16.Қазақстан аумағындағы азаматтық соғыс Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. Азамат соғысы 1918-1920 жылдар аралығында болды. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды.1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады.(Ақтар 70 казактар, қызылдар 77 шаруалар )
1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда ақтар атаманы Дутовтың басшылығымен Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сөйтіп,Верный да және Орал да ақтар диктатурасы орнайды. Азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. Алаш зиялыларының мақсаты ақтар көмегімен Алаш Орда үкіметін нығайту.
1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастайды. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен Орынборда одақ жасасып, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.
1919 ж. шілде аяғындағы шабуылға шыққан ақ гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бұл кезде Шығыс майданының әскери бөлімдері Түркістанға көмекке келді. М.В.Фрунзенің ұсынысымен оңтүстік әскери топ Түркістан майданы болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды босату және Түркістанға экспедиция жіберу мақсаты тұрды.
1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шықты. Себебі,ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатігездік пен зорлық “Алаш” өкілдерін Кеңес өкіметі жағына итермелей бастады.
1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы Дутов пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станциясын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың ставкасы тұрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков және Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қалдықтарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына келтірілді.
Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап,