2. Ауыз су және адамның денсаулығы. Су қашан да
өркениеттің аса маңызды қорларының бірі болып келеді, осы
мағынада алғанда оның рөлі қазір де өзгерген жоқ.
Қазақстан Республикасы үшін су қорлары елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуын айқындайтын басты факторлардың бірі
болып есептеледі.
Су
қорының
байлығы жөнінен Қазақстан
Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы елдері арасында соңғы орында тұр,
мұнда бір адамға шаққанда жылына 6 мың текше метр су келеді.
Елімізде 80 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері
бар, республикамыздың оңтүстігі мен шығысында мұздықтардан
бастау алатын тау өзендері басым.
207
Еліміздегі 48 мыңдай көлдердің жалпы ауданы 45 мың шаршы
километр болса, олардың 94 %-ының ауданы бір шаршы
километрге жетпейді.
Ірілі-ұсақты көптеген өзен аңғарлары флора мен фаунаның
көптеген түрлері шоғырланған орындар болып саналады.
Өлкемізде көркіне көз сүйсінетін сулы өңірлер оларды көруге
келетін туристерді көптеп тартуда. Солардың бірі – Шарын
өзенінің шатқалы. Миллиондаған жылдар ішінде бұл өзен
ғажайып шатқал қалыптастырған: оның бас жағындағы тереңдігі
250 метрге, ені 1,5 км-ге дейін жетеді. Келушілердің көптігіне
байланысты бұл өңір де экотоксикологиялық бағыттағы
сындарлы шараларды жүзеге асыруды қажетсінуде.
Қазақстан
өзендерінің бірқатары өлкемізге Қытайдан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден ағып келеді. Еліміздің оңтүстігі
мен шығысындағы көптеген тау өзендері Жоңғар, Іле
Алатауындағы, Күнгей Алатау мен Алтайдағы мұздықтардан
басталады.
Өзендердің көп бөлігі ішкі Каспий (Жайық және Жем
өзендері) теңізінің, Балқаш, Теңіз, Шалқар, Қарасор көлдерінің
тұйық бассейніне жатады. Тек Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері ғана
Кара теңізіне құйылады. Қазақстандағы ең мол сулы әрі кеме
жүзетін өзен – Ертіс. Арал теңізіне құятын Сырдария өзені
үзындығы мен үлкендігі жөнінен екінші орын алады. Іле,
Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Жайық өзендері, Каспий, Арал,
Алакөл су көздерінің экономикалық маңызы экология,
экотоксикология проблемаларын қатар шешуге мәжбүр етеді.
Қалалардағы коммуналдық қызметтер, мал фермалары,
суармалы егістер, су тұндырғылары, қатты, сұйық қалдықтар мен
мұнай өнімдерін сақтау қоймалары да суды ластауыш көздер
болып отыр.
Қазақстанның барлық су көздерінің сапасы нашар деуге таяды.
Шекаралық Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария өзендері біздің
аумағымызға ластанып келетіндіктен, тазартуға зәру болады.
Зерттеулер тек 9 өзен, 2 көл, 2 бөген суының «таза» деп атауға
болатынын көрсетуде.
208 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |