Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет109/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     Алматыда ауа тазара бастады
 
     Алматы ауасының ластану көрсеткіші (ИЗА5) 2010 жылы 
наурызда –13,6 болған еді, 2012 жылғы наурызда ол – 12,1-ге 
түсті. Ал 2013 жылғы наурызда ауаның ластану индексі 10,4-ке 
төмендеген.
 
     Ауаның  тазара  бастауының  себебі  неде  дейсіз  ғой?  Ол  қала 
бойынша атқарылып жатқан бірнеше игі шаралардың нәтижесіне 
байланысты болып отыр.
 
     Санамалап  шығудың  түк  те  қиындығы  жоқ,  қала  басшылығы 
мақсатты  түрде,  қатаң  қолға  алып  отырған  жұмыстарға  көңіл 
аударсаңыз жетіп жатыр.
 
     1.  Автокөліктерден  шығатын  қалдықтар  нормасын  қатаң 
бақылау мен оларды техникалық байқаудан сапалы өткізу;
 
     2. Автомотор майларының сапасын қадағалау;
 
     3. Көліктерді газға ауыстыру және басқа да игі шаралар.
 
     Автокөліктерге  қатысты  әңгіме  бұл  ғана  емес.  Қала 
көшелерінде  ұзақ-сонар  тығында  тұратын  көліктер  мен  қала 
үстінен зулап өте шығатын көліктердің арасында ауа ластауда да 
үлкен  айырмашылық  бары  белгілі.  Ендеше,  ірі  мегаполистегі 
Шығыс  айналма  жолының  пайдалануға  берілуі,  сондай-ақ 


 
 
206  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
жолдардың  күрделі  және  орташа  жөндеулерден  өткізілуі,  жаңа 
жолдардың  салынуы  ауаға  көліктен  бөлінетін  улы  газдардың 
мөлшерін әлдеқайда азайтып отыр.
 
     Алматы 
ауасының  тазара  бастауына  3  –  7  жыл 
аралықтарындағы  жаңа  көліктердің  көбейе  түсуі  де  өз  үлесін 
қосып  келеді.  Статистика  орталығының  мәліметтеріне  сүйенсек, 
зиянды  қалдықтар  бөлетін  тұрақты  көздерде  де  бұрынғы 
жылдарға  қарағанда  ауаның  ластануы  2,6  мың  тоннаға 
төмендеген.  Оған  жылу-энергетика  орталықтарына  заманауи 
үлгідегі  шаңтазартқыш  жабдықтарды  орналастыру,  жылу 
пештерін газдан мазутқа көшіру (Алматы халықаралық әуежайы, 
т.б.  шағын  орталықтар),  сондай-ақ  жеке  тұрғын  үй  секторын 
көгілдір  отынға  көшіру  жұмыстары  да  көп  ықпал  етті.  Мысалы, 
2012  жылы  64  шақырым  газ  құбыры  тартылып,  20  мыңдай  үй 
оның игілігін көре бастады.
 
     Қорыта айтқанда, Алматы әкімдігі үзбей атқарып келе жатқан 
игі  шаралардың  нәтижесі  айтарлықтай  көрініс  беріп  отыр.  Оны 
соңғы  жылдардың  алғашқы  тоқсандарындағы  көрсеткіштерден 
анық байқауға болады. 2013 жылдың бірінші тоқсанында ауаның 
ластану көрсеткіші 10,9 (ИЗА5) болса, ол 2012 жылы – 13,3, 2010 
жылы – 13,5 болған еді.
 
     Іске сәт дейік!           Газет Атамекен 2013ж.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет