Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және оның салдары



бет25/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

49. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және оның салдары
сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Тұрғындар радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Адамдар өкпе мен сүт бездерінің рагы және басқа да қатерлі ісікті патологиялармен көптеп ауыра бастады. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар (генетикалық мутация) пайда болды. Адамдар ғана емес, жер де азап шеккен.
50. 1950-1970 жылдардағы халық шаруашылығы дамуы
1954 жылғы көктемде тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954 жылы Қазақстанда 6,5 млн. га. жер жыртылды. 1956 жылы республикада 16 млн т. астық жиналды. Тоқырау жылдары - Неміс автономиясының құрылуы туралы хабар Қазақстан жеріне, әсіресе оның солтүстік бөлігіне, лезде тарап кетті. 1979 жылғы маусымның 16-сы таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастрадың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар тақтайшалар болды. , мал шаруашылығы - Қазақстанда мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, 225 совхоз және 47 колхоз мал өнімдерін, яғни ет, сүт өндіретін шаруашылықтар ретінде өзгертілді. 1955 жылы болды. 1960 жылы қазақ КСР-де мал саны 37 млн 400 мыңға жетті. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конституциясы қабылданды.
51. Қайта құрудың Қазақстандағы саяси және экономикалық өмірге әсері
КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.
Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі, қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі, заңдылықтың бұзылуы, жариялылықтың болмауы, ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте арттақалушылық, бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар тапшылығ, халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер экономикалық дағдарысқа алып келді.
1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады.
Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.
1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.
Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.
Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктен өзге, жекеменшіктің болу мүмкіндігін дәйектеп берді.
Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар құрыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет