9. Көлік химиясы. Қазіргі көлік құралдарының дамуындағы
химияның маңызы көлік құралдары жасалатын материалдар
шығарудан, жанармай, жағармай өндіруден, жол құрылысы үшін
материалдар беруден айқын байқалады. Осы аталған компонент-
тердің өзі-ақ олардың химияға қаншалықты тәуелді екенін, бұл
процестердің экотоксикологиялық аспектілері де жететінін
көрсетеді.
10. Өнеркәсіп химиясы. Іс жүзінде бүкіл өнеркәсіп
пайдаланатын процестері, материалдары, құрал-жабдықтары,
шикізаты,
құрал-саймандары
арқылы
химиямен
тығыз
байланысты болып келді. Адам баласы пайдаланатын
материалдардың 75 %-дан астамы дайындау барысында
химиялық өңдеуден өтеді. Демек, олардың жасалуы негізінен
химияның
жетістіктеріне
тәуелді
деген
сөз.
Бүгінде
технологияның бірқатар аса маңызды жаңа бағыттары, мысалы,
информатиканың, биотехнология мен нано-технологияның соны
салалары пайда болды.