Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет112/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     4. Ұтымды тамақтану ұғымы.  Ұтымды тамақтану дегеніміз 
–  бұл  дені  сау  адамдардың  организмнің  ішкі  ортасының 
тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін,    түрлі  мүшелері  мен 
жүйелерінің өсуін, дамуын, қызмет атқаруын оның еңбек етуі мен 
тұрмысына  сай  келетін  деңгейде  қолдап  отыратын  жұғымды 
тамақтануы.  Қазіргі  әдебиетте  «ұтымды  тамақтану»  терминімен 
қатар, «дұрыс», «ғылыми дәлелденген», «тиімді», «теңестірілген» 
тамақтану дейтін синонимдер кездеседі. 
     Ұтымды тамақтанудың үш буыны бар: 
1. Физиологиялық нормалары. 
2. Азық-түлікті тұтыну нормалары. 
3. Тамақтану режимі. 
     Физиологиялық нормалардың 2 жағы белгілі: 
     1)    сандық  жағы,  яғни  рационның  жұғымдылығы  – 
калориялығы; 
     2)  сапалық жағы, яғни жұғымдылық құрылымы. 
     Сандық  норма  организмнің  энергия  шығындарын  жабуды 
көздесе,  сапалық  норма  рациондағы  белок,  май,  көмірсу, 
минералдық тұз, дәрумендердің мөлшерін көрсетеді. 
     Ұзақ  жүргізілген  зерттеулер  балалар  мен  жасөспірімдер  үшін 
олардың жасы, ал еңбекке жарамды халық үшін – олардың жасы 
мен еңбегінің сипаты тамақтың калориясын айқындаушы фактор 
болатынын  көрсетті.  Қазіргі  қолданыстағы  нормаларға  сәйкес 
бүкіл халық бірқатар топтарға бөлінген. 
     Адамның 
тамақтану  проблемаларын  зерттейтін  ғылым 
тамақтану  гигиенасы  деп  аталады.  Ас  қорыту  мүшелерінің 
қалыпты  жұмыс  істеуі  және  тағамдық  заттардың  жақсы 
қорытылуы  үшін  дұрыс  тамақтану  режимін  белгілеу  қажет.  Ол 
үшін  адамның  мамандығы,  күн  тәртібі,  жынысы,  жасы  және 
организмінің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі. 
     Әрбір тамақ ішу арасында тәуліктік рационды бөлуде мынадай 
талаптарды  басшылыққа  алу  керек.  Таңертеңгі  ас  алда  тұрған 
еңбек күнін қажетті қоректік заттар  қорын қамтамасыз етуі тиіс. 
Күніне  төрт  рет  тамақтану  режимінде  алғашқы  таңертеңгі  асқа 
тамақ  рационының  тәуліктік  калориялылығының  20  –  30  %-ы, 
екінші асқа –  атқарылатын жұмыстың ауырлығына қарай – 10 – 


 
 
210  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
25  %-ы  келуі  тиіс.  Түскі  ас  тәуліктік  рационның  энергетикалық 
құндылығының  шамамен  40  –  50  %-ын  қамтығаны  жөн.  Ет, 
балық,  бұршақ  секілді  белоктары  мен  майлары  көп  тағамдар 
негізінен  күндіз  ішетін  тағамдарға  қосылуы  тиіс.  Кешкі  асқа 
тағамның тәуліктік калориялылығының 15 – 20 %-ы бөлінеді. Ол 
оңай  қорытылатын,  жүйке  жүйесін  қоздырмайтын  сүт  өнімдері 
мен  өсімдіктер  текті  азықтардан  тұруы  қажет,  оны  ұйықтаудан 
кемінде  2,5  –  3  сағат  бұрын  ішу  дұрыс.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалар,  егде  адамдар  үшін  тәуліктік  рацион  шамамен  біркелкі 
бөлінеді: таңертеңгі ас – 25 %, түскі ас – 30 %, түстен кейінгі ас – 
20 %, кешкі ас – 25 %. Ал төрт рет тамақтану режимінде 30 %  – 
таңертеңгі  асқа,  45  –  50  %  –  түскі  асқа,  20  –  25  %  –  кешкі  асқа 
бөлінеді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет