7. Химия және денсаулық. Полимерлер химиясының дамуы
арқасында дәрілік препараттардың жаңа түрлері пайда болды. Ал
қазір ұлпаның синтездік моделін жасау туралы ғана емес,
сонымен қатар, тіпті тұтас мүшені – глюкоза деңгейінің артуына
қарсы қолданылатын инсулинді бөліп шығара алатын ұйқы безін
жасау туралы пікір айтуға болады.
Осы заманғы химия дәрі-дәрмектерді ғана емес, сондай-ақ
бинттерден бастап, жасанды мүшелерді емдеуге қажетті әр түрлі
материалдарды өмірге келтіруде. Ол жөнінде әр түрлі металл,
керамика, цемент және композит материалдарды пайдаланатып
стоматология саласын айтсақ та жеткілікті болады. Жаңа
химиялық материалдар болмайынша көптеген мәселелердің
шешілуі екіталай болмақ.