысты қолданғанын көрген және оның суретін берген 

[4, с.124]. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

277 


 

 

 



Сурет 4 – Су аластауға қолданылатын ритуалдық ыдыс. Р.Карутц сызбасы [4, с.124]. 

 

Тұрмыс-тіршілікте  адамдар  суды  қажетінше  пайдалана  алады.  Әсіресе  судың  емдік  қасиетін 



пайдалануды  әулиелік  культпен  бірлікте  дамыта  білді.  Әулиелер  басында  құдықтың,  бұлақ  көздерінің, 

арасан  сулардың  болуы  табиғатпен  біте  қайнасқан  ұғым  деуге  болады.  Суды  дәстүрлі  этномедицинада 

қолдана білудегі халықтық білімдер жүйесінде байырғы архайкалық, яғни исламға дейінгі діндер тамыры 

көрініс  береді.  Бұл  білімдер  ислам  дәстүрлерімен  біте  қанасып,  күнделікті  тұрмыста  өміршең  болып 

кеткен.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

АЭМ – Автордың экспедициялық материалдарынан.  

1  Кастанье  И.  Из  области  киргизских  верований  //  Вестник  Оренбургского  Учебного  Округа.  1912. 

№1. 3. С. 71-93; 1913. №4. С.112-124; №5. С.149-166; 201-218.; №6. С.187-196.  

2 Кастанье И. Поездка по Тургайской и Сыр-Дарьинской области. 1906 – 1907 г. Вдоль Ташкентской 

железной дороги. Оренбург. Типография Г.М. Мильберг, 1909. 67 с. + 1 лист. 

3 Корженовский И. О шаманстве у Алайских киргиз // ТВ. 1913, №31, С. 2-3.  

4  Карутц  Р.  Среди  киргизов  и  туркменов  на  Мангышлаке.  Пер  с  нем.  Е.Петри.  СПб.:  Издание 

А.Ф.Девриева, 1910. 188 с.  

5 Нүрпейісов Ә. Сең. Алматы: Жалын, 1983. 374 б.  

6  Қасиетті  Қазақстан:  Астана  қ.,  Алматы  қ.,  Ақмола  облысы,  Алматы  облысы.  1  том. 

Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Арыс баспасы, 2017. 480 б.  

7  Толеубаев  А.Т.  Реликты  доисламских  верований  в  семейной  обрядности  казахов  (ХІХ  –нач  ХХ  вв.). 

Алма-Ата: Ғылым, 1991. 214 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

278 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет