Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Жануарлар және өсімдіктер уымен уланудың алдын алу



Pdf көрінісі
бет113/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     5. Жануарлар және өсімдіктер уымен уланудың алдын алу. 
Әлемде  улы  жануарлардың  5 000-нан  астам  түрлері  тіршілік 
етеді.  Олардың  шағуынан  жыл  сайын  10  миллиондай  адам  азап 
шегеді,  оның  ішінде  –  500  мың  адам  жыланның  шағуына  тап 
болады, 30 – 50 мың адам үшін бұл өліммен аяқталады. Әр түрлі 
балықтардың  уымен  20  мыңдай  адам  уланып,  олардың  300-дейі 
қаза табады. 
     Жануарлар  мен  жәндіктер  уының  химиялық  құрамы  алуан 
түрлі,  уыттылығы  күшті,  өсімдіктер  уына  қарағанда  күшті  әсер 
етеді,  олар  қарапайымдардан  бастап  сүтқоректілерге  дейін 
кездеседі. Өрмекшілердің, қосмекенділердің, жорғалаушылардың 
арасында улы өкілдері көп ұшырасады. 
     Улы  жануарлардың  адамға  шабуыл  жасамайтынын,  олардың 
әдетте  кездейсоқ  шағатынын  есте  сақтап,  олардың  мекендеу 
ортасында  сақтық  шараларын  сақтау  керектігін  ұмытпаған  жөн. 
Ал  олар  шағып  алатын  жағдайда  емдеу  үшін  әдетте 
антибиотиктер терапиясы қолданылады. 
     Осы 
уақытқа  улы  өсімдіктерден  улану  «химиялық» 
аурулардың  кең  таралған  түрі.  Жер  бетінде  өсетін  өсімдіктердің  
300  мыңдай  түрлерінің  700-ден  астамы  организмдерді  күшті 
уландыра  алады.  Біздің  елімізде  мұндай  өсімдіктердің  400-ге 
жуық түрлері өседі. 


 
 
 
211
 
     Олардың  уландыруы негізінен  жылдың жылы  мезгілдерінде  – 
көктем,  жаз  немесе  күзде  байқалады.  Бұл  мезгілдерде  туристер 
бейтаныс  өсімдіктерді  немесе  саңырауқұлақтарды  пайдаланады, 
балалар  әдемі  әрі  ашық  реңдеріне  қарай  көптеген  жеуге  жара-
майтын жидектер мен өсімдіктерді пайдалану арқылы уланады. 
     Шөптердің  тұнбасы  мен  қайнатпасын  ішу  арқылы  өзін-өзі 
емдеу  өсімдіктер  уымен  күшті  уланудың  себебі  болуы  мүмкін. 
Құрамында  адам  үшін  уытты  химиялық  заттары және  химиялық 
құрамының 
өзгеруінен 
немесе 
дұрыс 
сақталмаудан 
саңырауқұлақтар  жұғуынан  (мысалы,  қыста  жерде  жатқан  астық 
немесе  картоп)  олардан  улану  қаупі  бар  мәдени  өсімдіктер 
кездеседі. 
     Уының  «талғамалы»  әсер  етуіне  қарай  өсімдіктер  негізінен 
орталық  жүйке  жүйесіне,  ішек-қарын  жолына,  бауыр  мен  тері 
жамылғысына  әсер  ететін  улы  өсімдіктерге  бөлінуі  мүмкін. 
Алайда  көптеген  улы  өсімдіктер  бір  мезгілде  организмнің 
бірнеше  жүйесіне  немесе  мүшелеріне,  мысалы,  жүйкесі  мен 
жүрегіне, жүрегі мен ішек-қарын жолына, бауыры мен бүйрегіне 
улы әсер етуі мүмкін. 
     Қыста  егісте  жатып  қалған  немесе  өніп,  көгеріп  кеткен 
картопта  сапонин  алкалоиды  түзіліп,  ол  пайдалануға  жарамсыз, 
уытты болып шығады. Тозаңы улы өсімдіктерден шірне жинаған 
араның балы да улы болып шығуы ғажап емес. 
     Улы  саңырауқұлақтан  улану  жер-жерде  жиі  байқалады. 
Бұлардың  200-дей  түрінің  уландыру  қаупі  бар.  Адам  үшін  боз 
арамқұлақ, шыбынжұт, тілімқұлақ, жалған түбіртек барынша улы 
болып  келеді.  Бұлардың  улы  түрлері  мен  олардың  қауіптілігі 
жайында тіпті орта мектептің биология оқулығында да жазылған. 
 
 
*      *     * 
 
      Қазіргі  уақытта  адам  баласы  бүкіл  іс-әрекетін  биосфераның 
күйін  сақтауға  бағыттап,  оған  келтірген  нұқсанын  жоюға  және 
олардың  алдын  алуға  жұмсауда.  Ал  бұл,  сайып  келгенде,  біздің 
ғаламшардың,  онда  өмір  сүріп  жатқан  миллиардтаған  адамның 


 
 
212  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
одан әрі жақсы өмір сүруінің кепілі болмақ. Біздің бәріміз осынау 
ұлы  істің  жауынгеріміз  десек  болар.  Сондықтан  да  ендігі  қоғам 
экологиялық тұрғыдан сауатты адамдар қоғамы болса етті. Оның 
әрбір  азаматы  экологиялық  білімді  болса  етті.  Кез  келген 
жұмыста,  кез  келген  мамандық  иесіне  нақты  экологиялық  білім 
қажет  болады.  Мұндай  білім  отбасынан,  балабақша  мен  мектеп 
қабырғасынан  басталып,  азаматтың  бүкіл  өмірі  бойында 
қажеттілігіне айналуы тиіс. 
     Кей  сәтте  адамдар  табиғат  алдында  дәрменсіз  болып,  өзінің 
келеңсіз  әрекетінің  зардабын  тартатын  шақ  туады.  Оның  ақысы 
өте  қымбатқа  түсуі  мүмкін.  Осының  салдарынан  қайсыбір 
өңірлердің  тұрғындары  табиғат  қорғау  ісіне  ғана  алаңдамастан, 
тіпті  қалыпты  тіршілік  жағдайын  қалпына  келтіруге  зәру  болып 
қа-луда.  Ал оны бір кездегі жаймашуақ күйіне келтіру үшін оның 
сақталу  және  даму  заңдарын  білу  қажет.  Міне,  бұл  жерде  біз 
көтеріп  отырған  ортақ  үйіміз  –  Жер,  оның  экологиясы  туралы 
білімді  меңгеруіміз  керек-ақ.  Экология  негіздерін  білу  біздің 
және  өз  қоғамымыздың,  әрбір  адамның  дұрыс  өмір  сүруінің 
кепілі  болады,  ол  әрқайсымыздың  ұлы  Табиғат-ананың  перзенті 
екенімізді есімізге салып отырады. 
 
Бақылау сұрақтары   
 
1.  Табиғи ортада атмосфераның атқаратын рөлі қандай? 
2.  Ауыз су мен адамның денсаулығы проблемаларын қалай 
түсінеміз? 
3.  Ауыз су экологиясы деген не? 
4.  Ұтымды тамақтану ұғымы нені білдіреді? 
5.  Жануарлар және өсімдіктер уымен уланудың қауіптілігі 
неде? Алдын алу шаралары бар ма? 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
213
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет