Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Түркі мәдениеті-тарих және қазіргі кезең



бет43/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

84.Түркі мәдениеті-тарих және қазіргі кезең
Түркі елі-Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта өмір сүрген тайпалық одақ. Қазіргі таңда көне түркі ұрпақтары жер жүзінде көптеп кездеседі. Олардың құрамының басым көпшілігін түріктер,өзбектер,қазақтар құрайды.
Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр,Өзбек мәдениеттері құраса,солтүстік бөлігін қазақ,қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса,оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды.Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды.Мысалы:тұрмыстық заттарында,аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады.Тіпті Түркі мемлекеттерінің туларында да ұқсастықтары аз емес.
Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып Қытай деректерінде айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу өнерінің болғандығын мойындағандай. Әрине, барша дүниежүзі тарихта болды деп мойындау үшін айнымас дәлелдер керек екені анық. Олардың бірі Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері - стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге - қаған және Күл - Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері.
Көне түркілерден бері келе, тарихта даму сатысында болған ғылым салалары да көп. Әдебиет және ғылым: жазудың пайда болуымен бірге Моңғолияның және Енисейдің әдеби жанрлары, руникалық мәтіндері - тарихи құжаттар ғана емес, көрнекті әдеби шығармалар да дамиды.
Көне түркі дәуірінде, ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар да бар. Олар түркі дәуірінің ғылыми және әдеби әлемінің жарқын өкілдері: әл Фараби, Юсуф Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Яссауи.
Ерте орта ғасыр кезеңінде түркі тілдес тұрғындар тілшілер болып табылды. Олар аспан мен жерге - суға бас иді, отты құрметтеу, өз нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейство, христиандық таралды. Тағы бір деректерде олардың әруақтарды құрметтегенін байқауға болады.
Қорытындылай келгенде, әлем мәдениетінің, жалпы адамзат өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер етіп, ықпал жасаған, өзіндік орны бар түркі мәдениеті болып табылады.Мұны түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз.
Азия мен Еуропаны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл мәдениет, көптеген өзге мәдениетттердің дамуына үлкен ықпал жасады. Қысқаша айтқанда сонау ежелде Қазақстан аумағын мекендеген отырықшы түркі тайпаларынан бастап түркі мәдениеті даму процесі барысында көптеген кезеңдерден өтіп, түрлі өзгерістерге ұшырады. Яғни түркі мәдениеті даму барысында түрлі сатылардан өтіп бүгінгі әлемге әйгілі өркениетке айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет