Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдени дамуы



бет40/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

79. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдени дамуы
Егеменді еліміз мәдени салада жіберілген ағаттықтарды түзетуге мүмкіндік алды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық, қатынастарға өту мәдениет пен спорттын дамуына зор ықпал етті. Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды немесе жекеменшікке берілді. Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жұмыстарын жалғастырды. Сондай мәдени ұйымдардын бірі 1974 жылы құрылған «Яшлик» ұйғыр эстрадалық ансамблі еді. Республикаға танымал сазгер Мұрат Ахмадиев іргесін қалаған бұл өнер ұжымы еліміздің көпұлтты музыка мәдениетін дамытуға лайықты үлесін қосуда.
Қазақстандағы экономикалық ілгерілеу мен саяси тұрақтылық әлеуметтік-мәдени салада реформаларды тиімді жүргізуге кенінен жол ашты. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік мәдениетті қолдау бағдарламасы жасалып, еліміздің мәдениеті мен өнері мемлекеттік қолдауға ие болды. 2000 жылы Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасынын Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып, халқымыздың тарихы мен мәдениеті жайлы іргелі еңбектер жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінін деректері бойынша 1991 жылдары елімізде 48 кәсіби театр, 62 концерттік ұйым, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 2259 клуб түріндегі мекеме, 42 луна-парк пен демалыс саябақтары,4 хайуанаттар паркі жұмыс істеді.
80. Қазақстан ШЫҰ- да. Қызметі, келешегі
ШЫҰ және Қазақстан
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет