74. Егеменді Қазақстанның экономикалық дамуы XXI ғасырдың басына қарай Қазақстан қол жеткізген басты жетістік - экономикалық жағдайды жақсартуға бетбұрыс болды. Белгіленген бағдарламаларды дәйекті түрде жүзеге асыру экономиканы жан-жақты құрылымдық өзгерістеріне жеткізді. Нарықтық қайта құруларға бейімделмеген совхоз-колхоздар жүйесі жойылды, жекеменшік енгізілді.
Шағын және орта бизнестін әртүрлі нысандары қалыптасты, оларда 2001 жылға қарай 1 млн 600 мың адам жұмыс істеді. Мыңдаған кәсіпорындар жеке адам қолына өтті. «Шеврон», «Самсунг» т.б. ірі трансұлттық компаниялар Қазақстан экономикасына берік орнықты. Ескі жүйе догмасынан арылған адамдар билік пен бизнеске келді. Қазақстан экономикасының көркеюіне мұнай бағасынын көтерілуі де жарымды әсер етті. Ел эконо-микасына шетелдік аса ірі компаниялар тартылды. 1993-2000 жылдары Қазақстан 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды. Дегенмен ең басты ғаламдық өзгеріс адамдар санасында жүрді. Олар нарықтың артықшылықтарын сезінді, мемлекет мәжбүрлемей-ақ жақсы табыс тауып, жақсы өмір сүруге болатынын түсінді.
Бүгінде Қазақстан экономикасы тұрақтанып, даму жолына түсті. Елімізде орта және шағын бизнес жанданып келеді. Үкімет орта және шағын бизнесті дамытуға ерекше мән беріп отыр. 2007 жылы мемлекеттік бюджеттен орта және шағын бизнеске көмек ретінде 155 миллиард теңге бөлінді. Қазақстанның ішкі өнімі соңғы 10 жылда жан басына шаққанда 700 АҚШ долларынан 3 мың 600 доллар деңгейіне көтерілді.
75. Егемендік кезеңіндегі Қазақстан Республикасының саяси дамуы ХХғ аяғына қарай жаңа тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты атрибуттарына ие болды. Олар - толық шексіз суверенитет, республиканың территориялық бірлігі, республикалық азаматтығының бар болуы және құқықтық жүйе, өзінің мемлекеттік рәміздер және т.б.Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қарай конституциялық эволюциясын басынан бастап көрсету үшін мына өлшемдерге сүйенуге болады: - Конституциялық – құқықтық реттеу объектісінің дамуы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қоғамдық қатынастардың даму барысында индустриалдық кезеңге өтуі, сондықтан егемендік идеясының маңыздылығын түсініп, оны талдап ету қажет.
- Конституциялық құқықтық қатынастардың іс жүзінде пайда болуы.
- Қазақстанның бірынғай территориалдық бүтіндік ретінде конституциялық - құқықтық субъектілігін институцияландыру және ережелер арқылы бекіту.
1991 жылы Кеңес одағының тарқалуымен суверенитетті шектейтін факторлар толық жойылды. Соған байланысты Қазақстанның ТМД-ға кіргеннен кейін суверениет шектейтін факторлармен байланысты емес. Құқықтың мемелекеттегі билік бөліну принципі қазіргі Ата заңда бекітілген.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілір толық жойылып еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палаталы Парламент құрылды, Үкіметтін ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.