Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстан Республикасындағы білім және мәдени өмір



бет37/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

76. Қазақстан Республикасындағы білім және мәдени өмір
Білім беру жүйесі
Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды
1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты.
Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.
Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабылдауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет