Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстандағы индустриялдандырудың негізгі бағыттары



бет10/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

22.Қазақстандағы индустриялдандырудың негізгі бағыттары.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом). 4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

23.Қазақстандағы ұжымдастыру ерекшеліктері.
Большевиктер 20-шы жылдары ЖЭС-ті ұзақ мерізімді саяси стратегия деп есептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді. 5 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н.
Қазақ қоғамына орны толмас зардап әкелген ұжымдастыру науқанының негізінде, большевиктер екі мақсатты қана көздеген: біріншісі ұлт зиялыларын, елдің бетке ұстар адамдарын (оларды қуғындап, әлсірету арқылы) түгелдей жойып жіберу. Екіншісі қарапайым адамдардың күшін тегін пайдалану, қазақ ауылдарын ет дайындауда табиғи өнім көзіне айналдыру. Егер қазақтың байлары, басқа да зиялы адамдары әлсіреп, түгелдей жойылмаса халықты басқара алмайтынын, елімізді шикізат көзіне айналдыра алмайтындығын большевиктер жақсы білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет